10.Бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы.
Мемлекеттік бюджет – үкіметтің билігінде тұрған ірі орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет қаржы жүйесінің бөлігі бола тұра, оның өзіндік ерекшеліктері бар: — мемлекеттік бюджет бөлу қатынастарының ерекше түрі болады, себебі ол ұлттық табысты қайта бөледі; — бюджеттік қайта бөлу пропорциясы ұдайы өндіріс және қоғамдағы толық қажеттілікпен анықталады; — бюджеттік бөлу мемлекетте қаржы құрамында орталық орын алады; Салық мультипликаторы салықтардың төмендеуіне (өсуіне) жауап ретінде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсетін (төмендеген) еселігін білдіреді. Бұл еселік салық мультипликаторы және оның әсері мультипликатор эффектісі деп аталады. Мемлекеттік салықтардың өзгеруіне байланысты жиынтық өндірістің өзгеруінің өлшемі . Салық мультипликаторы – жиынтық шығыстар сызығының көлбеуін шегергендегі тұтынуға теріс шекті бейімділік. Қарапайым салық мультипликаторы ТЕК индукцияланған тұтынуды қамтиды. Экономикада мультипликатор ұлғайған немесе өзгертілген кезде көптеген басқа байланысты экономикалық айнымалылардың өсуіне немесе өзгеруіне әкелетін экономикалық факторды білдіреді. Жалпы ішкі өнімге келетін болсақ, мультипликатор эффектісі жалпы өнімдегі табыстың оны тудырған шығындардың өзгеруінен көбірек болуына әкеледі. Салық мультипликаторы теріс мәнге ие, өйткені салықтар азайған сайын тауарлар мен қызметтерге сұраныс өседі. Мультипликатор тұтынуға шекті бейімділікті (МРК) немесе жұмсалған және сақталмаған табыс арақатынасын зерттейді.
11.Баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы. Бюджет тапшылығы, оның түрлері жəне қаржыландыру əдістері. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – бұл үкі- меттің арнайы шешім қабылдауын талап етпей, автоматты тұ- рақтандырғыштар арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс- шаралар кешені. Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер жүйесі. Мұндай тұрақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттік төлемдер, жұмыссыздықтан сақтандыру, пайданы бөлісу жүйелері жатады. Экономиканың өрлеу кезеңдерінде автоматты тұрақтандырғыштар бюджетке түсетін салықтардың артуына жəне бюджет артықшылығының орын алуына мүмкіндік береді. Хаавельмо теоремасы-бұл салық түсімдерінің ұлғаюы арқылы мемлекеттік шығыстардың өсуін қаржыландыру мемлекеттік шығыстардың бастапқы өсіміне тең мөлшерде ұлттық кірістің өсуіне әкеледі деген тұжырым. Мемлекеттің араласуының қажеттілігі туралы мәселе, атап айтқанда, осы араласудың шекаралары әлі де қалады және неоклассикалық мектеп пен Кейнстің өкілдері арасындағы пікірталас тақырыбы болып қала береді. Осы баптың шеңберіндегі негізгі міндеттер: - мемлекеттік шығыстар сияқты көрсеткіштің әсерін қарастыру; - реттеу құралдарының және экономиканың жұмыс істеуінің салық саясатына әсер ету тетігін қарастыру. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджеттіжасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын —профициттіқүрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты: 1) елдің экономикасында өндірістің жалпы қүлдырауы; 2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; 3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару; 4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы; 5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы; 6) «келеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы; 7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар; Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады: 1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі; 2) кірістер түрақты, шығыстар азаяды; 3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ темендейді). Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді. 2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады. 3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді. 4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.