Жиынтық жоспарланған шығындар – бұл ашық экономикада үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкіметтің және сыртқы әлем субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жоспарлаған жалпы шығындары. Жоспарланған шығындар функциясы: E = C + I + G + NX Нақты шығындар– бұл фирмаларға сату деңгейінде тосыннан болған өзгерістер бола қалған жағдайында ТМҚ-ға жоспарланбаған инвестициялар салуға мәжбүрлейтін қосымша шығындар. Сонымен, экономикада барлық жиынтық жоспарланған жиынтық шығындар өндірілген өнімнің жалпы көлеміне теңескенде макрокономикалық тепе-теңдік орнайды. Классикалық теорияға қарағанда, тепе-теңдікті зерттеудің Кейнстік үлгісі тұрақты бағалар жағдайында қарастырылады. Бұл үлгінің қарапайым формасы кейнстік қағидаға сәйкес құрылады: жиынтық сұраныс экономикада ұлттық табыстың шамасын анықтайды: YD = C + I + G + NX Сонымен, «Кейнс кресі»үлгісі – бұл бағалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтардың, жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың және сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнс кресі үлгісіикемсіз бағалармен экономиканы қысқа мерзім аралығында зерттейтіндіктен бағалар деңгейінің өзгеру үдерісіне жауап бере алмайды. Кейнс кресі үлгісі қатаң бағалар арқылы қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдау мақсаттары үшін тек жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісін толықтырады және әрі қарай нақтылайды, сонымен қатар, ол инфляция деңгейінің ауытқуымен байланысты ұзақ мерзімдік макроэкономикалық саясаттың нәтижелерін зерттеу үшін қолданыла алмайтын құрал болып табылады. .Мультипликаторұғымы дәлме- дәл аударғанда «көбейткіш» деген мағынаны білдіреді. Мультипликатор әсерінің мәні: жиынтық сұраныстың құрамындағы кез келген автономды құрауыштың (C, I, G, Xn) бір мәрте өсуіне байланысты экономикадағы ұлттық табыстың бірнеше есе артуы.