1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі



бет32/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)
stud.kz 430648
1. Протекционизм (латынша «protectio» - қорғау) – жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бəсекелестерден қорғау саясаты. Протекционизм капиталдың алғашқы қорлануы кезінде (ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ) пайда болды. Оның теориялық негізін меркантилистер құрды жəне бас кезінде Францияда кең таралды. Ресейге Петр І-нің билік еткен кезеңінде келді. Мемлекеттің протекционистік саясаты – бұл ұлттық экономиканы шетелдік бəсекелестіктен қорғау мақсатында жүргізетін белсенді экономикалық саясаты.
2. Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат – ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдайтын мемлекеттің еркін сауда саясаты. Фритредерлік ХVІІІ ғасырда Ұлыбританияда пайда болды. Еркін сауданы бірінші болып жақтаған Н. Барбон болды, кейіннен А. Смит, Д. Рикардо, А. Маршалл ашық қолдады.
Протекционистер жəне фритредерліктердің көзқарастарын салыстыра келе, мынадай тұжырым жасауға болады: протекционистер қысқа мерзімді мүдделерді көздейді, фритредерліктер ұзақ мерзімді мақсаттарға негізделеді.
29 Сауда саясатындағы тарифтік жəне тарифтік емес шектеулер. Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіндегі алатын орны
Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Отандық өндірушілердің мүдделерін сақтау мақсатында көп жағдайда тиімді тарифтік қорғаныстың принципі көмектеседі.
Нақтылы тарифтік қорғану саясаты – бұл саясаты төменгі импорттық салықты, импорттық шикізат және құрамданған жоғарғы импорттық салықты аяқталған өнімге қолданады.
Басқа салаларға қорғаныс тарифінің негізгі деңгейі пайыздық көлеммен анықталады, сол пайызға, бүкіл тарифтік жүйенің жұмыс істеу қабілетіне байланысты осы саладағы бір өсімнің шамасы жоғарылайды.
Негізгі және нақтылы тариф көлемінің деңгейі (нақтылы қорғаныс деңгейі) қосымша баға көлемінің қатынасымен, қазіргі кеден салығының деңгейінің қосымша базалық нұсқауымен анықталады.
Нақтылы тариф қойылымы – көлемдік мінездемесі келесі тұжырыммен анықталады: импорттық тариф тауардың өндіру процесінің өсуіне ықпал етеді және импорттық салық салымының дайын өніміне, импортталған шикізат құрамынан және солардың ақырғы өнімге деген пайыздық арақатынасының түрлілігіне тәуелді.
Жалпылама түрдегі нақтылы тариф салымының деңгейі формула бойынша шығарылады:
q= (t – at1)/(1 – a)

мұндағы: q – нақтылы кеден қорғанысының деңгейі;
t – номиналдық тарифтің ақырғы өнімге салымы;
a – кеден тарифі болмаған жағдайдағы импорттық шикізаттың ақырғы өнімге бағалай қатынасы;
t1 - импорт тарифінің бөлігі мен компоненттерінің номиналдық саллымы;
Нақтылы кеден қорғанысының есептеу негізінде, сауда саясатында маңызды шешімдер қабылданады.
Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
«Мөлшерлік шектеулер» — сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы, ол белгілі бір уақыт аралығында экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайды.
Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау (контингенттеу), лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.
Квота немесе контингент — тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.
Квоталар келесідей бөлінеді:
экспорттық
импорттық
глобальді
жекеше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет