59.ШығысҚазақстанның Қазақстан тарихындағы рөлі. 2017 жылдың 12 сәуірінде Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғырту» мақаласы жарияланды. Бұл мақалада «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» атты жобаны құру туралы туралы елбасы «Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек деген пікірін айтады. «Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай. Абай заманында Әнияр Молдабаевтың үйі болған. Абай Семейге келген сапарында осы үйге келіп тоқтайтын болған. Әнияр Молдабаев 1856-1934 жылдары аралығында өмір сүрген Абай ауылының азаматы, Шыңғыс болысы, Тобықты ішінде Әнет руынан шыққан.Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі(ШҚО Семей қ.)Ф. М. Достоевскийдің әдеби–мемориалды мұражайы орыс жазушысы Ф.М. Достоевский туғанына 150 жыл толуы қарсаңында 1971 жылы құрылған. Мұражай жартылай ашылған кітап пішінінде бұрынғы жазушы тұрған (1857-1859) екі қабатты ағаш үйге жапсарлас ғимаратта орналасқан. Мұражайдың кіре берісіне Достоевский мен Ш. Уәлихановтың достығын бейнелейтін қоладан құйылған мүсін қойылған.Ырғызбай Ата кесенесі (Шығыс Қазақстан облысы)Досқанаұлы Ырғызбай әулие 1787 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қапанбұлақ станциясының маңындағы Қарақия тауында дүниеге келген.Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Найман ішіндегі Мәмбетқұл (Қыржы) руынан шыққан. Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ол аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Берел қорымы (Шығыс Қазақстан облысы)Қазақстанның қиыр шетінде орналасқан Берел қорғандары бүгінгі күні көпшілікке жақсы таныс.Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш.Қорым Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7-8 ш. жерде орналасқан. Шілікті алқабы (Шығыс Қазақстан облысы)Шілікті қорымы Зайсан ауданы, Шілікті ауылынан оңтүстік батысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Қоңыр әулие үңгірі (ШҚО)Жаз шыға Абай ауданы, Тоқтамыс ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан Қоңыр әулие үңгіріне ағылушылардың қатары бір толастамайды. Бірі сонау жердің түбінен Қоңыр әулие үңгіріне жанын қинаған дертіне дауа, еміне шипа іздеп келсе, тағы бірі осынау таңғажайып мекенді өз көзімен көріп, тамашалауға асығады. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары (ШҚО)– 10–11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар туралы алғаш жазған академик И.П. Фальк (1771).
Іс-шара барысында философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған осы кітаптардың тұсаукесері жасалды. Мамандар жаңа оқулықтар еліміздегі гуманитарлық білім мен ғылымды дамудың жаңа белесіне көтеретінін, сонымен бірге, жоба аясындағы кешенді жұмыстар қазақстандық аударма ісінің дамуы мен түпнұсқа тілден қазақ тіліне тікелей ғылыми аударма мектебінің қалыптасуына айрықша ықпал етіп жатқанын айтты. Басқосуда еліміздегі іргелі жастар ұйымдары «100 жаңа оқулықтың» тарихи маңызы, жаңа кітаптарды білім беру бағдарламасына енгізу және жалпы жоғары білім беру жүйесін заман талаптарына сай реформалау жөнінде үндеу жариялады.Мемлекет басшысы өз сөзінде «Рухани жаңғыру» аясындағы жобалардың қай-қайсысы да айрықша маңызды екеніне тоқталып, әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап өтті.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» отандық жоғары білімді дүниежүзінің ең озық тәжірибесімен таныстыра отырып, оны әлемдегі маңдайалды университеттер деңгейіне шығаруға жол ашатынын атап көрсетті.
Іс-шара барысында философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған осы кітаптардың тұсаукесері жасалды. Мамандар жаңа оқулықтар еліміздегі гуманитарлық білім мен ғылымды дамудың жаңа белесіне көтеретінін, сонымен бірге, жоба аясындағы кешенді жұмыстар қазақстандық аударма ісінің дамуы мен түпнұсқа тілден қазақ тіліне тікелей ғылыми аударма мектебінің қалыптасуына айрықша ықпал етіп жатқанын айтты. Басқосуда еліміздегі іргелі жастар ұйымдары «100 жаңа оқулықтың» тарихи маңызы, жаңа кітаптарды білім беру бағдарламасына енгізу және жалпы жоғары білім беру жүйесін заман талаптарына сай реформалау жөнінде үндеу жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |