16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз



бет6/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

24. Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Əкімшілік қүқық бұзушылық ұғымы мен белгілері. Қазақстан Республикасының əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 25 бабына сəйкес əкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнəлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) əрекетi не əрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы əрекетi не əрекетсiздiгi əкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
Егер əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзiнiң əрекетiнiң (əрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе жəне осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, əкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.
Егер əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз əрекетiнiң (əрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған жəне көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс жəне солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, əкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
Егер құқыкбұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген зандарға сəйкес қылмыстық жауаптылыққа əкеліп соқтырмайтын болса, онда ол үшін əкімшілік заң нормаларымен жəне басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған əкімшілік жауаптылық пайда болады.
Əкімшілік құқықбұзушылық əкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қарастырылған, белгілі əрекеттерді жасауға тиым салатын, қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіретін əрекеттер.

Əкімшілік құқықбұзушылықтың негізгі белгілері:


    1. Құқыққа қарсылық, яғни құқық нормаларын бұзатын əрекеттер мен əрекетсіздіктер жасау.

    2. Кінəлілік, яғни құқыққа қарсы əрекеттер мен əрекетсіздіктерді қасақана немесе абайсыздықта жасау.

    3. Жазаланушылық, яғни белгілі əрекеттер мен əрекетсіздіктер тек заң нормаларында ғана қарастырылған жағдайда əкімшілік құқықбұзушылық деп танылып əкімшілік жауаптылық пайда болады.

    4. Кінəсіздік презумпциясы бұл өзіне қатысты əкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған тұлға өз кінəсі əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделегн тəртіппен дəлелденбейінше жəне өз өкілеттігі шегінде істі қараған судяның, мемлекеттік басқару органының немесе оның лауазымды тұлғасының заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінəсіз деп есептеледі.

Ешкім өз кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес жəне кінəлілікке келтірілген кез-келген күдіктер өзіне қатысты əкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған түлғаның пайдасына түсіндіріледі. Сонымен қатар, əкімшілік құқықбүзушылық туралы зандарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет