16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


ҚР заңнамасы бойынша мемлекеттік қызмет өткеруді әкімішік-құқықтық реттеу негіздерін көрсетіңіз



бет2/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

20. ҚР заңнамасы бойынша мемлекеттік қызмет өткеруді әкімішік-құқықтық реттеу негіздерін көрсетіңіз.
Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейінгі атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрніс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірнен бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады.
Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін ( ережелерін, шарттарын ) белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді.
Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызтын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер. Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР – сы азаматының құқығы бар. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сай келген жағдайда мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу олар міндетті түрде арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не президент шешімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялағаннан кейін өткізеді. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган үміткерлерді бос лауазымдарға орналасуды жүзеге асыратын конкурс комиссиясын құрады.Бұл комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымына орналасуға немесе мындай лауазымға кіруге бас тартуға негіз болып табылады. Конкурсқа жасы 18-ден төмен емес ,қажетті білімі,кәсіби даярлық деңгейі бар және белгіленген талаптарға сәйкес ҚР-ның барлық азаматтары қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жіберілмейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет