1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Экономикалық цикл, фазалары, көрсеткіштері. Экономикалық циклдың типтері, себептері



бет28/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)

23. Экономикалық цикл, фазалары, көрсеткіштері. Экономикалық циклдың типтері, себептері
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасыкелесідей:
Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы:
Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
Инвестициялар өседі.
Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
Тауарлардың бағасы өседі.
Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Экономикалық циклдардың типтері:
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары»-Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»-Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары-Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары»-Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары-Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары-Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет