1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Инфляцияның мəні, пайда болу себептері, зардаптары жəне түрлері. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы



бет27/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)
stud.kz 430648
21.Инфляцияның мəні, пайда болу себептері, зардаптары жəне түрлері. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.
Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Сұраныс инфляциясы – өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Ұсыныс инфляциясы – өндіріс шығындарының және ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі.
22.Филлипс қисығы. Инфляцияға қарсы саясат
Филлипс қисығы – қысқа мерзімді кезеңде инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы теріс тәуелділікті көрсететін үлгі. Американ экономисі Джордж Акерлоф 2001 жылы Нобель сыйлығын алған дәрісінде Филлипс қисығына қатысты тәуелділікті «ең маңызды макроэкономикалық тәуелділік» деп атаған болатын. Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет