2 Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу


дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет10/27
Дата04.01.2022
өлшемі173,01 Kb.
#109529
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Қазақстанның қазіргі замандағы тарихы Дәрістер жинағы 2020-2021 (1)

8 дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі




  1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыс және нарықтық экономикаға көшу

  2. 1992-1997 жж. экономикалық реформалар (мемлекеттік меншікті жекешелендіру, бағаны ырықтандыру, ұлттық валютаны енгізу және ұлттық қаржы жүйесін құру, шетел инвестициясын тарту, т.б.)

  3. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және нәтижесі



Дәрістің мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жүргізген экономикалық реформалары мен әлемдік экономикалық дағдарысты игеру жолындағы шараларының басты бағыттарына талдау жасау.

Дәрістің мазмұны: Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ел экономикасын жандандыру, нарықтық экономика тетіктерін қалыптастыру, дүниежүзілік дағдарыстарды еңсеру жолындағы экономикалық саясаты қарастырылады.

1. 1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың басындағы орын алған терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыс КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуына, шаруашылық байланыстардың бұзылып, елде жұмыссыздық пен инфляцияның күрт өсуіне әкелді. Дағдарыс Қазақстан экономикасын түбірімен қайта құру, нарықтық экономиканы қалыптастыру және жаңа экономикалық жүйеге тиесілі институттарды дамыту сияқты шешуші ісшараларды жүзеге асыруды талап етті.

Ел экономикасын ырықтандырудың алғашқы кезеңі (1991-1993жж.) мен өтпелі кезеңіндегі (1994 - 1997 жж.) әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басқару тетіктерін іздестіру бағытында төмендегідей маңызды экономикалық реформалардың тұтас кешені жүзеге асырылды:

а) бағаны ырықтандыру;

б) мемлекеттік меншікті жекешелендіру;

в) ұлттық валютаны енгізу;

г) қаржы жүйесін құру, салық және бюджет жүйесін қалыптастыру;

д) нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

е) шетел инвестицияларын тарту, т.б.

Бұр реформаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақтандыру кезеңіне (1998-2001жж.) өтуге, нарықтық экономикаға қажетті алғышарттарды қалыптастыруға жол ашып, макроэкономикалық тұрақтандыруға негіз болды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан бағаны ырықтандырды. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Қаңтар айынан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс өршіп, инфляция үрдістері күшейді.

Реформа қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қордағы үлесі 80%ды құрады. Дағдарыс жылдары олардың басым бөлігі қаңтарылып тұрды немесе жұмысын тоқтату шегінде болды. Бұл елдегі инфляцияны өршітті. Әлемдік практика көрсеткендей кәсіпорындар мен компаниялар қызметінің нәтижесі мен тиімділігі олардың меншік формасына байланысты еді. Республика басшылығы нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі ретінде елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.

Жекешелендіру Қазақстандабірнеше кезеңмен өтті. Осы жылдары жекешелендіру туралы бірнеше заң жобалары қабылданып, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Бірінші кезеңде (1991 - 1992 жж) «Кіші жекешелендіру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік саудажәне қызметкөрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Бұл кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындар аукционға, конкурстарға қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін берілді. Бұл кезеңде барлығы 4 770 субъект жекешелендірілді. Сонымен қатар осы кезеңде тұрғын үй нарығы қалыптасты. Тұрғын үй қоры тегін жекешелендірілді.

Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Бұл кезеңде жұмыс істеушілерінің саны 200 адамнан 5 мың адамға дейінгі мемлекттік меншік нысандарын жекешелендіруді көзделді.1996 жылы республикадағы бұрынғы мемлекеттік бөлшек сауда, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету жүйесі толық жекешелендірілді, бәсекені дамыту мақсатында шағын жеке меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді.

Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарынсату саясаты жүргізілді. Сенімгерлікпен басқаруға келісім-шарт жасалынған 66 кәсіпорынның кейіннен 26-сы басқарушы компанияларға сатылды. Жеке жобалар бойынша барлығы 93 кәсіпорын жекешелендірілді. Бұл республиканың барлық өндірістік қуатының 80%-ын құрады.

Жекешелендіруді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік бойынша Мемлекеттік комитеті мен оның аумақтық органдары министрліктер, ведомстволар мен жергілікті әкімшілдіктердің қатысуымен жүзеге асырды.

Дегенмен, жекешелендірудің негізгі мақсаттарыорындалмады:


  1. Кәсіпорындар экономиканы жандандыра алмады, оларда жеткілікті көлемдегі инвестиция да, шетел банкілерінің несиелері мен қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдіктері де болмады.

  2. Жекешелендірілген кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігін қолдау үшін құқықтық, экономикалық тетіктері болмады.

  3. 1995-1996 жылдары Қазақстанда толымды салық жүйесі де жоқ еді.

  4. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуін тоқтату мүмкін болмады. 1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады. 1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады.

Төртінші кезең - 1998 жылдың аяғында үкімет мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру қажеттігін түсінді. Жекешелендіруді және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Меншікті республикалық және коммуналдық меншікке нақты бөлу көзделді. Жекешелендіруді конкурстық негізде жүргізу басты талапқа айналды. 2001 жылы мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы қабыданды. Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық мәртебесі бар «ірі нысандарды» конкурстық негізде жекешелендірудің формалары мен әдістері жетілдірілді. Жекешелендірілген ірі кәсіпорындарға бақылау, шетелдік және ұлттық компаниялар қызметіне қаржылық мониторинг күшейтілді. Инвестициялық ахуал оң нәтижелерін бере бастады, қазақстандық кәсіпкерлер капиталының құйылуы өрістеді. Негізгі капиталға инвестиция, негізінен мұнай-газ өнеркәсібіне, металлургияға және және тамақ өнеркәсібіне салынды. Мемлекеттік инвестиция туралы бағдарламалар инфрақұрылым жобалары мен күнкөрісті қамтамасыз ететін нысандарды қаржыландыру мақсатын көздеді. 1997 жылдан инвестициялық белсенділіктің артуы байқалды. Инвестицияның өсуі 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 29,4 %-ды құрады. 2000 жылдың бағалауы бойынша инвестицияның жалпы көлемінің 59%-ы кен өндіру өнеркәсібіне, 11%-ы өңдеуші өнеркәсіпке, 8%-ы көлік саласына бөлінген.

Жекешелендіру нәтижесінде 2000 жылдың басында 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорын тіркелді, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 82%ы еді.

1993 жылдың қарашасында отандық ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды.


  1. жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. 1993 жылы Ресейдің Орталық Банкі жаңа 50 рубльдік ақша белгісін енгізді. Дегенмен оны Қазақстанға бермеді. Шын мәнісінде Ресей Қазақстанды рубльдік аймақтан ығыстырып шығарды.

  2. жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды.

  3. жылы республикада рубльдің қолданылуы біржола тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңы оның банктік жүйедегі орны мен рөлін, құқықтық дәрежесін, қызметін, міндеттерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдарымен өзара қатынасын белгіледі.

Ұлттық Банк елдің орталық банкі ретінде еліміздің экономикалық дамуы және оның әлемдік экономикаға бірігуіне қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік ақша-кредит саясатын қалыптастырады және іске асырады.

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. Теңге айналымға енген алғашқы 7 айда 8 есе құнсызданды.

Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды.

Республика тарихындағы маңызды оқиғаның бірі – елдің дамуының болашақ бағыттарын айқындап берген 1997 жылдың қазан айындағы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы. Стратегия аясында бірнеше ортамерзімді стратегиялық даму жоспарлары мен бағдарламалары өмірге келді. Ол бағдарламалар мен жоспарлар елді экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастыруды, реформаларды аяқтауды, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуды, «Қазақстан барысын» қалыптастыруды көздеді.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндерден-ақ жоспарлы орталықтанған экономикадан нарыққа өтудің басты тетіктерінің бірі ретінде ел экономикасына инвестициялық ресурстарды тартуды қолға алды. Бұл отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруды талап етті.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды салаларға инвесторларды белсене тарту», - деп көрсете келе, мәселеге ерекше басымдық берді. Шетелдік компаниялар, фирмалар мен жеке кәсіпкерлер де Қазақстанның инвестициялық климатын жоғары бағалайды. Олардың қатарында бай табиғи кен көздері, кәсіби маман кадрлар мен арзан жұмыс күшінің сыртында тиімді геосаяси жағдай, саяси ахуал мен ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ерекше орын алады.

1991 - 2010 жылдар аралығында елге 140 млрд. долл. шетел инвестициясы, оның ішінде 80 млрд. тікелей инвестиция тартылған. Негізгі инвестор-елдер қатарында Нидерланды, АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ұлыбритания бар.

Дүниежүзілік даму Банкі әлемнің инвестиция үшін тартымды жиырма елдің қатарына Қазақстанды да қосты.

2007 жылы тамызда АҚШ-тың ипотекалық жүйесінде басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс көптеген мемлекеттерді экономикалық құлдырауға әкеліп соқты. Дағдарыс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Қолайсыз сыртқы жағдай біздің компанияларымыздың мүмкіндіктерін азайтты. Әлемдік қор биржасында шикізат бағасының түсуі де оны өндіру көлемін тежеді.

2007 жылы күзде мемлекеттік бюджеттен 550 млн теңге бөлінді, бұл тұрғын үй құрылысының жандануына мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнеске көмек ретінде 155 млрд теңге бөлінді. Аграрлық секторға азықтүлікті қамтамасыз ету үшін 135 млрд теңге бөлінді. Қаржы секторындағы қиындықты сезген Ел басы Н.Назарбаев 4 млрд доллар мөлшерінде ұзақ мерзімді несиені қамтамасыз етті.

Елбасының шешімімен 2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамықұрылды.Олекі ірі холдинг – «Самұрық» пен «Қазынаны» қосу жолымен қаржы дағдарысының екінші толқынының басталуы кезінде маңызды мемлекеттік активтерді біріктіріп, Қазақстан экономикасын дамыту мақсатында құрылған. Қор дағдарыспен күрес іс-шараларында мемлекеттің маңызды құрылымдық құралы ретінде көрінді.

Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді басқару, олардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру және дүниежүзілік нарықта бәсекелестігін көтеру. Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары – бірден-бір акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі таза жұмыс жүргізу.

2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін бірлескен әрекеттер жоспарын жасауда Қор негізгі оператор ролін атқарды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қор қаржы секторын тұрақтандыруға, тұрғын үй саласын дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық, индустриялық және ішкі құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 млрд. АҚШ долларын игерді.

Қазақстан бірте-бірте Еуропаның Азиямен арадағы өңірлік көлік «көпіріне» айналды. Республикада транзиттік әлеует жасақталды, оның негізін бірқатар көлік бағыттары құрайды. Қазақстан маңызды екі стратегиялық міндетті шешті: Қазақстанның әлемдік теңіз порттарына шығуы және теміржол, автомобиль және әуе көлігінің негізгі үш бағыт: Ресей, Еуропа мен Балтық елдері; Қытай, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері; Оңтүстік Азия, Кавказ елдері, Иран және Түркия бойынша транзиттік қатынас.

Бірқатар мемелекет басшылары көрші елдермен тығыз экономикалық қатынастардың қажеттілігін түсініп, 1994 жылы ТМД Еркін сауда аймағы құрылды. ТМД елдері арасында екі жақты еркін сауда шарттарына да қол қойылды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың интеграция мәселесінде атсалысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты тәрізді көрші елдер басшыларын бір үстел басына жинайтын, ынтымақтастықты талқылайтын бірнеше платформа өмірге келді.

2000 жылғы 10 қазанда Астанақаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) құрылды. Қоғамдастық мүшелері: Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы,

Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы. Бақылаушылар қатарында Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Украинабар.

2010жылдың 29 қаңтарындағыҚазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекшелігі - алдыңғы онжылдықты қорытындылай келе, Қазақстанның болашақ онжылдығының, яғни Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын анықтап беруінде болды.

2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

3. Қазақстанның индустриалды-инновациялық бағдарламасы негізінен жалпы экономикалық өсуге бейімделген. Аталмыш бағдарлама мемлекеттің белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы құнды өнім өндіру және шетелге шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы шарттарын дайындау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруды көздейді. Осы онжылдық бас жоспар екібесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасықолға алынды.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық жеделдаму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздеді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ел экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым бағыттарды айқындап берді.



Осы орайда индустриялдық–инновациялық бағдарламаны үш кезеңде іске асыру көзделген.

Бірінші кезең – 2003-2005 жылдарға жоспарланған. Екінші кезең 2005-2010-жылдар.

Үшінші кезең - 2011-2015 жылдарға жоспарланды.

Негізгі күтілетін нәтиже- экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Жолдауды іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстардың алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуді көздейді. Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республиксының Ұлттық қорынан 2015 жылы – 796 млрд. теңге, 2016 жылы – 379 млрд. теңге, ал 2017 жылы – 3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарланған. «Нұрлы жол» бағдарламасы негізгі екі блоктан тұрады.

Бақылау сұрақтары:


  1. 1990-жылдары Қазақстан экономикасында қандай құрылымдық өзгерістер болды?

  2. 2007 жылы тамызда басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың алдын-алу мақсатында қандай ауқымды іс-шаралар атқарылды?

  3. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауының мәні неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет