13. Әлеуметтік парадигма – саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.
14. Бедел –саясатта саяси қайраткердің абыройлылығы. Оның шиеліністі шешуге, дау-дамайдың алдын алуға, елде тұрақтылық, татулықты орнатуға етер әсері зор келеді. Оның бәрі саяси қайраткердің адамдар мүддесін түсіне біліп, керегінде оны қорғай білуіне, парасаттылығына, адамгершілігіне, білімділігіне, адамдар тағдырына жауап бере білуіне, адалдылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады.
15. Бейсаясаттық –азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
16. Бейсаясаттық –азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |