4. Жеміс-жидекті джем
Джем сүйектері мен жеміс таяқашаларынан босатылған алмадан, алмұрттан, қара өріктен, шабдалыдан, мандариндерден, өріктерден және т.б. жемістерден дайындалады.
Джемді дайындау үшін жаңа піскен, мұздатылған немесе сульфиттлеген жемістер қолданылады. Оларды бөлікшелерге немесе жартыға кеседі және тағам пектинін не желирлеуші шырындарды қоса отырып немесе қоспастан дәмді масса түзілгенге дейін қантпен қайната-суалтады.
ҚЗ құрамы (рефрактометр бойынша), %-ан төмен болмайды:
стерилденген стерилденбеген
Шие, мандарин, қызыл және
қара бүлдірген джемінде 68 70
Қалған джемдерде 62 68
Нақты дәмді сапалы джем алу үшін оны дайындау кезінде лимон немесе шараптасты қышқылы қосылады. Джемді консервілеу кезінде сорбин қышқылын қолданады.
Джемді жоғары және I сортты, стерилденген және стерилденбеген деп өндіреді. Консистенциясы бойынша - бұл аса қантталмаған желетәрізді жағылмалы жемістер массасы, ағып кетпейді, ал кейбір жемістер түрлерінен алынатын джем үшін көлденең бетте жай таралатын болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |