16. Біріктірілген тепе-теңдік мәні. IS қисығын құру Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен ақша нарығында бір мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш рет неокейнстік мектептің өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс жəне классиктер» деген еңбегінде ұсынды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеудің мақсаты осы ақша нарығы мен тауар нарығын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогендік) айнымалыға айналады және оның шамасы тек ақша нарығындағы үрдістерді ғана емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды да сипаттайды. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) - экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады. Үлгінің ішкі айнымалыларына: - Y (табыс); - С (тұтыну); - І (инвестиция); - n (таза экспорт); - R (пайыз мөлшерлемесі) жатады. Ал сыртқы айнымалыларына: - G (мемлекеттік шығындар); - Ms (ақша ұсынысы); - t (салық мөлшерлемесі) жатады. IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының тепе-теңдігін сипаттайды және сол игіліктер нарығында туындайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің және табыс деңгейі арасындағы өзара қатынасты бейнелейді. IS қисығын құру үшін: 1. жиынтық шығындар үлгісі; 2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшерлемесіне деген тәуелділік функциясы негіз болады.