2. Жеміс-жидекті стерилденген езбе.
Езбе дегеніміз жемістер мен жидектердің қабықсыз, талшықсыз, сүйексіз, дәндерінсіз үгітілген етті бөлшегі. Қойбүлдірген, қарылған, таңқұрай, мүкжидек, қара және қызыл бүлдірген және сиырбүлдірген Езбелерінде дәндерімен жасалуына, ал айва және алмұрт ботқасында қабықтары болуына рұқсат беріледі.
Езбе түсі және оның дәмі дайындалып жатқан жемістер мен жидектерге тән болуы қажет. Алма ботқасы ашық сарыдан крем тәріздіге дейін, ал өрік және шабдалы Езбесі ашық сарыдан қызғыш түске дейін болуы қажет.
Жоғары қабатының қою түстес болуына рұқсат және қатты фазасының бөлінуі 5 мм-ден қалың болмайды. Езбе кәсіпорынға сыйымдылығы 3 және 10л шыны ыдыста жіберіліп отырады.
Езбенің физика химиялық көрсеткіштер төменде көрсетілген:
Езбеде ҚЗ құрамы (рефрактометр көрсеткіші бойынша), %-дан жоғары болуы қажет:
айва, сиырбүлдірген, алмұрт, қара өрік, шабдалы, қара бүлдірген
және алманың кешпісетін сорттарында........................................................10,0
ерте пісетін алма сорттарында ..........................................................................9,0
өрік, шие, қызыл шие.......................................................................................12,0
қызамық, голубика, құлпынай............................................................................7,0
қызыл бүлдірген, тұшала,мүкжидек,таңқұрай,қарылғанда.............................7,0
қатты минералды заттардың құрамы (құм), %-дан аспауы қажет...............0,03.
Езбені повидло, балмұздақ, кондитерлік бұйымдар өндірісінде қолданады.
Езбені 0-200С температурада және ауаның қатынасты ылғалдылығы 75% -дан жоғарыламайтындай етіп сақтайды. Жеміс-жидекті езбе өнеркәсіптік өңдеу үшін консервіленген түрінде де шығарылады. Оның консервіленуі үшін күкірт диоксидін, натрий бензоатын немесе сорбин қышқылын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |