26. Әкімшілік жазаның ұғымы және мақсаттарына сипаттама беріңіз. Əкімшілік құқық пəнінде жаза қолдану ұғымын өкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның əкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпал ету шарасы деп түсінуге болады. Əкімшілік құқық нормасы қандай да бір əəекетке əкімшілік- құқықтық тыйым белгілейді жэне сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінəліге жаза қолданылады. Əкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты əкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді. Олар əкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тəуелді актілермен жəне оның нормаларымен бекітіледі. Демек, əкімшілік жазалардың жеке нормативтік-құқықтық жүйесі бар. Əкімшілік жазалау нормалары жеке əкімшілік құқық, институтын қалыптастырады.
Əкімшілікжазалардыңтүрлері. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сəйкес əкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:
ескерту жасау;
əкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты тəркілеу;
арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жүргізу құқығынан);
берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куəліктен) айыру, яғни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір əрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядан айыру;
тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызылып жатқан құрылысты мəжбүрлеп бұзыптастау;
кəсіпксрлік кызметін тоқтата тұру немесе оған мұлдем 1 тыйым салу;
əкімшілік қамауға алу;
азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті Қазақстан Республикасының (территориясынан) аумағынан əкімшілік жолмен шығарып жіберу (департациялау).
Əкімшілік жазаларды қолдану ережелері.
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 61-бабына сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мəн-жайларға мыналар жатады;
- кінəлі адамның шын өкінуі;
- кінəлі адамның залалды өз еркімен өтеуі немесе, келтірілген зиянды жоюы;
- əкімшілік құқық бұзушылықты кəмелетке толмаған адамның жасауы;
- əкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан күйзелісінің нəтижесінде немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасауы:
- əкімшілік құқық бұзушылықты күш колдану немесс мəжбүрлеу арқылы жасау;
- əкімшілік құқық бұзушылықты жүкті əйелдің немесе 31 жасқа дейінгі баласы бар адамның жасауы;
- əкімшілік құқық бұзушылықты құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, қажетті қорғану шарттарын бұзған, бұйрықты не өкімді орындау барысында жасау.
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстіц 65-бабына сəйкес əкімшілік жазалардың мерзімі жылдармен, айлармен нмесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Əкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң жеке адамға қарсы əкмшілік жаза қолдануға болмайды, ал əкімшілік құқық бұзушылықты қоршаған ортаны қорғау саласында жасаса – 6 айдан кейін, салық салу саласында жасаса - үш жыл өткен соң əкімшілік жауапқа тартылмаған деп санауға болатын мерзімді де белгіленген.
Заң шығарушы іс бойынша қабылдануы мүмкін қаулылардың мынадай түрлерін белгілейді:
1 ) əкімшілік жаза беру туралы;
іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;
Өзіне қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы дайындалған адам, сонымен қатар жəбірленуші, қаулыға шағым келтіруге құқылы. Өкілетті органның қаулысына шағым не жоғары тұрған органға, не сотқа беріледі. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым қаулы шыққан күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Шағымды немесе наразылықты қараған орган, шығарылған қаулының заңдылығын жəне дəлелділігін тексергеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:
қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында көзделген мəн- жайлар дəлелденбесе – қаулыны бұзу жəне істі қысқарту туралы;
қаулыны бұзу жəне іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы;
егер шағымды, наразылықты қарау кезінде қаулыны өкілеттік берілмеген судья, орган шығарғандығы анықталса, онда қаулыны бұзу жəне істі тиісті ведомстваның қарауына жіберу туралы.