27.Бір мезгілдегі ішкі жəне сыртқы тепе-теңдік. Манделл-Флеминг үлгісі. Ішкі тепе-теңдік – толық жұмысбастылық пен инфляциясыз жағдайдағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі. Ішкі тепе-теңдік мəселесі бюджеттік-салық жəне ақша-несие саясаты көмегімен жиынтық сұранысты реттеу арқылы шешіледі. Сыртқы тепе-теңдік – валюта бағамының тағайындалған (тұрақты) жəне құбылмалы режиміндегі төлем балансының нөлдік сальдосы немесе елдің валюта рыногындагы тепе-теңдігі. Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты жəне құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нəтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі. Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика əлемдік экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы үшін барлық параметрлер əлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі. 28.Халықаралық сауда: мəні, факторлары, теориялары. Мемлекеттің сауда саясаты: протекционизм жəне еркін сауда. Халықаралық сауда – əртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруа шылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің əртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нəтижесінде өндіріс пен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына əсер ететін төрт негізгі фактор бар: 1. Əлеуметтік-жағрафиялық фактор – жағрафиялық орналасу, халықтың құрылымы, саны жəне де олардың шаруашылық тəжірибесі. 2. Табиғи экономикалық фактор – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтар. 3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің эко номикалық жəне ғылыми техникалық даму деңгейі əртүрлі болуы мен анықталады. 4. Ғылыми-техникалық проресс. Халықаралық еңбек бөлі нісі өнімдерінің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің жəне олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне алып келеді. Халықаралық сауданың тиімділігі теориясына айтарлықтай үлес қосқан ағылшын экономистері А. Смит, Д. Рикардо, Дж.Ст. Милль болды. Адам Смит абсолютті артықшылықтар теориясының негізін салды. Оның теориясы бойынша халықаралық сауда əр түрлі елдердегі тауар өндірісінің абсолютті шығындарының айырмашылығына негізделуі тиіс. А. Смиттің абсолютті артықшылықтар теориясын толықтырған жəне əрі қарай дамытқан Давид Рикардо болды. Ол өзінің салыстырмалы артықшылықтар теориясын ұсынды. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы – қандай да бір ел мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз болатындай етіп жүзеге асыруы керек. Хекшер-Олин теоремасы – бұл егер халықаралық сауданың кез келген қатысушысы өз əріптестеріне қарағанда, қандай да бір фактордың үлкен көле - міне ие бола отырып сол факторды тауарлар өндірісінде интенсивті түрде қолдана алса, онда ол сол тауарларды экспорттауға тырысады дегенді сипаттайтын теориялық дəлелдеме. Рыбчинский теоремасы – өнеркəсіптің қандай да бір саласында интенсивті түрде қолданылатын фактор ұсынысының өспелі сипатта көбеюі салдарынан сол салада өндіріс көлемі мен пайданың салыстырмалы артуы басқа бір салада қолданылатын сол фактордың қарқындылығын төмендетіп, өндіріс көлемі мен пайданың қысқаруына алып келетінін дəлелдейтін теория.