2 биосфера. Биосфера түсінігі. Биосфера қҰрылысы. Биогеоценоз 3 ластанған газды ауаны тазалау әдістері мен қондырғылары 4 табиғи ортаны қОРҒауды басқару



бет2/8
Дата21.12.2019
өлшемі0,84 Mb.
#53892
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bb9f9aef


Экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым.

    1. Экологиялық жүйелер

Экологиялық жүйе анықтамасы Тіршіліктің ұйымдасу дәрежесі мен негізгі заңдылықтары биологиялық жүйеге келтірілген. Онда тіршілік ұсақ, көзге ілінбейтін нышаннан бастап, бірте- бірте ірілене береді. Жүйенің үлгісі былай: Ген ( тұқым қуалаудың бастапқы нышаны) – клетка- дене мүшесі- тірі дене – популяция ( бір түрлі организмдер тобы) – сообщества (бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы). Тірі организмдердің генасы мен клеткасын зерттеу арқылы мысалы, медицина ғылымы, денені немесе дененің жеке мүшелерін түрлі ауру – сырқаудан емдейді, Ал биологиялық жүйенің денеден жоғары сатысын зерттеуге гена мен клетка дәрежесі жеткіліксіз. Жүйенің жоғарғы сатысы болып саналатын популяция мен сообществаны экология зерттейді. Бірге өмір сүретін түрлі организмдер мен олоарды қоршаған табиғи орта ажырамайтын байланыста және тұрақты арақатынаста болады. Тірі организмдер бірге өмір сүретін, өзара және табиғаттың өлі (абиотикалық) бөлектерімен қарым қатыныс жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасында заттар айналымы болып тұратын ортаны экологиялық жүйе деп атайды. Экологиялық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі болып есептеледі де, барлық ғылыми зерттеулер экологиялық жүйеден басталады. Экологиялық жүйе көлемі жағынан түрлі болып, кішкентай шалшық суда, үлкен орманда жеке жүйе қатарына жатуы мүмкін. Көршілес орналасқан экожүйелер арасында белгілі қалыптасқан байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Бірақ қашанда болса жүйе ішіндегі байланыс пен зат айналымынан көп кем болады. Мысалға көл мен орман экожүйелері арасындағы байланыс пен зат айналымын алып қарауға болады. Орманда шөппен қоректенетін жануарлар, оларды азық ететін жыртқыш аңдар, өзара тығыз байланыстары бар ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрт- құмырсқалар т.б) өмір сүреді. Сондай байланыстар көлдеде бар. Ондағы фитопланктондар (су қабатында «қалқып» жүретін ұсақ өсімдіктер, негізінен микроскоппен көрінетін балдырлар) мен зоопланктондар (су қабатында өмір сүретін ұсақ жәндіктер) қоректенеді. Оларды балықтар, балықты су жануарлары мен жыртқыш балықтар жеп күн көреді.

Былай алып қарағанда орман мен көл арасында байланыс жоқ сияқты. Бірақ, шынында олай емес. Күзде жапырақтар қурап желмен көл суына түсіп, шірігеннен кейін судағы жәндіктерге қорек болады. Суда өмірге келген жәндіктер өсе келе құрлыққа шығып орман тұрғынына айналады. Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте- бірте азайып, араласып, келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай екі экожүйе арасындағы ауыспалы аймақты ЭКОТОН деп атайды.



    1. Экологиялық жүйе түрлері

Экожүйелер алатын энергия көздері мен құрылымына байланысты екіге бөлінеді. Экожүйе үшін энергия қуаты «Қозғаушы күш» болып есептеледіде, онда болатын табиғи өзгерістер мен зат айналымы энегия қуатының көзіне, санына және сапасына байланысты болады. Энергия қуатының көздеріне қарай экожүйелер төмендегіше бөлінеді.

-Энегияны күн сәулесінен алып, табиғаттың басқа көздерінен және адамдардан алмайтын жүйелер. Оған мухиттар мен биік таулар жатады.

-Энегияны күн сәулесінен және табиғат көздерінен алатындар. Оған шабындықтар, жағалаудағы шығанақтар, өзендердің құйылыс сағалары т.б. кіреді. Олар күн сәулесімен қатар құнарлы топырақта болатын органикалық заттарды пайдаланып алған энергия қуатын жинап басқаларға береді.

-Энергияны күн сәулесінен және адамдардан алатын жүйелер. Оған егістіктер мен су қабатында қолдан өнім өсіретін аймақтар жатады. Олар күн сәулесімен қатар, адамдардың сепкен тұқымдарынан, жұмсаған жанар және жағар майлардың энергия қуатын пайдаланады. Энергияны отыннан алатын жүйелер. Оған қалалар, өнеркәсіп орталықтары кіреді. Олар күн сәулесінен гөрі жағылған отыннан алатын энергия күшіне мұқтаж. Экожүйелердің құрылымы бойынша бөлінуі өсімдік түрлері мен жер бетінің бедеріне байланысты болады.

Құрлықтағы жүйелер өсімдіктер түрлерінеқарай, судағы жүйелер геологиялық және физикалық айырмашылықтарына сәйкес бөлінеді. Адамзат қоғамының өсіп - өркендеуі мен мәдени дамуы осы құрлықтағы экожүйелерде өтіп келеді. Экожүйелердің құрылымы мен саны туралы ғылымда тұрақты қалыптасқан пікір әлі жоқ.

Көп ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, солардың ішінен көп тараған, дұрыс деген, аса ірі экожүйенің құрылымы бойынша бөлінуін былай көрсетуге болады:

А. Құрлықтық экожүйелер – тундра (солтүстіктегі ормансыз, мүк басқан дала), тайга – (солтүстіктегі қылқан жапырақтықалың орман), орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропик (жершары экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23, 27 градус қашықтықта жатқан жер) және таулар.

Б. Тұщы сулар экожүйелері – Лентті (Lentis- латынша «тыныш» деген сөз) сулар жүйесі немесе ағынсыз сулар (көлдер, су қоймалары), Лотты (Lotus – латынша «жуушы» деген сөз) немесе ағынды сулар (өзендер, бұлақтар, жылғалар), Батпақты алқап (батпақтар мен онда өсетін ағаштар, өсімдіктер т.б).

В. Теңіз сулары экожүйелері – Ашық мухиттар, жағадағы сулар (Континентальды шельф), Апвеллинг (құрлықтан соққан жел үстіңгі қабаттағы жаға суын теңіз ортасына қарай әкетіп, төменгі қабаттағы сулар жоғары көтеріліп жататын, теңіздің тік жағалауынан үстіңгі қабаттағы жылы суды желмен теңіздің ортасына қарай қуып, олардың орнына төменгі қабаттан көтеріліп жататын құбылыстарды айтады) аудандар, Лимандар (теңіз жағасымен өзен сағасындағы жайылма қолтықтар, су жайылатын жерлер).

1.4 Экологиялық жүйедегі процестер

Экологиялық жүйедеөтіп жататын табиғи процестер негізінен 4 құрамнан тұрады. Олар: бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы, «қозғаушы күш» болып табылатын энергияның үздіксіз болуы, заттар айналымы және жиналған энергия қорын қайта пайдалану. Экожүйеде өсетін өсімдіктер немесе «жасыл белдеулер» ғылым тілінде автотрофтар деп аталады, жануарлар мен жәндіктер «қоңыр белдеулер» ғылым тілінде гетеротрофтар деп аталады. Автотрофтар (өз бетімен қоректенетіндер) қатарына күн сәулесін сіңіріп, органикалық емес оңай қосындыларды пайдаланып органикалық күрделі заттар шығаратын, олардан қажетті қорлар жасайтын өсімдіктер жатады. Басқа сөзбен айтқанда, күн сәулесін органикалық затқа айналдырып, басқаларға қорек өндіретін өсімдіктерді автотрофтар дейді. Гетеротрофтар (дайын қоректік заттарға мұқтаж организмдер) қатарына негізінен басқа организмдермен, органикалық заттар қалдықтарымен қоректенетін жануарлар, органикалық заттарды ірітіп-шірітіп энергия (қуат) алатын, олардың ірітінділерін пайдаланатын бактериялар (жәй көзге көрінбейтін микроскоппен ғана көрінетін өте ұсақ организмдер) кіреді.

Гетеротрофтар екіге бөлінеді: биофагтарға- тірі организмдерді жеп күн көретіндерге, және сапрофагтарға- өлі органикалық қалдықтармен қоректенетіндерге.

Автотрофтар мен гетеротрофтар бірге өмір сүретін организмдер тобын (сообщество) құрайды. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы арқылы олар өзара тығыз байланыста болады. Экожүйелердің бәріде, биосфераның өзі де, ашық жүйелер болып саналады. Өйткені оларға шеттен энергия мен заттар, тірі организмдер келіп- кетіп жатады. Экожүйеде кіріс пен шығыс болуының үлкен маңызы бар. Ондай орта өмір сүруге қолайлы және өзін- өзі бірқалыпты ұстап тұрудың негізгі шарты.

Олар: қозғаушы күш болып саналатын күн сәулесі мен басқа энергия көздері, шеттен келетін қоректік заттар мен организмдер, жүйедегі бірге өмір сүретін түрлі организмдер, заттар мен органикалық элементтер айналымы және олардың жиналған қорлары. Экожүйенің шығыстары оң жағында. Олар:күн сәулесін өсімдіктер пайдаланбаған, тірі организмдерден, жаққан отыннан қоршаған ортаға бөлінген (шашырап тараған) жылу, органикалық заттар мен организмдердің басқа жүйелерге кетуі және органикалық емес түрге айналыпзаттар айналымынан шығып қалған элементтер.

1.5 Адамдар экологиясы

Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, онсыз күн көруі мүмкін емес:сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады. Табиғатта болатын заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энегельс былай деп көрсеткен болатын: «Өмір деген белокты дененің күн көріс түрі, оның ішінде қоршаған орта мен болып жататын заттар айналымына қатысуы; егер бұл айналым тоқтап қалса онда өмір де тоқтайды. Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, оның ішінде Ескі дүние маймылдары бөлігіне, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұннан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы). Табиғи ортаны өздерінің қажеттеріне жарату үшін адамдар бірлесіп, одақ құрып, ұжым ұйымдастырып, қоғамдастықтың ерекше түрін құрып, онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Сөйтіп адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.



Сондықтан адамдар экологиясы адамдардың табиғатпен тығыз байланысты, онсыз күні жоқ екенін, олардың ақыл- парасаты басқа организмдерден артық екенін ескере отырып табиғат пен қоғамның арақатынасын зерттегенде биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік проблемаларды қамтиды. Адамдардың жыл сайын күшейіп келе жатқан іс - әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізетін, әсерін, пайда- зиянын табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланып, қалпына келтіріп отыру жолдары мен әдістерін адамдар экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы - адамдар мен табиғаттың арақатынасы, олардың іс- әрекетінің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны. Демек, экология тек биология мәселелерімен айналыспай, әлеуметтік мәселелерді, адамдардың өзара қатынастарын, олардың қоршаған ортаға жасайтын әсерін зерттейтін болғандықтан оны тек биология саласындағы ғылымға жатқызуға болмайды. Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы – экологияның үлкен бір бөлімі болып есептеледі. Р.Парк пен Э.Бюргесс (АҚШ) өткен ғасырдың 20 шы жылдары ғылымға «адамдар (әлеуметтік) экологиясы» деген ұғым енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір сүру үшін тартысу (күресу), арақатынастарының негізгі түрі – биологиялық бақталастық көрінеді. Сонымен адамдар экологиясы табиғаттың, ондағы құбылыстар мен өзгерістердің адамдарға жасайтын әсерін, ықпалын зерттеумен қатар адамдардың қоршаған ортаға, бүкіл табиғатқа тигізетін әсерін, пайда- зиянын үнемі тексеріп, қажетті шаралар ұсынып отыруға тиіс. Адамдардың табиғатпен арақатынастары көп қырлы және көп сырлы болады. Оларды түсініп білуүшін терең білім мен зерттеу әдістерін жете меңгеру қажет. Арақатынастар көп қырлы дегенде мыналарды айтқан жөн:

1)- адамдардың табиғи ортаға көндігуі мен төзімділігі. Қазіргі кезде олар тек қоңыржай климатты өлкелерде ғана емес, шөл мен шөлейт аудандарда, Арктика мен Антарктикада шеңберінде, мұхиттарда тұрып, ғарышты игерумен айналысуда. Ондағы ауа райының өте қиындығына қарамай өмір сүріп, тиісті қызметтер атқарып келеді. Осыған байланысты адам денесінің төзімділігін, оның шыдау шегін білу өте қажет. Қандай суыққа немесе ыстыққа, салмақсыздықпен жоғары қысымға т.б ерекше (төтенше) жағдайларға адамдардың төзе алатынын, үйренетінін зерттеу маңызы зор мәселе. Осындай зерттеулер нәтижесінде адам денесінің мүмкіншілігін білу мен қатар төтенше жағдайда оның өмірін сақтап қалу үшін нақтылы жолдары мен әдістерін көрсету, әрине өте пайдалы.

2)- қоршаған ортада өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың санын, сапасын, беретін өнімдерін реттеу, жөнге салу үшін олардың өмір сүру ерекшеліктерін, пайдасы мен зиянын, достары мен жауларын жақсы білу керек. Сонда пайдалыларды көбейтіп, зиянкестерін азайтуға болады.

3)- экологиялық индикацияны жақсы білу қажет. Мысалы кейбір жануарлардың немесе өсімдіктердің түріне, өсуіне, мінез –құлқына қарап қоршаған ортада болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың пайдалы немесе зиянды екенін бақылауға болады. Экологиялық индикатор ретінде бояуының өзгеруін айтуға болады.

4)- қоршаған ортадағы құбылыстар мен өзгерістерді үнемі бақылау (мониторинг) қажет. Осындай бақылау нәтижесінде табиғаттың қазіргі жағдайын, болашақ қауіпті өзгерістерді алдын- ала болжап, күн бұрын шара қолдануға болады. «Табиғат – адам - өндіріс» жүйесінде басты тұлға адам болғандықтан экология ғылыми бақылау, тәжірибе жасау, ғылыми зерттеулер арқылы адамдардың табиғатпен ара- қатынасын дұрыс ұйымдастыру, өндірісті табиғи ортаға зиянсыз ету жөнінде жинақты ұсыныстар даярлауға, тиімді жолдармен әдістер табуға міндетті.
Бақылау сұрақтары:

1. Экология деген не, Э.Геккель анықтамасы.

2. Экологияның ғылымдағы орны.

3. Экологиялық факторлар, олардың түрлері.

4. Биологияның қатпарлы самсасы түсінігі.

5. Ғалымдардың экология туралы берген агықтамалары.

6. Экологиялық жүйелер.Экологиялық жүйе анықтамасы.

7. Экологиялық жүйе түрлері.

8. Қоршаған орта, оны қорғау туралы түсінік.

9. Экологиялық жүйедегі процестер.



2 БИОСФЕРА. БИОСФЕРА ТҮСІНІГІ. БИОСФЕРА ҚҰРЫЛЫСЫ. БИОГЕОЦЕНОЗ

Біздің планетамызда өмір сүруге қолайлы орта онша көп емес. Ауаның, судың және топырақтың жұқа қабатында ғана тіршілік бар. Тірі организмдер орналасқан ауаның (атмосфера), судың (гидросфера) және жердің (литосфера) қабаттары биосфера (bios-өмір, тіршілік, shpaqia-дөңгелек, шар) деп аталады. Тірі организмдер өмір сүретін өзара байланыс, қарым-қатынас жасайтын табиғи ортаны – атмосфера мен гидросфераның төменгі қабаттарын, литосфераның жоғарғы қабатын биосфера деп атауды 1875 жылы ғалым Э.Зюсс ұсынған болатын. Биосфера грекше «биос» - тіршілік, «сфера» - шар дегенді білдіреді. Ғалымдар биосфераның ауадағы шекарасы жер бетінен есептегенде 15 км биіктікке дейін, суда- 12 км тереңдікке дейін, жер қыртысында – 5км тереңдікке дейін болсын деген шешімге келді. Осы күнгі биосфера туралы түсінік белгілі орыс ғалымы, академик В.И.Вернадскийдің 1924 жылы Францияның Сорбонн университеттерінде оқыған лекцияларында оқыған болатын. Биосфераны тірі организмдер өмір сүретін орта деп қарасақ, ондағы адамдарды, олардың іс-әрекетін жалпы Планеталық әсері бар күш деп санауы керек. Адамдардың табиғатқа жасайтын ықпалы мен әсері соншалық екенін айта келіп, 1945 жылы В.И.Вернадский алдағы уақытта оларды геологиялық дәрежедегі алып күштер қатарындағы санауды ұсынды. Бірнеше миллион жылдар бойы жаратылыс заңдарына сәйкес өсіп жетілген биосфера біртіндеп Ноосфераға (hoos – гректің сана деген сөзі) айналып бара жатқанын, келешекте әлем жаратылыс заңдарымен қатар адамдардың ақылына, санасына бағынатынын айтқан.

Ғалымның пайымдауыншы Ноосфераға – биосфераның жоғарғы сатысы болып саналады. Қоғам мүшелері мен табиғат арақатынасында адамдардың іс- әрекеті, ақыл- ойы шешуші күшке айналады. Жаратылыс заңдарын біліп, түсініп, техника мен жұмыс әдістерін жетілдіре отырып адамдар өздерінің ықпалы мен әсерін одан әрі күшейте түседі, жер бетіне (кейінірек бүкіл әлемге) көптеген өзгерістер енгізеді, табиғат процесстерінің жүруіне ықпал жасайды. Тірі организмдер өмір сүретін әлемдегі жалғыз орын биосфераның хал- жағдайы, олардың өзара қарым-қатынастары, өздері тұратын ортамен байланыстары, адамдардың іс- әрекеттерінен биосфераға келетін пайда мен зиян, оны қорғау үшін алдын ала қолданылатын шаралар экология ғылымы зерттейтін тақырыпқа жатады. Жеке ғылым саласы ретінде ол табиғаттағы физикалық және биологиялық құбылыстар мен өзгерістерді тексеріп, жаратылыс тану және қоғамдық ғылымдарды, ғылыми негіздермен кунделікті тәжірибелерді байланыстырып, теорияны іске асыру жолдарын іздестіріп, табиғаттың әлеуметтік және экономикалық жақтарын зерттеп, қоғам мен табиғат арақатынасын ғылым талаптары негізінде құру проблемаларымен айналысады.

2.1 Экологияның ғылымдағы орны

Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдарымен ара- қатынастарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық, әсемдік, көркемдік, тағы басқа көптеген мәселелермен айналысады. Тек биологиялық мәселелермен айналысып қоймай, табиғатты қорғаудың және пайдаланудың әлеуметтік- экономикалық жақтарын да зерттейді. Сондықтан экологияны жаратылыстану саласындағы ғылым, немесе биологияның бір тарауы деп қарау дұрыс болмайды. Әлеуметтік- экономикалық проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады. Халықтың саны өсіп, азық-түлік және энергия қуаты жетпей, қоршаған орта шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыс тану бағытына қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алды. Экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы. Дұрыс шешімін табу үшін жаратылыс тану, техникалық, қоғамдық тағы басқа ғылым салалары қатысуы қажет. Бұл проблемалар бір ғылымның қолынан келмейтін мәселе. Қоршаған ортаға біртұтас жүйе деп қарамай, бөлшектеп зерттегендіктен ғалымдардың ұсыныстары қайшылықтары көп, ортаның бір бөлігіне пайдалы болса басқасына зиянды болып, жұмсалған күш пен қаражат зая кетіп, табиғи ортаның жағдайы жақсару орнына күннен күнге нашарлап, кері кетіп жатады. Қоршаған ортаны, өндірістік аймақты, ауданды, қаланы, облысты, біртұтас алып, олардағы барлық проблемаларды зерттеу арқылы экологиялық дағдарыстан шығу мүмкін. Ол үшін экология басқа ғылым салаларына өзінің тапсырмаларын үлестіріп беріп, олардан түскен ғылыми зерттеулерге талдау жасап, бір- бірімен салыстырып, дұрысын алып, қатесін қайтарып, бір жүйеге келтіріп отыратын жеке ғылым саласына айналуы қажет. Адам баласы миллиондаған жылдар бойы өз өмірін жақсарту үшін биосфераға (жер, ауа, су, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне) елеулі өзгерістер енгізіп келеді. Осы өзгерістердің келешекте пайдалы немесе зиянды болатыны ғылыми тұрғыдан нақты анықталды деп айту қиын.

Қай заман, қай ғасырда болсын қазақ халқында биосфераға немқұрайды қарау деген болған жоқ. Тіпті қатал заманның ауыр бұлты басып тұрған кезде қазақ елі өз жерінің табиғат байлығын аялап қорғап, обал мен сауапты адалдық пен арамдықты ажырата білді. Қай заманнан бері қарай қалыптасқан дәстүр екенін кім білсін, әйтеүір қазақтар орман-тоғай ішінен жеміс-жидек беретін өсімдіктерді кеспейді. Адамдарды биосфера байлықтарына (аңға, құсқа, жерге, суға, өсімдік жеміне) жанашырлық көзбен қарауға тәрбиелейтін халық аңыздары мен ертегілері, әртүрлі дәстүрлері көп-ақ. Олардың тамыры терең, мазмұны кең, тәрбиелік мәні зор. Биосфераның табиғи ресурстары мол болғанымен ол сарқылмайтын дүние емес. Адам өмірі үшін шикізат күннен-күнге қажет болып келеді. Біздің заманымыздағы ғылым мен техника қуатының биосфераны аз жылдың ішінде- ақ адамзат баласы танымастай өзгертіп жіберуге мүмкіндігі бар. Сондықтан да биосферадағы өлі және тірі табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану жолдарын іздестіру көзделіп отыр. Қазіргі кезде еліміздің биосфера байлықтарын пайдалануды жоспарлау елде өзекті мәселелердің біріне айналды.

2.2 Биосфера құрылысы

Биосфера – грекше биос-өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Биосфера ұғымы ғылымға кездейсоқ енген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын, 1875 жылы австриялық геолог Эдуард Зюсс өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының соңғы, ең жалпылама тарауында жер жарының әртүрлі қабаттары жайында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И.Вернандский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 градустан –50 градусқа дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады.

Олар: 1) атмосфера (газ күйіндегі)

2) гидросфера (су)

3) литосфера (қатты) қабаттар

Атмосфераның төменгі қабаттың құрамы



Атмосфераның төменгі қабатының компонент

Мөлшері

Атмосфераның төменгі қабатының компонент

Мөлшері

Массалық, %

Көлемдік, %

Массалық, %

Көлемдік, %

Азот

75,52

78,09

Азот оксиді

2,5·10-3

2,5·10-4

Оттек

23,15

20,94

Сутек

3,5·10-6

5·10-5

Аргон

1,28

0,93

Метан

0,8·10-4

1,5·10-4

Көміртек диоксиді

0,046

0,033

Азоттың диоксиді

8·10-5

1,5·10-4

Неон

1,2·10-3

1,8·10-3

Озон

10-6-10-5

2·10-6

Гелий

7,2·10-5

5,2·10-4

Күкірт диоксиді




210-8

Криптон

3,3·10-4

1·10-4

Көміртек оксиді




1·10-5

ксенон

3,9·10-5

8·10-6

аммиак




1·10-6

Негізгі ластаушы компонентердің атмосфераға тасталатын мөлшері (млн.т) (Т.А. Акимова, А.П. Кузмин, В.В. Хаскин, 2000)



Заттектер

Дүние жүзі бойынша, млн.т

Ресей

Тұрақты көздер

Көлік

Тұрақты көздер

Көлік

Қатты бөлшектер

57

80

6,4

3,7

Көміртек оксиді

177

200

7,6

10,1

Күкірт диоксиді

99

0,7

9,2

-

Азот оксиді

68

20

3,0

1,1

Көмірсутектер

4

50

0,2

2,0

Атмосфера негізінен – тропосфера, стратосфера және ионосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. Атмосфера Тропосфера – грекше «tropos»(тропос)- бұрылыс «sphaira» (сфера) шар қазақша өзгермелі қабат деген шағына береді. Ол атмосфераның жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Оның орташа биіктігі 10-12 километрге дейін жетеді.


Стратосфера – латынша «strafum»-(төсем), «sphaira»(сфера)-шар, теңіз деңгейінен 9-11 км.жоғары жататын атмосфера қабаты. Мұнда ылғал жоқ. Бұлтта болмайды. Ал температура 30 км-ге дейін бір қалыпты болады да, бірақ биіктік артқан сайын (30-35 км-ден әрі қарай) температура төмендей береді. 20-25 км. биІктікте озон мол кездеседі. Ол күннің әсірекүлгін сәулелерін өте көп сіңіреді. Өйтпеген жағдайда тірі организмдер түгелімен қырылып қалар еді.

Ионосфера – гректің «ion» (ион) қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Оның қалыңдығы 800 км-ге дейін жетеді. Бұл орта тропосфера сияқты көбінесе оттегі мен азоттан құралады. Газдардың тек жекелеген молекулалары, иондары мен атомдары ғана кездеседі.

Атмосфера – жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphaira» - (сфера) шар деген сөзден шыққан. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95%), яғни 1,5∙1015 тонна аргон (1,28%), азот (75,50%), яғни 3,8∙1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Спутниктер мен ракеталардың көмегімен жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері ауаның жоғары шекарасы жер бетінен 20 мың километр биіктікке дейін тарайтынын анықтады. Көпке дейін ғалымдар ауаның массасын білмей келді. Тек XVII ғасырда ғана оның салмагы бар екені анықталды. Ауаның массасы 5,27∙1025 тонна, яғни 5 мың триллион тонна. Ауа – адамның алақанына 150 кг салмақпен әсер етеді. Ол барлық денеге 15 тоннадан артық күш түсіреді. Шын мәнінде адамдар осыншама салмақтың басып тұрғанын сезбейді. Өйткені адамның денесі ауаның қысымына үйрніп кеткен. Бұл-табиғи құбылыс. Ауа қысымы сәл ғана азайса біздің көңіл күйіміз төмендеп, тамыр соғу жиілейді, әлсіздік пайда болады. Ауа күн сәулесінен келетін жарықты шашыратып, реттеп отырады. Егер ауа қабаты болмаса сөйлеген сөзді де, шырқап салған әнді де, ағаштың сыбдырын, құстардың дыбысын да біз ести алмаған болар едік.

Гидросфера - әртүрлі табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұлар құрлықтың 70 пайызын алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 миллион шаршы километр. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құрылған. Үстінгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 километрден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Минералды қабаттардан басқа, жерді тағы бір ерекше қабат-биосфера қоршап тұрады. Биосфера деңгейінен бастап, тау жоспаларының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.

Соңғы жылдары көптеген ғалымдар (Дж.Хатчинсон және т.б) биосфераның жер бетінің қазіргі кездегі организмдер тіршілігінің ықпалындығы бөлігі ретінде қарастырып, биосфера ұғымын тарылтып жүр. Көптеген ғылыми терминдер әртүрлі жағдайларда бірде кеңірек, бірде тарлау мағынада қолданылуда. Сонда биосфера – жер шарының осы бір айрықша қабығына қандай ерекшеліктер тән? Біріншіден биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп. Екіншіден, оған күн энергиясының тасқыны ықпал етеді. Үшіншіден, биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән. Жердегі энергия көзі күн болғандықтан, күллі тірі организмдер жердің екі қабығы метосфера мен гидросфераның жоғарғы қабаттарында таралған

Жер қабаттарының қай-қайсы болмасын күн сәулесін неғұрлым жақсырақ өткізсе, соғұрлым тірі организмдер олардың тереңірек қабаттарына шейін қоныстанған деуге болады. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді. Ауырлық күшінің арқасында энергия ағыны одан да әрі таралады: жарықталған қабаттардан теңіз түбіне эксперименттер түйішіктері, өлі және тірі организмдер үздіксіз түсіп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет