1894 – 1938 ғалым, ұстаз, публицист


Сұлтанбек туралы естеліктер



бет3/4
Дата14.05.2024
өлшемі14,83 Mb.
#202127
1   2   3   4
Байланысты:
С. Кожанов. слайд

Сұлтанбек туралы естеліктер:
«Сұлтанбектің қадір-қасиетін арттырар ісі - Абай мен Ахметтің қазақ әдеби тілін жетілдірудегі еңбегін, Мағжанның ақындық құдіретін жұрттан бұрын танығаны, асқақ бағалағаны»,-деп жазады профессор Т.Қожакеев.
Қайратты азаматты жақсы білетін белгілі журналист Ж.Бектұров: «С.Қожанов секілді алғыр, жігерлі, халықтың қамын ойлайтын, тілі өткір, беделді басшы қызметкерлерді доптай домалатып, аяқ-қолын жерге тигізбей айдатып, бір орында көп отырғызбайтын мықты бір күштің болғандығы ақиқат»,-деп жазған.
Ә.Қоңыратбаевтың айтуынша, «сөзге тапқыр, кең тұлғалы кісі. Қызыл тілге келгенде мен ондай шешен адамды көрген емеспін. Ашуы жоқ, мінезі дарқан, сөздерін тастай етіп айтатын арыстаннан туған кемеңгер адам еді».
Сұлтанбек Қожанов – әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры
Сұлтанбек Қожанов Ахмет Байтұрсынұлына “тіл тазартуға тынбай еңбек қылып келе жатқан, амал мәселесін іс жүзінде шешіп, тіл құралдарын жазып, қазақтың ұлт мектебіне негіз қалап, ұлт мәдениетінің түп қазығын мықтап қағуына еңбегімен себеп болған, қазақ ұлт мәдениетінің бірінші қайраткері” деп жоғары баға берген. Ұлт ұстазының 50 жылдығын Ташкентте өткізіп, “Ақжолда” мақалаларын жариялады.
Мағжанның кітабына жазған алғысөзінде: “М.Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап басып отырмыз... М.Жұмабайұлының өлеңдері әдебиет тарихындағы соңғы 10-15 жылдағы ағымдарды тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз... М.Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағынан, әдебиет тану жағынан пайдасы көп болады деп сенеміз... Мағжан Жұмабаевтың Қазақстанда бастыра алмаған өлең, поэмаларын 1923 жылы Ташкент қаласында бастырды да, өзі кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспанға шығара мақтады
Өкінішке орай, аласапыран заманда кейбір адамдарда қорқақтық, енжарлық пайда болды. Бірақ 1937-1938 жылдарда кеткен отаншылдарымыз бірін-бірі әшкерелей ұстап берген жоқ. (Ондай да сөз тараған –Ж.С.). Сол уақытта НКВД органдары қазақ ұлтшыл антикеңестік ұйымдары туралы сөз көтеріп, аталмыш істі бұйрықпен әдейі ұйымдастырған. Бірінші тұтқындары С.Қожанов пен Т.Рысқұлов еді.
1937 жылы Сұлтанбек қырық үш жасында қылышынан қан тамған сталиндік жазалаушы саясаттың құрбаны болды. Өзінің бүкіл саналы өмірін халқының бақытты болашағы жолындағы тайталаста өткізген. Қожанов еліміздің тарихында аса ірі мемлекет қайраткері ретінде қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет