2. Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі.
Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға,
фирма қызметінің
жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.
Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар
экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін.
Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
-кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік
дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін тӛмендетеді;
-дамудың сандық және сапалық кӛрсеткіштер түріндегі бизнестің
болашағын анықтайды;
-фирманың потенциалды инвесторлар жағынан кӛмекті қамтамасыз ете
отырып, олардың ықыласын және
қызығушылығын тартады;
-жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға кӛмектеседі, мекемеге және
оның жұмыс ортасына деген болашақта кӛзқарасын дамытады.
Бизнес-жоспар
инвесторлар
және
кәсіпкерлер
арасындағы
келіссӛздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Кӛбінесе
бизнес-жоспар шетелдік фирмалармен келіссӛздер жүргізу үшін қажет.
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде
бизнестің жоспарлық қызметінің саласына техникалық-экономикалық
дәлелдеуді бірте-бірте ығыстырады. Онда фирма қызметінің ӛндірістік және
нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі
және сыртқы аспектілеріне
сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.
3.Бизнес-жоспардың
негізгі
бөлімдерінің
мазмұны
және
сипаттамасы.
Ең алдымен бизнес-жоспарды құрастыруға кірісу үшін қажетті
ақпараттың барлық жиынтығын алуымыз керек. Бизнес-жоспардың құрамы
мен мазмұны шектелмеген. Ол 6, 8, 10, 18 және тағы басқа бӛлімдерден
түруы мүмкін. Бизнес-жоспар қаржы-экономикалық іс-әрекетте тиімді
кӛрсеткіштерге жетуге бағытталған жоспардың бір түрі.
1 бӛлім – Кәсіпкерлік іс-әрекеттің алға қойған мақсаты. Кәсіпкерліктің
негізгі мақсаты – пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып,
қанша, қандай кӛлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет.
Сонымен бірге, бұл бӛлімде басқа да мақсаттар кӛзделеді:
әлеуметтік
мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді кӛбейту, экономикалық
жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар қалыптастыру, ғылыми-
техникалық, ағартушылық потенциалды үлғайту; іскерлік және халықаралық
қарым-қатынасты нығайту; кәсіпкердің статусын кӛтеру,
кәсіпкердің
экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар –
шетелдермен қарым-қатынас жасау; әр түрлі ассоциацияларға мүше болып
кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты – әр түрлі қайырымдылық жұмыстар
кӛрсету.
II бӛлім - Бизнес-жоспардың негізгі кӛрсеткіштері. Түйіндеме. Бұл
негізгі бӛлім болып есептеледі және мынадай бӛліктерден тұрады:
-басты мақсат
-ӛнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері
-қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері
-жобаны орындау мерзімі
-шығындар кӛлемі
-болжаулы тиімділік
пен соңғы нәтижелер
-нәтижелерді қолдану аясы
Негізгі жалпы кӛрсеткіштер:
-ӛндіріс пен шығарған ӛнімді сату кӛлемі
-пайда түсім кӛлемі
-ӛзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат
-рентабельділік
Арнайы кӛрсеткіштер:
-сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және
ерекшеліктері
-салымдардың қайтарымдылық уақыты
-жоспарланған нәтижелерге
жетудің кепілділігі
III бӛлім – Тұтынушыларға жеткізілетін ӛнімдер мен атқарылатын
қызметтердің мінездемесі. Бұл бӛлімнің кӛрсеткіштері:
-ӛнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
-кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға
сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
-кәсіпкерлік ӛнімді сату бағасының болжамы
IV бӛлім – Сату нарығын, сату кӛлемін талдап, бағалау. Бұл бӛлімде
ӛндіріс кӛлемі, сату кӛлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп,
бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.
V бӛлім – Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары.Кәсіпкерлік
бағдарламаға – маркетинг, ӛнім шығару, ӛнімді сатып алу, сақтау,
тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет кӛрсету жатады.
Ұйымдық
шараларға
–
бизнес-жоспардыорындауды
басқару,
жобаны
басқарудың
ұйымдық құрылымы, орындаушылардың іс-әрекетін қадағалау,
еңбекақының арнайы формаларын ұйымдастыру шаралары, кадрларды
дайындау, есептеу және бақылау жатады.
VI бӛлім – Ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл бӛлімде ресурстардың
түрлері және кӛлемі жайында және ресурстарды
қолдану әдістері жайлы
анықтама беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар,
еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.
VII бӛлім – Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бӛлімі,
мұнда кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі
кӛрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік кӛрсеткіш жатады. Сонымен
қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.