2. Атқарушы билік



бет3/21
Дата06.01.2022
өлшемі33,94 Kb.
#110266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Глоссарий

8. Агрессия –басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.

9. Адам –жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.

10. Адам құқықтары –белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.

11. Азаматтық қоғам –жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

12. Анархизм –жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М.Штирнер, П.Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М.Бакунин, П.Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси әсері шамалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет