Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы. Ұлттық Банк― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді. 15. Ақша-несие саясатының мақсаттары мен құралдары. Ақша-несие саясатының түрлері мен типтері Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналымы мен несие жүйесі саласындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономикалық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі. Ақша-несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді жəне арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады. Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы жəне аралық мақсаттар болып бөлінеді. Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу; 2) толық жұмысбастылық; 3) бағалардың тұрақтылығы; 4) тұрақты төлем балансы. Соңғы мақсаттар ақша-несие саясатының фискалдық, валюталық, сыртқы сауда саясаттарымен бірге жүзеге асыратын мем лекеттің маңызды бағыттарына жатады. Аралық мақсаттар: 1) ақша массасы; 2) пайыздық қойылым; 3) айырбас бағамы. Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей жəне жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі. Ақша-несие саясатының тікелей құралдары: 1) несиелеу лимиттері; 2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу. Ақша-несие саясатының жанама құралдары: 1) міндетті резервтер нормасын өзгерту; 2) есептік мөлшерлемені өзгерту; 3) ашық нарықтағы операциялар. Ақша-несие саясатының енжар жəне белсенді деген түр ле рін бөліп көрсетуге болады. Енжар ақша-несие саясаты – бұл мемлекеттің бюджет-салық саясатын жүзеге асыруынан туындаған ақша параметр лерін өзгерту. Белсенді ақша-несие саясаты – бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекеттің ақша-несие саясатының ерекше құралдарының көмегімен ақша нарығына əсер етуі. Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы жəне шектеуші. Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру жəне ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат. Шектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға жəне ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.