2-билет Абайдың бірінші қара сөзі


-билет 1. Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі



бет9/25
Дата27.10.2023
өлшемі92,62 Kb.
#188535
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
2-билет Абайды бірінші ара с зі

10-билет


1. Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі
Ал өмірдің түпкі мақсаты неде?
Бұл маңызды сұрақтың жауабын Абай «Лай суға май бітпес қой өткенге» атты өлеңінде береді. Бұл өлең – өмір сырын ғана емес, сонымен бірге, ақынның жан дүниесін көрсететін біршама автобиографиялық шығарма. Өлеңде рухани әлемнің терең сыры ашылады.
Өлең екі бөліктен құралады. Бірінші бөлігінде фәни әлем сипаты беріліп, оның ықпалындағы жанның қиналысы суреттеледі.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Берген бе, Тәңірім, саған өзге туыс?
Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.
Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?
Ақын фәни әлемді лай суммен балай отырып, өзін сол лай суды жалап дәметкен қасқырмен теңейді. Қасқыр лай суды неге жалайды? Себебі – ол аш. Жан иелері өмір сүру үшін өздерінің құмарлығын қанағаттандыруы керек. Ол құмарлықтың бірі – тамақ. Тамақ үшін күрес – табиғаттың бір көрінісі. Аш қасқыр да тамақ іздеп даланы шарлап жүріп жайылған қойларды көреді. Бірақ жақындай алмайды. Маңындағы қойшылардан, шәуілдеп үрген күзетші иттерден қорқады. Өзі құштар майлы тамаққа ынтыққан аш қасқыр тек алыстан құмарланады. Қойлар бұлақтан шөлдерін еркін қандырып, әрі өткенде артында лайланған су қалады. Ашыққан байғұс қасқыр қой өткен соң жүгіріп келіп лай суға бас салып, жалай бастайды. Не себептен ол лай суды жалайды? Себебі – су қандай лай болса да, бұл суда өзінің аңсаған майлы тамағынан бірдеңе бар деп дәметеді. Бірақ, өкінішке орай, қасқырдың дәметкен майы жоқ. Себебі – лай суға май бітпес қой өткенге. Қойдың артында иісі қалуы мүмкін. Бірақ аш қасқырға қойдың иісі жеткіліксіз – оған қойдың майы керек. Иіс қасқырға қанағат бере алмайды. Біз бұны білеміз, сондықтан «Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге».
Сол сияқты, фәни әлем де Абай тәрізді жүрек көзі ашылған адамға лай су тәрізді. Адасқан жан фәни әлемнен құмарын іздейді, бірақ «Сол қасқырша алақтап түк таппадым» дейді.


2. Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының композициясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет