1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Төлем балансы: мəні, құрылымы, баптарының өзара байланысы. Валюта нарығы. Валютаның əртүрлі бағамдары



бет33/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)
stud.kz 430648
30 Төлем балансы: мəні, құрылымы, баптарының өзара байланысы. Валюта нарығы. Валютаның əртүрлі бағамдары
Төлем балансы – елдіңрезиденттері мен шетеларасындағыбелгілібіруақыттажүргізілетінэкономикалықмәмілелернәтижесінжүйелітүрдежазу.Төлембалансыныңмакроэкономикалықмағынасымынада: төлем балансы елдіңшетелдіксеріктестеріменхалықаралықэкономикалыққатынастарыныңжай – күйінкөрсетеді және монетарлық, валюталық, фискалдық, сыртқысаудасаясатынтаңдау мен мемлекеттікқарыздардыбасқарудың индикаторы болыптабылады.
Төлем балансының негізгі баптары: дебет және кредит. Кредитте елден, кететін құндылықтар көрсетіледі, кеткен құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасымен төлем алады. Дебетте сырттан келген құндылықтар көрсетіледі, яғни алған құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасын жұмсайды (шығындайды ). Кредиттің жалпы сомасы дебеттің жалпы сомасына тең болуы тиіс.
Төлем балансының элементтері:
· ағымдағы операциялар есебі
· капитал қозғалысы мен қаржылық операциялар есебі
· ресми резервтер өзгерісі

Төлем балансының жалпылама құрылымы
І Ағымдық операциялар есебі
1. Тауар экспорты
2. Тауар импорты
Сауда балансы
3. Қызметтер экспорты (шетелдік туризмнен түсетін табыс т. б. несиелік қызметтен басқа )
4. Қызметтер импорты (шетелдегі туризмнің төлем т.б. , несиелік қызметтен басқа )
5.Шетелден келетін таза факторлық табыс.
6.Таза ағымдық трансферттер
ІІ. Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебі
7. Капиталдың келуі
8. Капиталдың кетуі
Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.
Валюта бағамы деп – бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасы. 127 теңге=1$ .
Валюта бағамын енггізуде екі әдіс бар. Валютаның еркін айналымындағы бағамы сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады.
1) Рубльге сұраныс төмендейді, содан рубль арзандап Ресей тауарлары да арзандайды.
2) Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып, оған сұраныс жоғарылап және теңгеге де сұраныс жоғарылайды.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді.
1) Тұтынушы тағамының өзгеруі
2) Табыстың салыстырмалы азаюы
3) Бағаның салыстырмалы өзгеруі
4) Салыстырмалы нақты пайыздың мөлшерлемесінің өзгеруі
5) Алыпсатарлық.
Егер теңге өзгереді деген қауіп болса, тұрақты валюта алады, ол теңгенің құнын жояды.
Тағайындалатын валюта бағамы әдісі: бұл тәсіл еркін айналымдағы бағамды белгілеу тәсіліне қарама-қарсы. Валютаны тағайындау кезінде тапшылықты мемлекет жою күрделі мәселе, оны төмендегідей әдістермен реттейді.
1) Резервтерді қолдану – бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең жақсы тәсілі. Ол нарықта мемлекеттің өзінің валюта қорын пайдалану.
2) Сауда саясаты. Бұл бағамды қалыпты ұстау мақсатында импортты шектеуі. Квота, қосымша салық арқылы, бірақ ол экономиканың дамуына кедергі келтіреді.
3) Валюталық бағалау;
4) Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясатын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұраныс азаяды.
Валютаның бағамы екі түрге бөлінеді: атаулы және нақты бағам
Атаулы бағам. Ол екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Мысалы, 1 доллар-150 теңге атаулы бағамы бойынша халықаралық нарықта 1 долларды 150 теңгеге айырбастаймыз, ал доллар алғымыз келсе, онда әр долларға 150 теңге төлейміз.
Нақты бағам. Ол екі елдегі тауар бағасының қатысы. Басқаша айтқанда, ол бізге елдің ішінде шығарылған тауардың бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет