1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақ ұлттық басылымдарының дамуы («Айқап» журналы,«Қазақ» газеті)



бет67/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
36.Қазақ ұлттық басылымдарының дамуы («Айқап» журналы,«Қазақ» газеті).

36.Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. Айқап журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, – делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан “Қазақ” газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді. М.Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. “Айқап” төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты. Журналға А. Ғалымов, М. Жолдыбаев, Т. Жомартбаев, М. Кашимов, Қ. Кемеңгеров, М.Ж. Көпеев, А. Мұсағалиев, Б. Сыртанов, С. Лапин, Н. Манаев және тағы басқалар белсене қатысып тұрды. ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); ХХ ғ. басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917). Қазақ баспасөзінің даму тарихы Қазан төңкерілісінен кейін дами түсті. Төңкеріліс жылдарынан кейінгі басылымдар да бұрынғысынша ресми жəне ресми емес бағытты ұстанып қалды. Ресми бағыт ұстанған басылымдардың бірі, Кирревкомның органы болған 1919 ж. шыққан «Ұшқын» жəне 1920 ж. шыққан «Известия Киргизского края» газеттері. Осы екі газеттен «Социалистік Қазақстан» мен «Ка- захстанская правда» газеттері бастау алып, бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның республикалық басылым- дары — «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері арқылы жалғасын тауып отыр. Уақыт өте мерзімді басылымдардың идеялық мазмұны мен материалдық сапасы жоғарылап отырды. Газеттер мен журналдар бірнеше рубрикалармен берілетін болды. Бірақ олардың басым көпшілігі 1991 ж. дейін кеңестік идеологияға сəйкес жұмыс істеді. Тіпті атауларының өзі кеңестік идеологияға тəн болды. Мысалы, «Коммунист», «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан коммунисі» жур- налдары, «Правда», «Известия», «Социалистік Қазақстан», «Советтік Қарағанды», «Лениншіл жас», «Коммунизм таңы» газеттері т.с.с.1920–1930 жж. жарық көрген газет-журналдардың барлығы да халық шаруашылығын қалпына келтіру, жаңа экономикалық саясат тəрізді мəселелер көтерген мақалалар мен жаңалықтарды жария- лауда коммунистік партияның лениндік ұлт саясатына сəйкес жүргізді. Мысалы, 1931 ж. бастап шыққан Қарағандыдағы қазақ тіліндегі «Қарағанды пролетариаты» жəне орыс тіліндегі «Большевист- ская кочегарка» газеттері сол саясат негізінде жарық көрді. Екі газет те 1936 ж. бастап облыстық басылымға айналды, ал 1963 ж. бері бүгінгі атауы, яғни «Орталық Қазақстан» деген атпен белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет