1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Экономикалық циклдың факторлары. Іскерлік цикл туралы экономикалық теориялар



бет29/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)
stud.kz 430648
24. Экономикалық циклдың факторлары. Іскерлік цикл туралы экономикалық теориялар
Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады. Сыртқы (экзогендік) факторлар - берілген экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Ішкі (эндогендік) факторлар - берілген экономикалық жүйеге қатысты факторлар.
25. Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тəн белгілер.Экономикалық өсудің үлгілері
1.Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.Экономикалық дамумен салыстырғанда экономикалық өсу - сандық көрсеткіш болып саналады. Шынайы өндіріс деп шынайы жалпы ішкі өнімді, кейде - шынайы жалпы ұлттық өнімді, таза ұлттық өнімді немесе ұлттық табысты атайды. Экономикалық өсу жалпы әл-ауқатының дамуымен байланысты: өмір сүру ұзақтығының өсуі, медициналық қызмет көрсетуінің сапасы, білім беру деңгейі, жұмыс күнінің ұзақтығының қысқартылуы және т. б.
Экономикалық өсудің факторлары:
- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
1. Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері. Экономикалық өсудің қарапайым неокейнстік үлгілеріне Евсей Домардың үлгісі мен Рой Харродтың үлгісі жатады.
Евсей Домардың экономикалық өсу үлгісі – уақыт талабына сай жиынтық сұраныстың ұлғаюындағы жəне жиынтық ұсыныстың өндірістік қуатын арттырудағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттейтін жəне ұзақ мерзімде толық жұмыс бастылыққа жетуді қарастыратын қарапайым неокейнстік үлгі.
Рой Харродтың экономикалық өсу үлгісі – экономикадағы функционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерге жəне кəсіпкерлердің психологиялық тəртіптерін талдауға сүйенетін, əрі инвестициялық факторды есепке алатын теңгерімді экономикалық өсудің неокейнстік үлгісі.
2. Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері. Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдерінің негізгісі болып Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі деп саналады. Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі – бұл халықтың өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының жəне ҒТПтің əсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.
3. Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік үлгілері. Американ ғалымы жəне социологы Уолт Ростоу, өткен ғасырдың 60-жылдары жасаған «экономикалық өсудің стадиялары» атты концепцияның авторы, өзінің осы теориясында қоғамның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі:
1) дəстүрлі (таптық) қоғам – бұған қол еңбегін қолдану, экономиканың негізі ретіндегі ауыл шаруашылығының дамуы, төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық өзгерістердің баяу қарқыны сияқты белгілер тəн; 2) қоғамның алға жылжуы үшін экономикалық жағдайлар жасау кезеңі – мұнда қоғамның алға жылжуы үшін басты қозғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар мен ер кін бəсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капиталдың жинақталуы мен капитал салымдарының өсуі деген факторлар қарастырылады;
3) қоғамның алға жылжуы немесе өнеркəсіптік төңкеріс кезеңі – мұнда ҒТП-нің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік туады, даму үшін үкімет институттарының жəне əдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркəсіптің жекелеген салалары тез қарқынмен дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке ауысады; 4) қоғамның кемелдену кезеңі – мұнда экономикалық дамудың қарқыны өседі, өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен артады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі, нəтижесінде халық шаруашылығының барлық салаларында жылдам əрі тұрақты даму үрдістеріне қол жеткізіледі;
5) қоғамның жаппай тұтынуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін кезең – мұнда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді мəселе жойылады, керісінше, сұраныс пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет