1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


«Қидасын кәрі жілікті» қай жыраудың шығармасынан, мағынасын түсіндіріңіз?



бет35/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

84. «Қидасын кәрі жілікті» қай жыраудың шығармасынан, мағынасын түсіндіріңіз?
Бұл сөздер Ақтамберді жыраудың шығармасынан алынған болатын. Жалпы «Кәрі жілік» дегеніміз қазақ мал сойғанда оны 12 жілікке бөлшектейді. Сол бөлшектердің бірі - кәрі жілік. Етті, өте мығым, оңайлықпен шағылмайтын қатты сүйек болғандықтан оны тұрмыстық дүниелерге пайдаланады және оған қатысты түрлі наным бар. Қидасын дегеніміз көнерген сөз есебінде жүреді және оның мағынасы жылқы сүйегінің бекуі, шынығуы болып саналады.
85.«Боташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай» - деп жырлаған кім? Қандай көркемдік тәсіл қолданған?
Қазтуған жырау бұл өлеңінде Еділ өзенін мадақтаған. Қазтуған толғауларының негізгі тақырыбы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері болып келеді .Жырау толғауларында теңеу сөздерді жиі қолданған. «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауында жырау былай деген. Мысалы,
...Боташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай
деген жолдарда бұзаудай, тоқтыдай деген теңеу сөздер қолданылған.

86. «Белгілі биік көксеңгір» жырының идеялық мазмұнын түсіндіріңіз.
Қазтуғанның бізге жеткен санаулы өлеңі бар.Соның бірі «Белгілі биік көксеңгір», - деп тебірене жырлаумен қатар, туған жерге деген сезімі, терең махаббаты сезіледі, оған деген сүйіспеншілігі ерекше бөлек. Бұл шығармаларының өзі-ақ Қазтуған жыраудың қазақ әдебиеті тарихының төрінен орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде және өзіндік сипатқа толы болғанын аңғартады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға толы, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары бірнеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. «Белгілі биік көк сеңгір» толғауында Қазтуған жырау батырларға тән қажыр-қайратын ұштап, намысын қайрап, елге дем беріп, рухтандыра түседі. Таудың əдемі көріністерін жырлап, адам туралы ойларға көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет