1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


«Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер» - деген жыр жолында автордың айтпақшы болғаны



бет36/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

87. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер» - деген жыр жолында автордың айтпақшы болғаны.
Асан қайғының ел ішінде кең танымал сөздерінің бірі – «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер…» деп басталатын толғау. Жыраудың елге белгілі бұл сөздері ұзақ толғаудың бір үзігі болуы да ықтимал. Десек те, жорамал жетегінде кетпей, қолда бар мәтінге сүйене отырып, жыраудың ой-мақсаты жайында ой өрбітіп көрелік.
Риторикалық сауал үлгісінде келетін бұл толғаудың төрт жолы бірдей құрылымда, яғни жоғарыда берілген алғашқы тармақтың үлгісін сақтай отырып, берілген. Осы бір ғана шумақты екі түрлі оқып, екі түрлі мағынада қабылдауға болады. Бұл үшін әр тармақты іштей логикалық екі бөлікке бөле оқып, мағыналық өзгерістеріне назар аударған абзал. Осылай еткен жағдайда бұл толғау мынадай үлгіде көрінеді: Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер? Шыбын шықса, жаз болып, таздар қайтіп күн көрер, Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн көрер?
Әр тармақтағы логикалық бөлікке логикалық екпіннің қалай түсуіне байланысты тармақ мағынасы өзгереді. Бірінші жағдайда тармақтардың алғашқы бөлігі нақты объектіге тікелей қатысты проблеманы көрсетіп, тұтастай көркемдік мазмұнға пессимистік бояу үстейді. Толғаудың пессимистік мәнде қабылдануының тағы бір себебі – «қайтіп күн көрер?» деген сауалмен аяқталуы. Осыған орай, шығарманы тығырыққа тірелген жыраудың жан айғайы іспетті қабылдауға болады және осылай қабылдап та жүрміз.
Әйткенмен, толғауды басқаша мәнде де түсінуге болады. Жоғарыда айтқанымыздай, әр тармақтың алғашқы бөлігі нақты проблеманы көрсетеді. Алайда, бұл проблемаларды шешуге адам баласының құдірет-күші жетпейтіні анық. Өйткені құланның құйрық-жалы, жыланның аяқ-қолы жоқтығы да, жылына бір рет жаз болып, шыбын шығатыны да, қаздардың жалаң аяқ жаралатыны да және олардың адам қалауымен өзгеріп кетпейтіні де – шындық. Ендеше, жырау адам баласы өзгерте алмайтын жағдайды неліктен проблемаға айналдыруға тиіс?
Меніңше, жыраудың алға тартып отырғаны – проблема емес, жағдайдың өзі. Егер тармақтардың алғашқы бөліктерін жағдайдың көрінісі ретінде қабылдасақ, онда екінші бөлікті құрайтын риторикалық сауалдар әрі сауал, әрі соған берілген жауап болып шықпақ. Бұл жағдайда әр тармақтан «Құйрығы жоқ, жалы жоқ болғанымен, құлан да күн көріп жүр» деген үлгідегі жауаптарды табуға болады. Бұлай түсінген жағдайда толғау әлдебір қиындыққа кезіккен елдің еңсесін көтере жігерлендіруге бағытталған оптимистік туынды ретінде қабылданады.Яғни өлеңнің түпкі мағынасында
күллі тіршілік иелерінің өмірі арқылы, адамның өз руынсыз, хандықсыз күн көре алмайтынын бейнелі суреттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет