1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


«Ор, ор қоян, ор қоян» жырының негізгі идеялық мазмұны



бет32/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

69. «Ор, ор қоян, ор қоян» жырының негізгі идеялық мазмұны.
Бұл жыр негізінен нақыл, өсиет түрінде жазылған. Орта ғасырлық көшпелі халықтың тіршілігі баяндалған. Жалпы, пенденің аулақ болуы керек қасиеттерін тізіп жазған. Мәселен, мақтаншақтықты айтып өткен. Жүйрікпін деп мақтанса, алдынан үлкен бір арланға жолығар деген.
70. Тәтіқара ақын шығармаларының зерттелуі
Тәтіқара ел бастаған көсем, батыр сонымен қатар жыраулық өнерінің беделі өкілі болған деседі. Абылай ханның ақылшысы болып хан сарайда тұрған беделді жырау. Олжабай
Бөгенбай батырлардың жорына қатысып сол уақытта мадақтап жауынгерлерді батылдыққа үйрету жайында жыр айта кеткен. 1756 жылдан бастап бірнеше жыраулары жинақталыр ел арасына тараған. Кеше тоқыраулы судың бойынан, Кебеже қарын кең құрсақ жырауларына осы уақыттан бастап ғалымдарымыз қызығып зерттей бастаған. Тіпті Шоқан Уалиханов осы жырларды оқи отырып нағыз ақын жыраудың шығарғаны деп дәлелдеп кетеді.
71. Шалкиіз толғауларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
Тәңірі өзі бермесе – «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас-Қандай жағдай болсада өзіңнің басындағы ризықтан асып ала алмайсын. Бір тәңіріден ғана сұрап адал жолмен ал менмендікпен ештеңе ала алмассын
Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай- Қу болсан тағылық жаман нәрсе үнемі саған бірінші жетіп отырады.
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық- Сөз тура мағынасында жеткізіліп тұр. Сенің ақылы жоқ білімсіз үнемі жамандық жақырып жүретін досыңнан қарағанда саған ақылды өмірдің шыңына дайындар дұшпаның артық.
Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай- Қу болсан тағылық жаман нәрсе үнемі саған бірінші жетіп отырады.
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер - Яғни адамды алға жетелерде артқа итерерде дос. Жақсы адаммен дос болсаң сені үнемі алға сүйрейді. Ал түсінігі жоқ ақылы таяз дос сені үнемі күлкіге қалдырып жүреді.
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер - Яғни адамды алға жетелерде артқа итерерде дос. Жақсы адаммен дос болсаң сені үнемі алға сүйрейді. Ал түсінігі жоқ ақылы таяз дос сені үнемі күлкіге қалдырып жүреді.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа-Сырыңды елге жайғың келмесе онда жаманға айтпа. Ал сырыңмен қосып сөз айтсаң ол сені күллі ғаламға сырыңмен қосып үстіне сөз қосып жариялайды.
73. Кебеже қарын, кең құрсақ атты жырдың мазмұны ерекшелігі
Соғыс кезіндегі оқиғаны бір сарнап кететін жырау. Шығарманың мазмұны хан мен жырау арасындағы қатынасқа негізделген. Ал қалған тұсы қытаймен соғыс туралы баяндалған. Мазмұндық ерекшелігі Соғыс кезіндегі ханның бейнесі ұрыс алаңында болған оқиғаларды дәлме дәл бейнелеген.
Мысалы мына бір жолдарында
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда
Ер Абылай қорыққан жоқ
Әншейін еңкейе бере жалысты - деген жерінде соғыс кезіндегі хан бейнесін сипаттап тұр.
Кебеже қарын кең құрсақ
Артық туған Абылай
Көтере біл бұл істі
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты
Бұл жерде қытай әскері шауып басып жатқандағы ханға берген кеңесін айтады.
74. Ақтамберді толғауларындағы ақыл-нақыл сөздер
Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін- Әркім өзінің бағы бақыты үшін тырысып жақсы жол іздейді. Өзін сол баққа теңеп лайықты санап сол арқылы бақыт табады.
Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелей
75.Ашу – дұшпан болғанда, нәпсі – жауың,
Ақыл тұрған алдың да асқар тауың. Осындағы көркемдік нақыш.
Ашу — дұшпан болғанда, нәпсі — жауың,
Ақыл — тұрған алдында асқар тауың,
Жүрекке ашу келіп толған шақта,
Денеңнің біле алмассың ауру-сауын
Нәпсі жауың метафора
Асқар тауың метафора
Кезектес ұйқас
76. Бұл айтыста Көтеш өзінің ерекше шығармашылығын көрсетеді. Бұл айтыстың басқа айтыстарға қарағандағы ерекшелігі ақындар әдеттегідей жарысып бір біріне тиіспей Көтеш өзінің ақылмен бөлісіп нақыл сөздерімен айтысады. Бірақ арсыз қыз Көтештің нақыл сөздеріне қарсы шығып қарсы сөздер айтады.
Сенен сұраппеді ақыл сөз
Білерміз көргеніміз болар жайт деп әр сөзіне қарсы сөздер айтып отырады. Сонда Көтеш-
Баладан болар білем ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр тұр тажалымыз.
Бұл сөздерді естіген шайпау келін атасын тағы қиянаттайды. Сонда ашынған Көтеш оған да өлеңмен жауап қайырады. Көтештің шаруасы шағын адам болғандығы көрінеді. Ел әңгімелеріне қарағанда ақын өмір бойы кедейшіліктің тақсіретін тартып өтіпті. Алайда тұрмыс талқысының қатаңдығына қарамастан ол ешқашан мал үшін жағын жалдап, тілін беземеген, тіленшіленбеген. Бұл – Көтештің арлы ақын болғандығын көрсетеді.
Ежелгі дәуірлерден келе жатқан адам өмірінің жас кезеңдері жөнінде туындылар жасау дәстүрінің Көтеш шығармаларында да көрінісі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет