2. автономия/ autonomy


милитаризм/ басқыншылық/militarism-



бет7/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

73.милитаризм/ басқыншылық/militarism- агрессия — дербес мемлекеттің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы басқа бір мемлекеттің не мемлекетаралық әскери одақтастықтың қарулы күш қолдануы, өзге де өктемдік әрекеттерін жасауы.
74.манкурт/ мәңгүрт/ mankurt- (түрікменше munqul—есінен айырылған،ақылсыз) түркі кезеңінде жуанжуандардың (қарақытайлардың) тұтқынға жасаған әрекетінен кейін пенденің өз есінен айырылғаннан кейінгі аты.Мәңгүрттер қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті болып келеді.Олар тіпті алыс пен жақынды ажырата алмайды.
75.модернизация/ жаңғырту/ modernization- жекелеген тетіктер мен түзілімдердің құрылымдарын өзгерту арқылы білдектің функционалдық және басқа да қасиеттерін жақсарту, сенімділігін арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту. Жаңғырту өнеркәсіптік жабдықтарды, аспаптарды, тұрмыстық бұйымдарды, оларды жасаудың технологиялық процесіне күрделі өзгеріс енгізбей-ақ жетілдірудің барынша тиімді тәсілі.
76.национализм/ ұлтшылдық/nationalism- саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін, ұлттық бірлік пен дамуға талпынатын, ұлттық идентити мен құқықты қорғайтын саяси принцип. Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктер
77.новая экономическая политика/ жаңа экономикалық саясат/new economic policy- 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет.
78.нация/ұлт/ nation- қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан.
79. национальное самосознание/ ұлттық сана-сезім- этникалық мәнін түсінуіне, ұлтаралық қатынастары қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуына қандай үлесі барын ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей болатындықтан өмір сүруін т.б жағдайларды жете түсіну болып табылады.
80. оппозиция- саясатта-негізінен идеологиялық тұрғыдан үстем,бір немесе бірнеше саяси партиялар немее топтар, Үкіметке, әкімшілікке, партияға немесе қаланы, аймақты, облысты, елді саяси бақылайтын басқа да саяси органға қарсы тұратын қозғалыс.
81.қандастар - жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары.
82. қайта құру- 1985-1991 жылдары КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачев бастаған КСРО-ның экономикалық және саяси құрылымындағы үлкен және екіұшты өзгерістерді белгілеу үшін қолданылатын кеңестік партия басшылығының реформалары мен жаңа идеологиясының жалпы атауы
83. переселение/ көшіру- адамдардың (ерікті немесе мәжбүрлі) немесе жануарлардың тұрғылықты жерін өзгерту
84. партия - мемлекеттегі саяси билікті иемдену немесе оған мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өкілдері арқылы қатысу міндеттерін тікелей қойған адамдардың біріккен тобы.
85. полигон - қару-жарақ пен әскери техниканың (қарудың, жауынгерлік құралдардың және т.б.) әртүрлі типтерін сынауға, сондай-ақ әскерлер мен күштердің жауынгерлік даярлығына арналған мемлекет арнайы бөлген және жергілікті жердің, әуе немесе теңіз бетінің (құрлық, аспан немесе теңіз учаскесі) жабдықталған учаскесі.
86. пролетариат - жалдамалы жұмыс (өз жұмыс күшін сату) өмір сүрудің жалғыз көзі болып табылатын әлеуметтік тап
87. политическая система/ саяси жүйе-билікті (үкіметті) жүзеге асыруға және қоғамды басқаруға байланысты саяси субъектілердің өзара іс-қимылдарының (қатынастарының) бірыңғай нормативтік-құндылық негізінде ұйымдастырылған жиынтығы.
88. приватизация/ жекешелендіру- мемлекеттік немесе муниципалды меншікті (толық немесе ішінара) жеке меншікке беру-сату процесі болып табылатын меншікті қайта құру нысаны.
89. плюрализм - бірнеше немесе көптеген тәуелсіз және бір-біріне сәйкес келмейтін принциптер немесе болмыс түрлері, білімнің негіздері мен формалары, мінез-құлық стильдері және басқалары бар ұстаным.
90. путч/бүлік- қастандық жасаушылардың шағын тобының төңкеріс жасау әрекеті.
91. парламент - билік бөлінген мемлекеттердегі ең жоғары өкілді және заң шығарушы орган


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет