16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен белгілерін сипаттаңыз



бет9/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

27. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен белгілерін сипаттаңыз.
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады
Сонымен әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін қорытынды ретінде қайтадан тізбелесек, олар мына келесідей көрініс табады:
1. теріс қылықтың қоғамға қауіптілігі;
2. теріс қылықтың құқыққа қайшылығы;
3. теріс қылықтың кінәлілігі, яғни қасақана не болмаса абайсызда жасалуы;
4. теріс қылықтың зияндылығы, яғни зардаптың болуы;
5. әрекет не болмаса әрекетсіздік түрінде жасалған теріс қылық пен келтірілген зардаптың арасындағы себептік байланыстың болуы;
6. теріс қылыққа қатысты тиісті жазаның болуы.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау кезінде кінә қасақаналық нысанда, сондай-ақ абайсыздық нысанында да көрініс табуы мүмкін. Құқық бұзушының кінәлі болуы әкімшілік теріс қылықтың өте маңызды әрі қажетті белгісі болып табылады. Кінәлы әрекет немесе әрекетсіздік тұлғаның еркіне, санасына сай іс-қимылдары болып есептелінеді. Кінәлы әрекеттерге: құқықтық әмірлі талап түріндегі міндеттерді көріп-біле тұра орындамау және нақты белгіленген ережелерді, стандарттарды, нормаларды әдейі орындамау жатады.
Ал әрекетсіздік тұлғаның өзіне жүктелген міндетке орай орындалатын немесе орындалуға тиісті іс-қимылдарды түрлі себептерге, не болмаса құлықсыздықтарына байланысты орындамаулары болып табылады.
Әкімшілік жазалану да әкімшілік құқық бұзушылықтың басты белгілерінің қатарынан өзіне тиісті орнын алған. Жоғарыда сан рет қайталанған нақты әрекет не болмаса әрекетсіздік – тек оларды жасағаны үшін заңдарда әкімшілік жауапкершілік көзделген жағдайда ғана әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік жазалану белгісі әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға байланысты туындайтын теріс іс-қимылмен (тәртіппен) тығыз байланысты болады.
Әкімшілік теріс қылықтардың өте кең таралғандығына және әралуандылығына байланысты оларды жүйелеп топтастырудың бірыңғай критерийін табудың өзі қиынға соғады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылықтардың айтарлықтай тұрақтылығы мен қайталанатындығын, құқықтық реттеудің бірыңғайлығын сипаттайтын белгілердің жиынтығын біріктіретін кешенді критерийлер болатынын айтуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет