5.Жиынтық ұсыныс, оның кейнстік жəне классикалық үлгілері. АD-АS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл экономикада бағалардың əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (немесе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты ЖІӨ деп те атайды. Классикалық үлгі экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады. Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбастылықтың орын алуын қолдай отырып, тауар бағаларының өзгерісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын кезең. Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға негізделіп құрылады: • өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қолдағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне тəуелді емес; • өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзге рістер өте баяу жүзеге асырылады; • экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді, жəне сəйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенциалды көлеміне тең болады; • бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын алуы мүмкін. Қысқа мерзімді кезеңде мұндай үлгі қолданылмайды. Кейнстік үлгіэкономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады жəне ол келесі алғышарттарға негізделеді: • экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс істейді; • тауар бағалары, атаулы жалақы жəне басқа да атаулы шамалар тұрақты, яғни икемсіз, оларға нақты өзгерістер өте баяу əсер етеді; • нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбастылық) нарықтық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. AD мен AS қисықтары қисықтары қиылысқан жағдайда экономикадағы өндірілген өнім көлемі берілген баға деңгейінде сатылады жəне сатып алынады, олай макроэкономикалық тепетеңдік орнайды.«АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель болып табылады. Бұл модельдің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының əртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.