16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


)Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес емес ;  2



бет3/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

1)Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес емес
2)заңдылық күші бар сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектелген болып танылғандар
3)Заңдылық күші бар сот шешімімен белгілі бір анықалған мерзімге дейін мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылғандар
4)Заңда қарастырылған басқа жағдайларда. ҚР –сы президентінің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту,мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005ж. 14-сәуірдегі жарлығында мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізудің айқындығын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірлеу тапсырылған болатын.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет немесе қызметін тоқтатқаннан кейін жаңадан қабылданған,сондай-ақ жоғары дәрежелі санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Конкурстық камиссияның оң қорытындысын ала алмаған конкурсқа қатысушылар, камиссиямен мемлекеттік қызметке ұсынылғандар,аталған агенттік және оның аумақтық бөлімшелері құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.Кадр резервіне алынған азаматтар біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және өздерінің келісімен әкімшілік қызмет лауазымдарының тиісті немесе төменгі санаты лауазымына бір жыл ішінде конкурстан өтпей тағайындала алады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін уәкілеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері: 
1)конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық камиссия кадр резервіне алуға ұсыным берген
2)мемлекеттік тапырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен
3)Кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік орргандар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген
4)атестациялаудан өткен және атестациялық камиссиялар кадр резервіне алуға ұсыным берген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын азматтардан жасақтайды.
Кадр резервіне алынған адамның резервте тұруы бір жылдан ұзақ болмайды. ҚР-ның әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік немесе саяси қызметке кіргенде ант береді.Анттың мәтіндері мен оны берудің тәртіптері президенттің жарлықтарымен бекітілген.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оқтын-оқтын атестациялаудан өтеді.Оның мақсаты – қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін,құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет