2. Қауіп факторының бағалау. Орайластық кестелерін түрлендіру. Фишердің нақты критерийі


Корреляциялық талдау. Параметрлер арасындағы байланыстың сипаттамасы және күші



бет10/18
Дата16.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149684
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
БСТ РК2
9 Құрал, ырғақтылық
12. Корреляциялық талдау. Параметрлер арасындағы байланыстың сипаттамасы және күші.
Жалпы корреляциялық талдау дегеніміз -медициналық-биологиялық зерттеу жұмыстарының маңызды міндеттерінің бірі-зерттеліп отырған құбылыстарды немесе үрдістерді сипаттайтын белгілер арасындағы байланысты айқындау және өлшеу болып табылады.
Корреляциялық талдауды не үшін қолданамыз-үйткені ол екі немесе бірнеше белгілердің арасындағы байланысты талдау үшін қолданамыз.
Ал корреляциялық талдаудың негізгі міндетті-құбылмалы белгілердің арасындағы байланыстың бағытын оң немесе теріс,түрін яғни сызықты және сызықты емес анықтау, оның күшін,тығыздығын өлшеу және корреляциялық таңдама көрсеткіштерінің шынайлығын бағалау болып табылады.
Сонымен қатар-айнымалылар арасында болатын байланыстар екі түрге бөлінеді олар: функционалдық байланыс және корреляциялық байланыс болып.
Функционалдық байланыс деп-бір белгінің шамасының өзгеруіне екінші белгінің шамасының белгілі бір анықталған өзгеруі сәйкес келетін тәуелділікті айтамыз.Мұндай байланысқа мысалы ретінде:дөңгелектің ауданының оның радиусына тәуелділігін,жүрілген жолдың жылдамдық пен уақытқа тәуелділігін,сол сияқты химиялық реакциялардың жылдамдығының температураға тәуелділігін алуға болады.
Ал корреляциялық байланыс деп-бір белгінің бір сандық мәніне екінші белгінің бірнеше мәні сәйкес келетін тәуелділікті айтамыз.Мысалы айтатын болсам:адамның бойының ұзындығын мен дене салмағының арасында оң байланыс бар екендігі белгілі, алайда бұл белгілердің мәндерінің арасында толық сәйкестік жоқ.Яғни бойларының ұзындықтары бірдей 160 см болсын,ал адамдардың әртүрлі дене салмақтары, 55,60,65 кг сәйкес келеді.Алайда дене салмағының бұл құбылмалылығы белгілі бір өлшемде өзінің орта шамасының айналасында өзгеріп түрленеді.Себебі адамдардың дене салмағы тек қана олардың бойларының ұзындықтарымен анықталмайды:оған көптеген басқа факторлар ықпал етеді,оның ішінде өмір сүру жағдайы,тамақтану түрі,спортпен шұғылдану және т.б болуыда мүмкін.Сондай-ақ сапалық белгілерде қатысады да және осыны байқауға болады:әдетте ақсары адамдардың көздерінің түсі көкшіл,қара торы адамдарда -қоңыр түсті болып келеді.Бірақтан қоңыркөзді ақсары адамдар мен көздері көкшіл түсті қараторы адамдарда кездеседі.Бұл биологиялық белгіге генетикалық та ,сыртқы факторларда ықпал ететіндігімен байланысты болып келеді.
Параметрлер арасындағы байланыстың сипаттамасы және күші-Параметрлер арасындағы байланыс және корреляциялық байланыс-олар себепті-салдарлы тәуелділіктің айғағы ретінде қарастырылмайтынын есте сақтауымыз қажет және олар тек қана бір белгінің өзгеруіне екінші белгінің анықталған өзгерулері сәйкес келетінін көрсетеді.Корреляциялық әдісін қолданғанда әртүрлі белгілер арасындағы байланысты өлшеу тек қана сапа жағынан біртекті жиынтықтарда мүмкін екенін есте сақтауымыз маңызды.Мысалы жынысы және жас мөлшерлері әртүрлі адамдардың бойларының ұзындықтары мен дене салмақтарын салыстыруға болмайды.
Сонымен қатар корреляциялық байланыстар-бағытты бойынша тура және кері корреляциялық байланыс деп бөлінеді.
Тура корреляциялық байланыс-бір айнымалының артуы басқа айнымалының артуына яғни( су құбырындағы судағы стандартты емес сынамалар артқан кездеде,іш сүзегімен аурудың артуы)байланысты болатын байланыс.
Кері корреляциялық байланыс-бір айнымалының кемуі басқа айнымалының артуына (“В” сарысуына қарсы екпе жұмысының ауқымын көбейткен сайын,онымен ауратындардың кемуі)байланысты болатын байланысты айтамыз.
Тура корреляциялық байланыс кезінде- корреляция коэффициенті “0”-ден,”+1”-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.
Ал кері байланыс кезінде корреляция коэффициенті “-1”-ден “0”-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет