Өткір, ұшты заттарды беру ережелері:
Жарақаттануды болдырмау мақсатында инженерлік қорғаныстары бар қауіпсіз құрал –саймандар:
Пациенттің қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғатын вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қауіпі жағдайларындағы мейірбике жұмысының ерекшеліктері
Манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттар мейірбикенің терісіне, көздің шырышты қабығына, мұрынның шырышты қабығына, бет терісіне, киіміне түскен кезде апат жағдайдағы қобдиша қолданылады.
Апат жағдайдағы қобдиша
Қобдиша құрамына кіреді:
Крафт пакеттегі таңу материалы, стерильді мақта тампондары, турундалар.
Крафт пакеттегі тамызғыштар - 4 дана.
Ерітінділер үшін стерильді ыдыс - 3 дана.
Ундинка (көз жууға арналған стакан)- стерильді 2 дана.
70% этил спирті – 100мл.
5% йод -10 мл.
0,05% калий перманганаты- 10мл
1% проторгол
6% сүтегінің асқын тотығы- 100мл
Резеңке саусаққап-2-3 дана
Бактерицидты лейкопластырь-2-3 дана
Қайшы
Манипуляцияны орындаған соң мейірбике міндетті түрде орындауы қажет:
Құрал-жабдықтар және таңу материалдарын дезинфекциялау (көрсетілген дезинфекциялық ерітінділердің біреуімен):
3% хлораминде -60 минут;
1,5% гипохлорид кальций -60 минут:
4% сутегінің асқын тотығы -20 минут.
Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында тазалау, дайындау және залалсыздандыру.
Манипуляциядан соң жұмыс үстелін 3% хлорамин ерітіндісімен (2 рет) немесе басқа ұсынылған ерітіндімен өңдеу.
Дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыста қолды жуғаннан соң, резеңке қолғаптарды шешу.
Резеңке қолғаптарды дезерітіндіге салып қою.
Халат, бет пердені шешіп, лас киімге арналған резеңке қапқа салу.
Қолды ағып тұрған судың астында сабынмен (2 рет) жуу, құрғату.
Ескерту: Жұмыс үстелі манипуляция кезінде қанмен ластанса 6% сүтегінің асқын тотығы ерітіндісі және 0,5% жуушы ерітіндіге малынған шүберекпен (2 рет – арасы 15 минуттан) өңдеу қажет.
Жұмыс аяқталғаннан соң жұмыс үстелі 2 рет 3% хлораминмен өңделеді, шүберек 3% хлораминге 60 минутқа салып қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |