1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі



бет16/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)
stud.kz 430648
6.Классикалық үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнстік төңкеріс. Кейнсшілдік макроэкономикалық тепе-теңдік.
1. Макроэкономикалық тепе-теңдікті зерттеудің классикалық теориясы Сэй заңымен түсіндіріледі. Сэй заңына сəйкес, экономика тек өндірушілерден тұрады, олардың өндірілген тауарлары мен қызметтері бір уақытта табыстар мен шығындарды қамтамасыз етуі қажет, ешқандай артық өндіру немесе кем өндіру орын алмайды, олай болса, жиынтық ұсыныс жиынтық сұранысты анықтайды.
2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік теориясы негізгі психологиялық факторларға сүйенеді, соған сəйкес тұтыну шекті бейімділік, жинақтауға шекті бейімділік, тұтынуға орташа бейімділік жəне жинақтауға орташа бейімділік деген ұғымдар қолданылады. Кейнс тің идеясы классикалық теорияға мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Экономикада керісінше, жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады. Экономикалық дағдарыс болғанда да макроэкономикалық тепе-теңдік орын ала береді. Демек ол дағдарыс жағдайында жиынтық сұранысты мемлекеттік реттеудің қажеттілігін алға тартады. Кейнстің ойынша, жинақтау мен инвестициялаудың себептері əртүрлі болып табылады, олай болса, макроэкономикалық тепе-теңдік өздігінен қалыптаспайды, оған мемлекет араласу қажет.
7. Тұтыну мен жинақтау функциясы. Инвестициялар және олардың түрлері.
Психологиялық фактор тұтыну мен жинақтауға бейімділіктің түрлерін анықтайды.
Тұтынуға деген шекті бейімділік (MPC – marginal propencity to consume) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде тауар- лар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
MPC = ΔC / ΔYd,
мұнда, МРС – тұтынуға деген шекті бейімділік; ΔC – тұтыну шығындарының өсімі; ΔYd – қолда бар табыстың өсімі.
Тұтынуға деген орташа бейімділік (АPC – average propencity to consume) – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайтын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPC = C / Yd,
мұнда, АРС – тұтынуға деген орташа бейімділік; C – тұтыну шығындарының мөлшері; Yd – қолда бар табыстың мөлшері.
Жинақтауға деген шекті бейімділік (MPS – marginal propencity to save) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде жинақ өсімінің пайыздық үлесі.
MPS = ΔS / ΔYd,
мұнда, МРS – жинақтауға деген шекті бейімділік; ΔS – жинақтың өсімі; ΔYd – қолда бар табыстың өсімі.
Жинақтауға деген орташа бейімділік (АPS – average propencity to save) – үй шаруашылықтарының жинақтауға қал- дыратын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPS = S / Yd,
мұнда, АРS – жинақтауға деген орташа бейімділік; S – жинақ мөлшері; Yd – қолда бар табыстың мөлшері.
Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға жұмсалатынын жəне қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. Сондықтан олардың қосындысы əрқашанда 1-ге тең болады:
MPC + MPS = 1
Тұтыну мен жинақтау функциялары оң көлбеулі болып табы- лады. Егер қолда бар табыс пен тұтыну шығындары тең болса,

онда тұтынудың қисығы координат басынан 45° градуста бола- ды. Алайда, шын мəнінде табыстың бір бөлігінің жинақтауға кететіндігі белгілі, сол себепті тұтынудың нақты қисығы одан төмен орналасады.

Макроэкономикада, инвестициялар – бұл пайда табу мақ- сатында жеке жəне мемлекеттік сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе шетел экономикасының əртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы.
Инвестицияның негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:
1. Өндірістік инвестициялар (ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, т.б. түріндегі негізгі капиталға салынатын инвести- циялар).

2. Тауарлы-материалдық қорларға инвестициялар (шикі- заттар, отын-материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім- дер, т.б.)
3. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
Инвестицияға əсер ететін негізгі фактор – пайыздық қойылым. Пайыздық қойылым мен инвестицияның көлемі арасында кері байланыс бар (4.3-сурет). Инвестицияға сұраныс қисығы – пайыздық қойылымның кез келген шамасында салуға мүмкін бо- латын инвестицияның көлемін сипаттайтын графикалық көрініс.
Экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жиынтық сұранысты ынталандыру үшін жүзеге асырылатын нақты (іс жүзіндегі) инвестициялар жоспарланған жəне жоспарлан- баған инвестициялар болып бөлінеді. Жоспарланбаған инвести- циялар тауарлық-материалдық қорларға (ТМҚ) салынатын инвес- тициялардың алдын ала қарастырылмаған өзгерістерін əрдайым туындатып отырады. Мұндай инвестициялар экономикаға жи- нақтар мен инвестициялардың нақты шамаларын тепе-теңдік қалпына келтіріп отыру үшін жəне макроэкономикалық тепе- теңдікті қалыптастыру үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет