16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


Басқарудағы әкімшілік шарттың ерекешеліктерін сипаттаңыз



бет5/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

22. Басқарудағы әкімшілік шарттың ерекешеліктерін сипаттаңыз
23. Басқару актілерінің құқықтық сипатын көрсетіңіз.
Басқарудың құқықтық актісі — бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын, мемлекеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген төртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.
Мемлекеттік органдардың актілерінің жалпы белгісі — басқару актісінің құқықтық сипаттамалығында. Басқару актісінің заңдылық сипаттамасы — оның басқару сұрақтарында мемлекеттік-биліктік құқықтық шешім болады.

  • бір жақты тәртіпте қолданылады;

  • қажетті мінез-қүлық ережелерін бекітеді және нақты басқарушылық қатынастарды реттейді. Соңында құқықтық қатынастардың басталуы, өзгеруі немесе аяқталуы көрініс табады. Демек, басқару актісі, басқару аясындағы абстрактілі және нақты қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл мағынада мемлекеттік басқару актісі реттеуші акт болып саналады;

  • шығармашылық сипаттамаға ие, өйткені ол басқарушылық істер мен сүрақтарды тиімді шешуге бағытталған. Істі шешетін басқару субъектісінен шығармашылық және ғылыми әдіс-амал, фактілігі, мәліметтерді есепке алу және терең талдау қажет етіледі.

  • басқару субъектісі басқару актісін тек қана құқықтық норма белгілеген тәртіппен өзінің өкілеттік шеңберінде қабылдайды. Мұндай тәртіп негізінен әкімшілік-процессуалдық нормалармен реттеледі, мысалы, Үкімет қаулысы тек алқалы тәртіпте және кворум болған жағдайда қабылданады.

Басқару актілерінің заңдылық мағынасы көп жақты: олар құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды (бұл жерде басқарудың нормативтік актілері туралы сөз болып отыр); басқару субъектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе белгілі құқықтарға ие етеді (мысалы, басқару аясында қандай да болмасын әрекеттерді жасауға міндеттейді, ҚР ішкі істер Министрі республика аумағында орындауға міндетті актілер (бұйрық) шығарады). Басқару актілері заңды фактілер ретінде, яғни басқару аясында құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе аяқталуына негіз болады (мысалы, ҚР азаматын ҚР ІІМ-нің кадрлар қатарына енгізу, қызметтік қатынастарды туғызуға заңды факт ретінде қабылданады).
«Нормативтік құқықтық акт» ұғымы бұл жұмыста ресми заң құжаты ретінде қарастырылған. Құқықтық актілер әртүрлі, олар басарудан маңызды рол атқарады. Заң нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөледі.
Негізгілерге жататындар: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;Қазақстан Республикасы Призидентінің конституциялық күші бар жарлықтары және Президенттің басқа нормативтік құқықтық жарлықтары; Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары;Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары; Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.
Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады: 1) регламент; 2) ереже; 3) қағида; 4) нұсқаулық. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері Құқықтық актілер басқару органының басқару деңгейіне қарай былайша бөлінеді: жалпы; салалық (салааралық); аймақтық (жергілікті); локальдық (ұйымшілік). Жалпы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының құрылымын, билікті субъектілер мен орындаушылардың іс-әрекет ережелерін белгілейді.Жалпы нормативтік актілер арасында Республика Президенті актілерінің маңыздылығы басым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет