2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Талап қою мерзімін қалпына келтіру (АК 185б)



бет46/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Талап қою мерзімін қалпына келтіру (АК 185б) Ерекше жағдайларда талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуін себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кетуі себептері орынды болып егер ол талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса талап мерзімінің өтуі кезінде танылады.
Белгілі бір іс бойынша сот шешімін орындаудан бас тартылуына байланысты заң құжаттарына сәйкес талаптардың тап сол іс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзімі қалпына келтіріледі және қайтадан өте бастайды.


Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық құқықтағы мерзiмдердiң ұғымы‚ мерзiмдердi есептеу жəне оның түрлерi
2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзiмдерi
3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзiмдерi
4. Наразылық бiлдiру мерзiмдерi
5. Кепiлдiк мерзiмдер
6. Азаматтық мiндеттердi орындау мерзiмдерi
7. Талап қою мерзiмi
8. Талап қою мерзiмiнiң ұғымы
9. Талап қою мерзiмiнiң басталу сəтi
11. Талап қою мерзiмiн тоқтату‚ үзу жəне қайта жалғастыру
12. Талап қою мерзiмiнiң өту салдары
13. Талап қою мерзiмi қолданылмайтын талаптар
11тақырып. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Заттық құқықтардың түсінігі және түрлері
2. Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
3. Меншік құқығының нысаны мен түрлері
4. Ортақ меншік құқығы
5. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды иелену және тоқтатылуы
6.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың түсініг


1.Заттық құқықтардың түсінігі және түрлері
Объектісі зат болып табылатын мүліктік құқықтардың бір түрі – заттық құқықтар. Заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың түсінігі мен белгілеріне қатысты бір жақты шешім жоқ.
Заттық құқық ретінде өзінің шаруашылық үстемдігінде болатын затқа тікелей ықпал ету жолымен құқылы тұлғаның мүдделерін қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін құқық түсініледі.
Заттық құқықтардың мынандай белгілері бар: 1)заттық құқықтар жеке дара-анықталған заттарға қатысты туындайды; 2)заттық құқықтар абсолютті құқықтар және заттық құқықтарды қорғаудың абсолютті сипаты, яғни заттық құқыққа қол сұғатындардың барлығынан қорғау; 3)заттық құқықтардың заңмен белгіленуі; 4)заттық құқықтың затпен бірге жүруі, яғни затқа меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы бұл затқа басқа заттық құқықтардың (мыс. сервитуттың, кепіл құқығының) тоқтатылуы үшін негіз болып табылмайды; 5)басымдық сипаты, яғни заттық және міндеттемелік құқықтың бәсекелестігі кезінде бірінші кезекте заттық құқық жүзеге асырулуға тиіс; 6)затқа іс жүзінде үстемдік, яғни өзінің құқығын тікелей үшінші тұлғалардың араласуынсыз жүзеге асырылу мүмкіндігі. Бұл белгілердің барлығы заттық құқықтардың барлығында болады, бірақ кейбірінде олар анық көрінеді, ал басқаларында елеусіз болады. Осы белгілерге негізделе отырып заттық құқыққа келесідей анықтама беруге болады:
Заттық құқық – бұл, оның объектісі ретінде жеке дара-анықталған зат болатын, ерекше заттық-құқықтық қорғау құралдарымен барлығынан және әрқайсысынан қорғану құқалдарын иеленетін; иелену, пайдалану және билік ету құқықтарның барлығы құқық иеленушіде бірге немесе жеке дара болумен көрініс алатын; құқық иеленушіге затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігін беретін; бірге жүру және басымдық құқықтарының болуымен сипатталатын заңмен белгіленген мүліктік абсолюттік құқық.
Заттық құқықтардың түрлері: 1)меншік құқығы 2)меншік иесі емес тұлғалардаң заттық құқықтары немесе олар бөтен затқа құқықтар деп аталады. Бөтен затқа құқықтарға жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және АК-те немесе өзге заң актілерінде көзделген басқа да заттық құқықтар жатады (АК 195-бап).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет