5-билет
1. Қ.Мырзалиев. «Қызыл кітап» поэмасы
Қадыр Мырза Әли ірі туындыларды жазған ақын.Оның «Қызыл кітап» поэмасы жер бетіндегі адамзат істеп жатқан зұлымдыққа қарсылықтай.Бүгін аң-құс жер бетінен жойылып жатса,ертең адамзат та жер бетінен жойылады деген мағына бой көрсетеді.
Поэмадағы лирикалық кейіпкер табиғатты жойып алудан қорқады:
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды,
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды
Шошып кетем
Шаншығалы жатқандай дәу жайынды!
Ақын өзінің азаматтық үнін, көкейкесті ойын былай білдіреді:
…Аяймын мен анасыз,
Атасызды,
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық! –
деп, күйіне отырып, кешірім сұрайды:
Кешіре гөр біздерді,
Әулие көл!
Кешіре гөр біздерді,
Қыр киелі!
Автор табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшараралық мәселе ретінде қарастырып, оқырманды Америкаға да, Африкаға да, Еуропаға да апарады, бір кездерде мұнда адам саудасы болғанын да айтады.
Кейбір халықтың жойылып кеткенінен шошынады. Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды.
Поэманы не себепті «Қызыл кітап» деп атағанын аңғартады:
…Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
… Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Ақын саналы адам болғандықтан, табиғатты қорғау парызымыз екенін
айта келе:
Орнында ма санамыз?
Күшіміз де?!
Мамонт құсап
Жігіттік,
Азаматтық
Қалған жоқ па көміліп ішімізде?! –
деп ойлануға шақырады. Ата-баба салтын ұмытпау керектігін есімізге салады:
Жақсылықтың алдында бас иетін
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса, не болмақ перзенттерін?
Ер жоғалтса, не болмақ қасиетін?!
Табиғат пен адам арасындағы үндестік, қоршаған ортаны қорғаудың
маңыздылығын поэмада былайша түйіндейді:
Одан көріп,
Ақыры бұдан көріп,
Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Қ.Мырза әли қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны – адам, адамға тән сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Олардың қайқайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар.Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандайы болмасын Қадырдың жырлауында жаңа қырынан, бұрын соңды ешкім айтпаған мағынада, тың пішінде көрінеді. Соның ішінде ерекше орын алатын күллі халықты мазалап отырған экология мәселесі де бар...
2. Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Он жетінші қарасөз Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абайдың бұл қарасөзі оның ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерімен мағыналас болып келеді. «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңі мен он жетінші қарасөздің мазмұны бір. Ақын өлеңде айтқан пікірін қара сөзде дамытып, аша түседі. Бұл Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтынын дәлелдейді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай.
3. Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының композициясы
1.Шығарманың басталуы:Елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі.
2.Шығарманың дамуы:Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы.
3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы
4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин алдындағы есебі,
коллективизацияны тездетуді тапсырды.
5.Шарықтау шегі:Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға,бюроға шақырылуы.
6.Шығарманың шешімі:Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі
https://youtu.be/8oFq8ZCXoOw
Достарыңызбен бөлісу: |