1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Ақшаға деген сұраныс және оның теориялары. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы



бет21/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)

13. Ақшаға деген сұраныс және оның теориялары. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы
Ақша- төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшалардың сатып алу қабілетіне байланысты:
Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.Сөйтіп төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:
Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;
Сақтық аргументі; ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
Жалдаптық дәлел: жеке адамдар олындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.
Ақша ұсынысы – ақша массасының айналымы немесе айналымдағы барлық ақшалар. Ақша ұсынысы Ұлттық банктің бақылауында болады, оның мөлшері тұрақты деңгейде болады.
Ақша мультипликаторы — ақша-несие жүйесіндегі салымдарды ұлғайту немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюін немесе азаюын көрсететін сандық коэффициент, мультипликатордың шамасы ақша-несие жүйесінде пайдалынатын резервтеу нормасына кері пропорционал болып келеді. Ақша мультипликаторын сондай-ақ банктік деп атайды.
14. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Банк жүйесі: Ұлттық банк және коммерциялық банк.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік үлгісін тұрғызу үшін ақшаға деген сұраныс пен ұсынысты бір графикке саламыз.
r*-нарықтағы тепе-теңдік ставка. Ол ақшаға деген сұраныс пен ұсынысты қанағаттандырады.
Пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған уақытта ақша ұсынысы сұраныстан көп болады.
Пайыз мөлшерлемесі төмендеген уақытта ақша ұсынысы сұраныстан аз болады.
Ақша массасының және пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік мәнінің тербелуі ақша нарығының экзогендік айнымалыларының өзгеруіне байланысты болады: табыс деңгейіне, ақша ұсынысына. Графикте бұл сәйкесінше ақшаға сұраныс және ұсыныс қисықтарының жылжуымен көрсетіледі.
Егер ақша нарығындағы тепе-теңдікке табыс деңгейінің өзгеруі әсер етсе, мысалы, ол жоғарыласа, онда ақшаға деген сұраныс (сұраныс қисығы LD оңға қарай жылжиды) және пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды.

Ал егер ақша ұсынысы азайса, онда ақша нарығындағы тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды және керісінше.
Бұндай ақша нарығындағы тепе-теңдікті орнататын және ұстап тұратын механизм экономикалық агенттердің белгілі бір айнымалылардың, мысалы, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне әдеттегі сезімталдығын (реакция) көрсететін бағалы қағаздар нарығы жақсы дамыған нарықтық экономикада жақсы жұмыс істейді.
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет