2-билет Абайдың бірінші қара сөзі



бет7/25
Дата27.10.2023
өлшемі92,62 Kb.
#188535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
2-билет Абайды бірінші ара с зі
osh sor himija emn 10-klass kaz, 2 5341648553997513909
8-билет


1. Абайдың аудармалары
6 билет 1 сурагында тур
2. О.Асқар, Қазақтың басын қосқан Құрылтай


3. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі
Абайдың әлеуметтік лирикаларын сөз еткенде «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіне соқпай кету мүмкін емес.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,- деген жолдарында, қазақ халқының бүкіл трагедиялық өмірі жатқандай. Ақынның жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны «Қалың елі, қазағы». Оны «Қайран жұртым» деп бар жанымен ынтыға сүйген ақын, анық артта қалған қараңғы надандығын «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген сөзбен бейнелеп жеткізеді. Мұрттың ауызға түсіп, ішер асқа тиюі – ол харам. Мұны білген мұсылман неге мұртын қырқып, басып жүрмеске. Бірақ, ауызға түскен мұртты қырқатын ұстара жоқ. Мұртты қырқып басу үшін кім көрінгеннің қалтасында жүретін ұстараның, қазаққа табылмауы – қазақтың артта қалған надандығының белгісіндей.
Ал, жақсы менен жаманды айырмайтын оқуы жоқ сауатсыз, надан халықтың «бір ұрты май, бір ұрты қан» болатыны, яғни жақсылығы мен жамандығы бірдей жүретіндігі ежелден белгілі.
Абайдың ақындық ұлылығы сонда – ол бір шумақ өлеңге халықтың бүтін тарихын, бүкіл болмыс-бітімін сыйғызып тұр.
Міне, осындай тағдыры ауыр елді жарқын болашаққа жеткізетін ел басшылары емес пе еді?! Бірақ, олардан үміт аз. Тіптен жоққа тән.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінекей, бұзған жоқ па, елдің сиқын,- деген ақын, ел билеушілерінің елді меңгеріп, басқаруға жараймыз дегендерді білім, мінез, адамгершілік жағынан татымсыз, құнарсыз адамдар деп танытады. Өңкей қиқым. Қиқымда тамыр болмайды. Болса да таяз, жетімсіз. Өнім жоқ.
Таяз «қиқымдар» басқарған елдің трагедиясы әр уақытта терең болмақ. Халық мұңы – ақын Абайдың мұңы. «Қиқымдар» басқарған надан елде қандай болашақ болмақ? Халқының тарихи әлеуметтік жағдайын терең білген ақын:
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың,- деп күңіренеді.
Абайға бодан болған елінің болашағы күңгірт еді. Елін еңбекке, өнер- білімге шақырған ақынның өзі де халқына анық күрес жолын, бостандық жолың мынау деп көрсете алмады. Халқы да қараңғы, надан болатын. Ресей империясының отарына айналып, болашағынан айырылған халқының мұңы өз мұңы болған ақын, заманының улы запыранын ішіне жиып, «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,» -деп күңіренгенде, ақын болашақтан үміті үзілген сол кездегі бодан халқының трагедиясын айтып дерттенеді.
Халқының трагедиясы ақынның жеке жан азабына айналып,
Улы сия ащы тіл,- немесе:
Ішіп терең бойлаймын
Өткен күннің уларын,- болмаса:
Ашуың ашыған уойың кермек,- не:
Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға,
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?,- деген секілді Абай поэзиясында «Улы ойлар» топтамасы басталады. Абай өлеңдерін байыппен оқыған оқушы, ақын өлеңдерінде «у»- дан аяқ алып жүре алмайды. «У» - ақынның трагедиялық ойларының түп темірқазығы секілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет