15. Спирменнің рангілік корреляция коэффицентінің қасиеттері және корреляция коэффициентінің мәнділігі жөнінде жорамалды тексеру. Негізінде Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті Пирсонның корреляция коэффициентінің параметрлік емес баламасы болып саналады. Ол өз кезегінде таралудың қалыптылығын, және сол сияқты сызықты тәуелділікті талап етпейтіндіктен, оны сандық деректерге де, сапалық деректерге де қолдана беруге болады. Сонымен, егер келесі шарттардың біреуі немесе екеуі орындалса онда Спирменнің корреляция коэффициенті есептелінеді:
Х немесе У айнымалыларының ең болмағанда біреуі рангілік шкалада өлшенуі керек.
Х айнымалысы және У айнымалысы да қалыпты таралмаған болып келуі керек.
Таңдама көлемі үлкен емес болып келеді.
Екі айнымалының арасындағы қатынас сызықты емес болып саналады.
Спирменнің бас жиынтық үшін рангілік корреляция коэффициентінің ρs шамасын rs таңдама мәні бойынша бағалауын келер болсақ:
Бірінші Х шамасының мәндерін өсу ретімен орналастырып, ең кіші шамасынан бастап рангтер береміз (1,2,3... n нөмірлері). Тең шамаларға олар тең болмаған жағдайда берілетін рангтердің орта мәні беріледі. Мысалы 1, 4, 8, 8,12 қатарында төрт санының рангі 2, ал 8 санының рангі 3,5 тең.
Кейін осындай түрде У шамасының мәндері ранжирлейміз.
Үшінші кезекте Х және У шамаларының мәндерінің орнына олардың рангтерін алып Пирсонның корреляция коэффициентін есептейміз.(rs – х және у рангілерінің арасындағы Пирсонның корреляция коэффициенті),
немесе оны rs 1-(6 d 2/ n (n 21))
формуласымен есептеуімізге болады.
Бұл жердегі d-таңдаманың әрбір мүшесі үшін рангілердің айырмасы болып табылады.
Спирменнің рангілік корреляция коэффициентінің қасиеттері Пирсонның корреляция коэффициенті үшін анықталған қасиеттермен бірдей (r-ді rs-ке ауыстырады). Алайда:
rs Х және У арасындағы байланыстың (сызықты болуы міндетті емес) өлшемін береді.
rs2 есептелмейді
рs = 0 нөлдік жорамалды тексеру үшін:
- егер таңдама көлемі n≤50 болса, онда Спирменнің корреляция коэффициентінің сыни мәндері анықталған арнайы кестені қолданамыз. Нөлдік жорамалды жоққа шығару үшін rsбақ > rsсыни болуы қажет;
- егер таңдама көлемі n>50 болса, онда Стьюдент критерийін қолдану қажет болады.
Оған: t бак rs √(n-2/1-r2s ), df=n-2
Енді осы қарастырылатын айнымалылардың біреуі (X) реттік шкалада өлшейтін болғандықтан Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін қолданамыз.
Яғни талдау барысына толығырақ тоқтала кетер болсам:
Бірінші Н0 нөлдік және Н1 балама жорамалдарды анықтайтын боламыз.
Н0: ρs=0, арасында корреляциялық байланыс жоқ;
H1: ρs≠ 0, арасындағы байланыс бар.
Яғни арасында корреляциялық байланыс бар жоғын анықтаймыз
Кейін таңдама деректері бойынша Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті rs есептейміз. Ол үшін Х шамасының мәндерін ранжирлеп, рангтер қосындысының ∑R = n (n+1)/2 формуласына сәйкестігін тексеріп аламыз.
Содан соң корреляция коэффициентінің статистикалық мәнділігін тексереміз. n<50 болғандықтан Спирменнің рангілік корреляция коэффициентінің сыни мәндері кестесін қолданамыз.
Осыларан кейін алынған нәтижелерге қарап нөлдік немесе балама жорамал қабылданатынын анықтаймыз
Соңында алынған нәтижелерге қорытынды жазамыз.
Қорытындылай келер болсам негізі корреляция коэффиценті-байланыстың күшін және оның бағытын сипаттайтын сонымен қатар аралығындағы мәндерін қабылдайтын көрсеткіш болып саналады. Ал Спирменнің рангілік коррелящия коэффициенті Пирсонның корреляция коэффициентінің параметрлік емес баламасы болып саналады. Ол таралудың қалыптылығын, сол сияқты сызықты тәуелділікті талап етпейтіндіктен , оны сандық деректерге де, сапалық деректерге де қолдануға болатындығымен ерекшеленеді.
16. Регрессиялық талдаудың негізгі түсініктер және әдістері. Регрессиялық талдау моделдері. 50>