26. Экономикалық өсудің негізгі көзі мен бағыттары. Ашық экономика: түсінігі, түрлері. Экономикалық өсудің негізгі көздері мыналар болып табылды: — табиғи ресурстарды экстенсивті пайдалану; — жұмыс істейтіндер санының көбеюі; — кен қазу өнеркәсібі мекемесінің негізгі капиталына инвестицияның өсуі; — мемлекеттік инвестициялардың есебінен өндірістік инфрақұрылымның дамуына маңызды үлес; — құрылыс, сауда-саттық және қызмет көрсету аясы салаларының сыртқы қарыз алу есебінен несиелендірілу.Экономикалық өсудің үш моделін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, кейнстік модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі жəне үшіншіден, неоклассикалық модель.Кейнстік модель макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраныстың басты рөліне негізделеді. Сұраныстың шешуші элементі — мультипликатор арқылы пайданы ұлғайтатын инвестиция.Кейнстік модельден айырмашылығы Домар моделінде инвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады.Неоклассикалық модельбір емес, екі өндірістік факторды ескереді жəне олардың өзара алмастырылуын көздейді. ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың əр түрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Ашық экономика – бұл əлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын жəне импорттайтын, əлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға негізделген макроэкономиканың жүйелік қатынастары. Ашық экономиканы кіші (шағын) жəне үлкен (ірі) деп бөледі. Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы, оның əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете алмайды. Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер əсерінен қалыптасады.