2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Талап қою мерзімдері және оның қолданылуы



бет45/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Талап қою мерзімдері және оның қолданылуы. Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл. Арнаулы мерзім (қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ) талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен белгіленуі мүмкін. (178-б)
Талап қою мерзімі заңмен көзделеді, тараптардың келісімімен өзгертілмейді.

  • Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуі қосымша талаптар (тұрақсыз төлем,кепіл,кепіл болушылық және т.с.с) бойынша да талап қою мерзімдерінің бітуіне соғады. (179-б)

  • Бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан өз қарауына алады.(179-б).

  • Талап қою мерзімі біткеннен кейін міндетін атқарған борышқордың немесе өзге міндетті тұлғаның тіпті сол міндетті атқарған кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмесе де, аталған тұлғаның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ (186-б).

  • Талап мерзімін сот шешімін шығарғанға дейін дауда тарап жасаған мәлімдеме бойынша ғана сот қолданады.(179-б).

  • Талап қойғанаға дейін талап қою мерзімінің өтіп кетуі соттың талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болады (179-б).

Талап қою мерзімін тоқтата тұру:(АК 182б)

  1. Егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға кедергі жасаса

  2. Міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы Президентінің жариялауымен кейінге қалдыруымен байланысты

  3. Егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайында көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса

  4. Егер әрекетқабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса

  5. Тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс. (АК 183б) Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, тараптардың медиация туралы шарт жасасуы сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет