Автономды шығындар мультипликаторы – ұлттық табыс немесе тепе-теңдікті ЖІӨ өзге- рісінің жиынтық сұраныстағы автоном-ды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент. Олай болса, бұл қатынас былай жазылады: m = ΔY / ΔА, мұнда, m – автономды шығындар мультипликаторы; ΔY – ұлттық табыстың өзгерісі; ΔА – ұлттық табыстың қарқынына тәуелсіз автономды шығындардың өзгерісі. 9. Рецессиялық жəне инфляциялық үзілістер. Үнемділік оғаштылығы. Бюджет-салық (фискалдық) саясатының мақсаттары, құралдары жəне түрлері.
Рецессиялық үзіліс – тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем. Инфляциялық үзіліс – бұл тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұ- мысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін қысқарту үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) кемуіне қажетті көлем. Үнемділік оғаштылығы – бұл қоғамның көбірек жинақтауға ұмтылуынан тұтыну мен табыстың қысқаруы нәтижесінде жинақтау көлемінің азаюы. Жалпы алғанда, экономикалық белсенділік төмен болғанда қоғамның жинақтары мен инвестициялары қысқарады. Инвестициялардың аз ғана кемуі теріс мультипликативтік әсерді болдырып, ұлттық табысты едәуір төмендетуі мүмкін. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл мемлекеттің салық салу жəне мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға əсер етуі. Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктерін ескере отырып, экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі: 1) мемлекет шығыстарының көбеюі; 2) салықтардың төмендеуі; 3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды: 1) мемлекет шығыстарының азаюы; 2) салықтардың көбеюі; 3) бұл бағыттардың үйлесуі. Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.