3.»Сындарлы он жыл» атты еңбегіндегі терроризм,аймақтық қауіпсіздік және олармен күресу мәселелері
«Сындарлы он жыл» — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Мемлекет басшысы бұл жұмысында қазіргі жаһандануға еніп бара жатқан дүниенің тіршілік үшін маңызды мәселелерін оз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, оның жаңа ғасырда Қазақстанның дамуындағы бейнеленуін көрсетеді. Кітап фактілік материалдарға аса бай, соның негізінде автор адамзат қауіпсіздігіне төнетін қауіптерге ашық түрде баға беріп, қазіргі таңдағы мәселелердің шешілу жолдарын ұсынады.
Кітаптың бірінші бөлімі «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» деп аталып, мұнда қазіргі замандағы ерекше зор қауіптер - бүкіл өркениет әлеміне соғыс жариялаған халықаралық терроризм жайлы баяндайды. Кітап осы бір өткір мәселе ең алдымен белгілі бір күштер арқылы өзінің нақты саяси мақсаттарына қол жеткізу ретінде қаралады. Соның негізінде автор әскери әсер ету рычагтарынан басқа терроризммен күресте оған түрлі елдер арасындағы экономикалық дамудың теңсіздігін жеңу жөніндегі белсенді қызметті, сондай-ақ қазіргі кедейшілік мәселелерін шешуді, этностар аралық және конфессия аралық диалогтарды шешуді қажет деп есептейді.
Екінші бөлімнің атауы «Дінде экстремизм жоқ» деп аталып, мұнда кейбір адамдардың санасында орнығып қалған «Ислам және терроризм» ұғымдарына түсінік береді. Кітаптың бұл бөлімінде айтылған ойлар қазіргі әлем халықтарының ұлттық ұстанымдарын жоюға алып келетін жаһандану салдарлары сияқты мәселелерді қамтиды. Мұның өзі тіптен де түсінікті, өйткені кейбір жеке елдер үшін дін өзінің этникалық және мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу факторы болып қалуда.
Автор конфессионалдық қауіпсіздікті біржақты түсінбейді, бір жағынан алғанда, ол - халықтар мен ұлттардың рухани күш-қуатын қолдау мен мемлекеттік кепілдік беру жүйесі. Басқа жағынан алғанда, қоғамдағы дінаралық келісім мен дін бостандығына төнген қауіпке қарсы әрекет ретінде ұғынылады. Дүниені қысылтаяңға келтіріп отырған шынайы қауіптер Қазақстаннан алыс жатыр деген ой, шынын айтқанда, аңғал ой деп есептейді автор. Республиканың геосаяси орналасуының өзі құрлық көлемінде болса да, болып жатқан оқиғаларға қатысты екендігіне негіз береді. Сондай-ақ Қазақстан мұнай мен газдың мол қорына ие, ал мұнай қайда болса, саясат пен алдын-ала айтып болмайтын жағдайлардың ықтималдылығы да сонда.
Каспий - әлемдік энергетика үшін ғана маңызды аймақ емес, ол экономикалық және саяси мүдделердің тоғысу аумағы. Нұрсұлтан Назарбаев аймақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде бірқатар бастамаларды ұсынады. Олардың қатарында «Каспийдегі тұрақтылық пакті» бар, соның негізінде Каспий жағалауы мемлекеттері арасындағы, Каспийдегі барлық геосаяси ойыншылар арасындағы қатынастардың әскери-саяси, экономикалық және экологиялық аспектілерін реттеуге болады.
«Қауіпсіздік жолдары» деп аталатын қорытынды бөлімінде автор Орталық Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесіне деген көзқарасын білдіреді. Оны құрудан объективтілік қажеттілігіне қарамай, аймақтық әскери-саяси құрылымдар қызметінің он жылдық тәжірибесі осы міндетті іске асырудың төтенше күрделі екендігін көрсетеді. Автор түрлі тарихи кезеңдер мен қазіргі кезеңдегі аймақтық құрылымдар мен қауіпсіздік жүйелерінің кызметіндегі әлемдік тәжірибеге талдау жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |