1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Бұқар поэзиясы және әлеуметтік таным



бет29/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

62. Бұқар поэзиясы және әлеуметтік таным.
Бұқар шығармаларында басынан өткеріп отырған кезеңнің құбылыстары, дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен жұрт дәурені терңінен жырлайды. Ондағы басты ой ел бірлігі мен ынтымағын күшейту. Өзінің жыр-толғауларымен жалынды күрестің жыршысына айналды. Сол үшін Абылайды бірден-бір қажетті адам ретінде көріп, оған халық бірлігін сақтап калатын тұлға тұрғысында үлкен сенім білдірген.
Бұқар ел бақыты үшін өлімге өмірін тігіп, ерліктің үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты, алғырлығы мен білгір адап тұлғасында сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың? », «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол жұрт болашағы мен татулықтарын сөз еткен. Толғауларының поэзиялық ерекше қасиеті менсөз қолдану аясы да өзгеше.
Бұқардың ержүрекпенен ынжықтың, әділдік пен азғындықтың кезінде Абылай хандай басшының жанында болып, ұлы жеңістерге жетіп, қаһармандықтың бейнесін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай көрсеткен поэзия, ұлы мұра
63. «Буыршын» сөзі қай жырау шығармасында кездеседі, мағасын түсіндір?
Сүйінішұлы Қазтуған (Мадақ жыры)
Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура.

64. Қазтуған жырындағы табиғатқа деген сүйіспеншілік.
Қазтуғанның бізге жеткен санаулы өлеңі бар. “Мадақ” жыры, “Алаң да алаң, алаң жұрт”- деп тебірене жырлаумен қатар, туған жерге деген сезімі, терең махаббаты сезіледі, оған деген сүйіспеншілігі ерекше бөлек. Адамға ең ыстық – Отаны, ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып өскен елі, жері. Сондықтан да жырауға Еділ қымбат, Еділді қиып тастауы мүмкін емес. Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ, бұл сезімде тіпті фәнилік емес бірдеңе бар.
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менім ордам қонған жер,
Жабағалы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт
Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы. Бұл поэзия номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын көрсетеді, оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген табиғат туралы түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет