2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Сенімхаттың тоқтатылу негіздері (170б): 1)



бет42/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Сенімхаттың тоқтатылу негіздері (170б): 1)сенімхат мерзімінің өтуі; 2)сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы; 3)сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;4)сенімхат берген адамның одан бас тартуы; 5)өз атынан сенімхат берген немесе оның атына берілген заңды тұлғаның тоқтатылуы; 6)сенімхат берген адамның немесе оған сенімхат берілген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әртүрлі қабілеттігі шектеулі немесе хабар –ошарсыз кетті деп танылуы;
Сенімхат берілген адам, оның құқық мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтару тиіс.
Сенімнің ауысуы мынадай жағдайларда орындалуы мүмкін:

  1. Егер өкілге сенімхаттың өзінде осындай құқық берілген болса

  2. Сенім білдірушінің мүдделерін қорғау үшін қалыптасқан жағдайларға орай сенімді ауыстыруға мәжбүр болса

Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына қарай сенімхаттың түрлері:
1) Бас (жалпы) сенімхат, ол өкілді әр түрлі мәмілелер және әдетте өкілдік берушінің қызметінің барлық көлемімен байланысты заңды әрекеттер жасауға уәкілді етеді. Мысалы азаматтың мүлкін басқаруға сенімхат, заңды тұлға филиалын басқарушысының сенімхаты.
2) Арнайы сенімхат, ол өкілді белгілі бір салада әрекет жасауға немесе бір текті мәселелер мен заңды әрекеттер жасауға уәкілді етеді. Мысалы, сотта іс жүргізу үшін адвокатқа берілген сенімхат не жүктерді алу мен жөнелтуге экспедиторға берілген сенімхат.
3) Бір мәрте берілетін сенімхат, ол бір нақты мәміле немесе заңды әрекет жасауға беріледі. Мысалы, поштадан хатты алуға, бір шартты жасауға және т.с.с. сенімхат.
Бақылау сұрақтары:

  1. Өкiлдiк ұғымы

  2. Өкiлдiктiң құқықтық маңызы

  3. Өкiлдiктiң субъектiлiк құрамы

  4. Өкiлдiктiң оған ұқсас құқықтық қарым-қатынастардан айырмашылығы

  5. Өкiлдiк түрлерi.

  6. Сенiмхат

  7. Сенiмхат берудiң тəртiбi

  8. Сенiмхаттың мазмұны

  9. Сенiмхат түрлерi

  10. Өкiлеттiгi жоқ өкiлдiк





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет