1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жəне олардың түрлері. Жалпы ұлттық өнімді есептеу əдістері



бет13/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)

3.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жəне олардың түрлері. Жалпы ұлттық өнімді есептеу əдістері.
ЖҰӨ – бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде жəне басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлт- тық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан тау- арлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының та- бысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді.
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, олар халықтың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми- техникалық прогрестің жəне экономикалық өсудің жағымды жəне жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық, таза экономикалық əл-ауқат жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты көрсеткіштер анықтайды.
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономика- лық агенттердің табыстары қосылады.
ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A
мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) жəне жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары.
R – рента жəне арендалық төлемақылар түріндегі табыстар.
r – жинақтаудан түсетін пайыз.
T – кəсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалар-
дан алынып мемлекетке түседі.
A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған
өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да, қайтадан қай- тарылады.
Ұлттық есепшоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэко- номикалық көрсеткіштер экономикалық əрекеттердің бір жыл ішіндегі жəне сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нəтижелерін сипатайды, сондықтан бұл көр- сеткіштер атаулы мəнге ие болады.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен əсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) жəне нақты деп бөлеміз.
Атаулы ЖҰӨ – бұл осы жылғы ағымдағы бағалармен есеп- телген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын жəне базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
Атаулы ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-ге келтіру үшін екі индекс қолданылады:
1. Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ);
2. ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ-ді есептеудің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы,
егер жеке адам көлік сатып алса, онда С болады, ал фирма сатып алса І болады. ТБИ-ды анықтау үшін «тұтыну қоржыны» пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет