2 биосфера. Биосфера түсінігі. Биосфера қҰрылысы. Биогеоценоз 3 ластанған газды ауаны тазалау әдістері мен қондырғылары 4 табиғи ортаны қОРҒауды басқару



бет7/8
Дата21.12.2019
өлшемі0,84 Mb.
#53892
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bb9f9aef


Бақылау сұрақтары:

1 Радиациялық ластану.

2 Радиоактивті қалдықтар.

3 Қазақстан республикасында радиактивті қалдықтарды көму тәртібі

4 Шектеулі рауалы деңгей деген не

5 Радиоактивті қалдықтарды көму пунктері

6 Жергілікті (облыстық, аудандық) атқарушы органдар

7 Шаруашылық қызметінің нәтижесінде радиоактивті қалдықтармен байланысты заңды және жеке тұлғалар



9 СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ. ЛАС СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ

Су ең маңызды экологиялық ресурс және тірі организмдердің басты құрамды бөлігі. Сутектің оттекпен жай тұрақты қосылысы. Сутектің 3 оттектің 6 изотоптарымен судың 36 изотоптың түрі түзіледі. Бұлардың 9-ы тұрақты изотоптардан түзіліп, табиғи судың құрамына кіреді. Су-жер бетінде ең көп таралған қосылыс. Ол барлық гидросфераны құрайды, байланысқан күйінде әртүрлі минералдар мен тау жыныстарының құрамына кіреді. Топырақта, атмосферада болады. Планетадағы судың жалпы мөлшері 1,5∙ 1024 -2,5∙1024, яғни, жер бетінің гектарына шамамен 50 млн. тонна судан келеді. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су болады. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында және топырақта мекендейтін организмдер үшін судың басты көзіне жауын- шашын жатады. Жауын-шашын экологиялық рөлі климаттың басқа параметрлеріне, әсіресе, судың топырақ және суқойма бетімен булану қарқындылығын немесе өсімдіктердің булануын анықтайтын температураның режимге байланысты өзгереді. Жер бетіндегі организмдерді сумен қамтамасыз етуді грунт суы, сондай-ау суқойма суы (ең алдымен жануарларды суару үшін пайдаланылады) маңызды рөл атқарады. Сумен қамтамасызданғандық және жыл ішінде оның өзгеруі-организмдердің орналасу заңдылығын сондай-ау экожүйенің құрамымен құрылымын анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Күн сәулесінің жылу энергиясымен су биосферада тұрақты айналады. Организмдерде су режиміне бейімделудің алуан көріністері қалыптасқан. Сумен бірге организмдер еріген заттектерді алады. Судың маңызды сипаттамасына оның сапасы жатады. Ол ластану сандарымен бірден нашарлауы мүмкін. Экожүйенің сумен қамтамасыз етілуіне антропогендік реттеу мүмкіндігі бар. Ал егер де біз су айдындарына тоқталатын болсақ онда, дүниежүзілік су қоршауының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайшы таптайды:

- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; - химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

- физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады.

Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздың құрамы, еріген бөлшектер, температура әртүрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы Мемлекеттік 76 стандарт 28-74-82 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейінінің ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен- көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері

- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; - өнеркәсіп орындары;

- ауыл шаруашылығын химияландыру; - халық шаруашылығының басқа да салалары Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді.

Оларды қоспалар (ерімейтін, коллойдты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық)-деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 % , минералдық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар- химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйенің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқылды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

Оның негізгі ластану көздері мыналар:

- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар; - химиялық заттар және тыңайтқыштар;

- тұрмыстық қалдықтар;

- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;

- ірі құрылыс учаскелері;

- сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда. Өзендердің ішінде Ертіс су алыбы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап т.б ауыр металдар (ластануда) шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады. Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған ракета полигондары» т.б кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары (Ақдала, Шарын массивтері) және Шеңгельді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препораттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, Іле суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды ұшықтыра түсуде. Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепкі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Азия, Кенес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр. Ақтобе облысындағы су айдындарының да экологиялық жағдайы нашар. Мәселен, Елек өзені алиш өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қорғалжын, Алакөл, Науырызым, Марқакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық жағдайы біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айлындары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда. Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстан жиірек ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген істер жүргізілуде. Бақылау сұрақтары: 1 Су ресурстарына сипаттама 2 Су ресурстарының ластануы 3 Өнеркәсіпте пайдаланатын суларға сипаттама 4 Қазақстандық су ресурстары

10 ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ

10.1 Жер қоры

Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. га құнарлы жерлерден айрылған. Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің ауданының кемуі жоғары жылдамдықпен жалғасуда. 1-кестеде дүние жүзінің жер қоры туралы мәліметтер келтірілген.

Кесте 1-Дүние жүзіндегі жер қоры

Жерлердің түрі

Млрд. га

Үлесі %

Адам басына шаққанда, га 1

Құрлық

14,9

100

2,60

Орманды жерлер

4,1

30

0,80

Ауыл шаруашылық жерлері соның ішінде:

а) егістік

ә) жайылым


1,5

2,8


10

20


0,20

0,60


Басқа жерлер

6,5

40

1,00

Топырықтардың жойылуы, халық санының артуы адам басындағы шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады. 1950 жылы дүние жүзінде 1 адамға 0,24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0,15 га-ға дейін кеміген.

Топырақтың маңызы мен қасиеттері.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.



В.В. Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ- зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент-ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады. Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен су ертінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті.

Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары. Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазыргі Тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған . Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қылқанжапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктермен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В. Докучаев «топырақ-ландшафтың айнасы» деген. Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуан түрліліктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады. Жер ресурстарына әсер ету-құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радиациялық және су балансының өзгеруі, олай болса климаттық параметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі – қатты және химиялық ағыстардың артуы. Аталған құбылыстармен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты. Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтаң өзін- өзі реттеуші жүйе ретінде тіршілік етуінің бірден-бір шарты болып табылады. Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретінде ең алдымен ерекше органикалық зат гумус пен тірі ағзаларды атауға болады. Аталған заттардың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар, оның өзін-өзі реттеуі мен тұрақтылығын да төмендетеді. Топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия жұмсауды (топырақты өңдеу, қоректік заттардың мөлшерін толықтыруға байланысты тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптермен, зиянкестермен күреске жұмсалатын барлық энергияны қосқанда) қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсер етеді. Қарапайым шаруашылықта топырақтың тек табиғи құнарлығы пайдаланылып, қарапайым өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл кездегі жұмсалатын энергия жылына 2 ГДж/га құрайды. Кейін жоғары интенсивті егіншілікке жұмсалатын энергия мөлшері 12-15 ГД/ж-ға дейін жетті. Реймерстің мәліметтері бойынша (1990) қосымша жылына 15 ГД/ға энергия жұмсалғанда топырақ пен орта үшін зиянды (интенсивті эрозия, су қоймаларына химиялық заттардың шайылуы, судың эвтрофикациясы және т.б.) құбылыстар орын алды Тағы бір айта кетерлік маңызды қағида-әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігі оны алу үшін көп энергия жұмсауды қажет етеді. Мысалы, ХХ ғасырдың басынан бері өнім бірлігіне жұмсалатын энергия мөлшері 8-9 есе артқан. Жерлердің бұзылуының деградациясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың 80 теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолдануы және т.б. (1-сурет)


10.2 Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары

Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда-«бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе желдің әсерінен бұзылуы. Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде бірішісінде-ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді.

Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар-жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардың 1,5-2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер топырақты Шектен тыс мал жаю Қышқылдық жауын- шашын Урбанизация процесі Агротехника -ны дұрыс жүргізбеу Пестецидтер Топырақ эрозиясы Құрғату мен суландыру Ашық әдіспен кен өндіру Топырақ деградация- лану факторлары тамырларымен бекітіп тұрады. Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікте әскрі айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру осыған негізделген. Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына, кеңістіктің ашықтығына(ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) көп ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтылығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді. Аталған факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде, әсіресе құмды топырақ грунттары таралған жерлерде болады. Бұрынғы ССРО-ның территориясында жел эрозиясы («шаңды дауыл») 60-70- жылдарда кеңінен таралған еді. Әсіресе, тың жерлерді игеру кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымданған. Олар іс жүзінде шамамен 6-7 млн. Га жерде жойылған. Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе, шымтезекті жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдың байланысының төмен болуымен сипатталады. Мұндай эрозиялық процестер («қара дауылдар») Украина мен Белоруссия территориясында байқалған. Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңінен таралған. Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық прцестердің болуына, әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу, өсімдік жабынын жою, мал жаю, туризм және т.б. әсер етеді.


Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынынң зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол ) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ержелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.

3. Егістік жерлерді қорғау іс-шаралары:

• ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар;

• (жүгері, картоп, қызылша) топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;

• Жиектік жыртуды жүргізу (рельефтің горизонттарымен);

• өңдеуден оңай бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;

• шағын егістік танаптарын табиғи ландшафтармен кезектестіру;

• танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

• топыраққа жасалатын қысымды кемітетін техниканы пайдалану. Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет.

Бақылау сұрақтары:

1 Жер қоры.

2 Топырақтың маңызы мен қасиеттері.

3 Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары.

4 Су эрозиясы

5 Эрозиямен күресу жолдары



11 АВТОМОБИЛЬ ШУЫНЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ

Қала шуылының адамға тигізетін жағымсыз әсері ло шуылдың табиғи қасиеттерінің және психофизиологиялық әсерінің көп қырлылығымен, сонымен қатар оның кумулятивтік қабілеттілігімен түсіндіріледі. Жаңа уақыттағы психоэмоциналдық қысымның өсіп отырған жағдайында және еңбек процестерінің интелектуалдануы жағдайында шуылдың аз деңгейінің өзі ғана адам ағзасына қосымша жүктеме болып табылады. Шудың жоғарылығы есту қабілетінің төмендеуіне, тез шаршауға, еңбектің өнімділігін төмендетуге әкеп соғады, ал тез шаршау және тұрмыстық шу қалыпты демалысқа, ұйқыға, күштің қалпына келуіне кедергісін жасайды. Егер шудың пәрмені белгілі бір шектен асса, онда адамның жүйке жүйесіне күш түсіп, нәтижесінде мидың жүйкелік құрылымының қызметтік қарқыны бәсендейді, еске сақтау мен назар әлсірейді, жұмыстың дәлдігі мен реакцияның жылдамдығы төмендейді, ақпаратты қабылдау мен оны өңдеу қиындайды. Еңбек күнінен кейінгі қалыпты демалыс пен ұйқының жоқтығы адамды біртіндеп бірқатар ауруларға әкеп соғатын созылмалы шаршаудың жиналуын туғызады. Адамға шуылдың зиянды әсерін төмендетуге бағытталған алдын-алу шараларының негізгілерінің бірі жұмыс орындары мен тұрғып жайлардағы шуды шектеу болып табылады. Бұл мәселеге біздің елімізде де, басқа да экономикалық дамыған елдерде үлкен көңіл бөлінеді. Шумен күрес бойынша міндетті орындау үшін шудың рұқсат етілетін дәрежесі мен шу спектрының санитарлық-гигиеналық нормасын сақтау үлкен маңыз атқарады. Шудың рұқсат етілген дәрежесінің сипаты ретінде халықаралық стандарттау ұйымының шешімімен дыбыс деңгейі эквивалентті қабылданған. Біздің елімізде әртүрлі жайлар мен жұмыс орындарында шудың рұқсат етілген шегі бекітілген нормативтік құжаттар жасалған және ол іс жүзінде жұмыс істеуде. Тұрақты жұмыс орнында дыбыс дәрежесі “Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымы мен дыбыс деңгейінің рұқсат етілген гигиеналық нормасымен” бекітілген 85 д БА бірлігімен шектеледі. Қалыпты жұмыс істеу үшін автомобиль көлігі бірқатар жер ресурстары шығынын талап етеді. Автомобиль көлігінің қызметін қамтамасыз ететін автомобиль жолдарының, автокөлік кәсіпорындарының, көлікжайлар мен оларға қызмет көрсететін техникалық станциялардың, жүк станцияларының, автобекеттердің, жанар-жағар май құю станцияларының және т.б құрылыстар салудың кей жағдайларда адамның басқа әрекеттеріне, әсіресе ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін жайлары жиі кездеседі.



Сондай-ақ, қалаларда да үлкен аумақты алаңдар көлікке қажетті құрылысқа толы. Барлық көшелердің жүретін бөлігі, автокәсіпорындары тұрағының орны, автомобильдер тұратын көлікжайлардың алаңының жиынтығы осы кездегі қала аумағының 25-40 % алып тұр. Бірақ, соның өзінде бұл айтылып отырған көлем күн сайын қарқындап келе жатқан автомобильдер легін өткізуге жеткіліксіз болып бара жатыр. Жол тораптарының дамуы автомобильдер парктерінің санынан қалып бара жатыр, яғни автомобильдер санына шаққандағы жолдар көлемі жеткіліксіз болып отыр. Осы жайлардың бәрін талдай келсек мынандай бір қызық көрініс байқалады: көліктің дамуы қаланың өсуіне жол ашады, алайдақаланың өсуі өз кезегінде көлікпен атқарылатын жұмыстың көбеюін туғызады, осыдан келе, қала неғұрлым үлкен болса, оның көп бөлігі көлік пен көлікке арналған құрылысқа толады,- деген қорытынды туады. Автомобиль көлігінің жер ресурстарын пайдалануы тек көлікке арналған құрылыстар салуға ғана байланысты емес, сонымен қатар топырақтың техникалық эрозиясына, оның майларды жұтуына, жер бетіндегі және қабатындағы су ағысының өзгеруіне, топырақтың мұнай өнімдерімен және двигатель жұмысы барысында бөлінетін газдардың әртүрлі құрамдас бөліктерімен ластануына, топырақтын тірі қабатының жойылуына, табиғи ландшафтың талғамдық құндылығының төмендеуіне де байланысты. Ал судың ластануы кез келген ағзаның өміріне зиянын тигізетіні баршаға мәлім. Су клеткалар мен ткандер құрамына кіреді. Тек су барда ғана жануарлар мен өсімдік организмдерінде күрделі реакциялар мен зат алмасу процесі жүре алады. Жер шарының климаты мен ауа-райының жағдайы көбінесе су кеңістігімен және атмосфера құрамындағы су мөлшерімен анықталады. Адам қоғамының даму дәрежесімен бірге судың өнеркәсіпте, өндірісте пайдалануы кеңейе түсті де, осыған орай суды пайдалану және пайдалану барысында оны ластау күннен күнге арта түсті. Әлем бойынша 450 текше метр ағын суды зарарсыздандыру үшін күніне 5500 текше метр таза су жұмсалады екен, бұл адамның басқа қажеттерін өтейтін су мөлшерінен үш есе көп. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетика, коммунальді шаруашылық сияқты су тұтынушы салалармен салыстырғанда автомобиль көлігінің үлесі аса үлкен емес деп айтуға болады. Әдетте судың ластануы көлік кәсіпорындары, жанар-жағар май қоймалары, жанар-жағар май құю станциялары, жөндеу және техникалық қызмет көрсету станциялары, көлікжайлар мен тұрақтар аумағынан еріген қар суы немесе жауын суы аққанда, сондай-ақ автомобиль жолдарынан аққан осындай сулардың ағын суға немесе жер асты суларына құйылуының салдарынан болады. Суды бұлғайтын негізгі ластаушылар қатарына автомобиль жұмысына пайдаланылатын қатты заттар, мұнай өнімдері, әртүрлі тұздар жатады. Олардың құрамы жыл мезгіліне, топырақ тұрпатына, автомобильдер паркі түріне, суды пайдаланудың үлестік салмағына байланысты. Әсіресе, суға құйылған мұнай өнімдерінің зияны аса үлкен, мұнай өнімдері су бетіне жайыла келе үлкен аумақты жұқа қабат болып жатып алады да, суға оттегінің енуіне кедергісін келтіреді. Егер бір тамшы мұнайдың су бетіне жайыла келе диаметрі бір метрлік аумақты қамтитынын есепке алсақ, судың автомобиль көлігінен шыққан мұнай өнімдерімен ластануының жалпы көлемін елестету қиынға соқпайды. Су бетіндегі мұнайлы қабықшаның қозғалысы өте жоғары, ол үлкен қашықтыққа жылжи алады. Сулардың мұнай өнімдерімен ластануын суларға полициклдік ароматтық көмірсутектердің, оның ішінде канцерагенды қасиетке ие бензо-а-пиреннің болуымен байланыстырады. Ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану объектілерінің суының құрамындағы зиянды заттарының рұқсат етілген шегі жасалған. Бұндай объекті суларының құрамындағы мұнай өнімдерінің көлемі 0,1 мг/л мөлшерінен артпауы керек, ал тетра-этил-қорғасын мүлде болмауы қажет. Су обектілерінің ағып келетін сулармен ластануын тазалау қондырғыларын орнату арқылы және суды бірнеше рет пайдалану арқылы азайтуға болады. Бұл жағдайда суды пайдалану процесі тұйық болып қалады. Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз-автомобильдердің жұмыс нәтижесінде пайда болған зиянды газдардың құрамдас бөліктерімен атмосфералық ауаның ластануы, көлік шуылы, тербеліс, электромагниттік сәулелер, жер массивтерінің майлануы, жер беті және жер асты суларының ластануы, автомобиль жолдарының құрылысын салу барысындағы ландшафтың бұзылуы, су және жел эрозиясы, геодинамикалық процестердің күшеюі болып табылады. Автомобильдердің жұмыс рәтижесінде пайда болған газдардың зиянды компоненттері мен автокөліктер шуылының зияны өте зор. Автомобильдердің жұмыс нәтижесінде пайда болған газдар – бұл 200-ден астам элементтер мен қосындылардың қоспасы. Соңғы кезде автомобильдердің жұмыс нәтижесінде пайда болған газдардың ең негізгі зиянды компоненттері болып көміртек тотығы (СО), көмірсутегі (CnHm), (NOx) танылып отыр. Ішкі жану двигателінің бөліп шығарған газдарының құрамындағы улы заттардың болуы бірқатар конструкторлық және реттеуге боларлық факторлардың, пайдаланып жүрген отын мен май түрлеріне, жану процесінің жүруіне, автомобильдің жұмыс жағдайы мен техникалық күтіміне байланысты. Көміртек тотығы (СО), қан гемоглобинімен реакцияға түсе отырып, адам организміндегі тотығу процесін бұзады, бұдан келе қандағы оттегінің қозғалыс жылдамдығы төмендейді. Кей жағдайларда газдың аз мөлшерінен де адамдардың улануы орын алады, бұған ең бірінші жүргізушілер, жол полтциясы қызметкерлері, ірі қалалардағы жаяу жүргіншілер жатады. Уланған адамның басы ауырады, жалпы депрессияға ұшырап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Азот тотығы (NOx) адам организміне түсісімен сумен әрекеттесе отырып, азот және азот тектес қышқыл түзеді, ал бұл қышқыл адамның өкпесінің бүлінуіне, оның жұмысының бұзылуына ұшыратады. Сонымен қатар азот тотығы (NOx) көздің шырышты қабатын, жүрек-тамыр жүйесін бүлдіреді. Азот тотығының (NOx) әсерін ешқандай зарарсыздандыратын затпен жоюға болмайды. Қалдық газдардың құрамында оннан астам көмірсутегі (CnHm) болады. Әсіресе газдар құрамында рак ауруын туғызатын көмірсутегінің болуы адамдар үшін аса қауіпті. Ең толық зерттелген көмірсутегі концерогенді зат - ароматты көмірсутегі – бенз-а-пирен немесе 3,4 бенз-а-пирен. Бенз-а-пиреннің орта есеппен алғандағы ауадағы тәуліктік концентрациясы ірі қалаларда 0,1 мкг/100м3 орнына 3мкг/100м3 -ке дейін жетеді. Үлкен қаланың тұрғыны көшеде ұзақ уақыт болса, 50қорапша шылымның құрамындағыдай бенз-а-пирин жұтады. Сонымен қатар, қалдық газдардан бөлінетін күйе де өте зиянды зат болып табылады. Көміртектен өзге, күйенің өзі де канцерагенді заттарды тасымалдаушы қызметін атқарады. Бензинге этил сұйықтығымен бірге қосылған қорғасынның 70-80% қалдық газдармен бірге атмосфера ауасына түседі. Организмде жинақтала отырып, қорғасын қосындылары қан жасайтын органдардың өзгерісін тудырады, бұл өз кезегінде зат алмасу процесін бұзады. Карбюраторлы двигательдердің бөліп шығаратын газдарының құрамында аз мөлшерде болса да күкірт тотығы болады, бұл зат та ағзаның қан құраушы органдарының бүлінуіне әкеп соғады. Катализаторлық зарарсыздандырғыштармен жабдықталған автомобильдерде күкірт қоспалары су буымен әрекеттескенде күкірт қышқылын бөледі. Улы заттардың әрекеті газдардың ауада жиналып тұрып қалуын туғызатын ауа райының қолайсыз жағдайында тіпті күшейе түседі. Атмосфераның бұлғануының әсері жалпы тіршілік қабаты болып табылатын биосфераның басқа элементтерінің бүлінуін туғызады. Оған мысал ретінде қалдық газдардың құрамындағы ауыр металдардың топыраққа түсуін атауға болады. Ең бірінші бұндай ауыр металға қорғасын жатады. Тәулігіне 90 мың автомобиль жүретін жолдың бойындағы 10 метр қашықтықта орналасқан жердегі топырақ пен өсімдікке, этилденген бензин пайдаланған жағдайда бір метр жерге 2880 грамм қорғасын қонып қалады екен. Бұл қорғасынның жалпы бөлінуінің 40%-і ғана. Өсімдік пен жан-жануарлар организмінде жинақталған қорғасын адам организміне түседі. Қалдық газдар суда ери отырып, суды да ластайды. Газдың суда еру қасиеті оның ерігіштігі, табиғи жағдайы, үлестік қысымы, температурасы сияқты бірқатар жайларға байланысты. Әсіресе, төмен температурада газдың суда еруі өте пәрменді жүреді. Ауа бассейінін ластаудың алдын-алу үшін заңды түрде ауаны ластаудың яғни зиянды заттардың ауаға бөлінуінің рұқсат етілген шегі бекітілген. ПДК (предел допустимой концентрации – рұқсат етілген концентрация шегі) дегеніміз ұзақ уақыт бойы күнделікті адам организміне әсер ете отырып, паталогиялық өзгерістер тудырып, ауру шақырмайтын, сонымен қатар адамның биологиялық бірқалыптылығын бұзбайтын атмосфералық ауадағы химиялық қоспалардың концентрациясы. ПДК елді мекендердегі атмосфера ауасының жағдайын бақылайтын санитарлық қадағалау қызметінің тұрақты түрдегі назарында болады. ПДК-ның өлшемі СН 01.001-01-94 санитарлық нормасында берілген және оның сақталуы қатаң түрдегі міндетті жай. 160 зат пен 35 ауа ластағыш қоспаға норматив тағайындалған. Атмосфералық ауа құрамында бір мезгілде бірнеше заттың болуы жағдайында, олардың жиынтық сомасы мынандай есептеумен алынған бірліктен аспауы керек:
С1 /ПДК1 + С2 /ПДК2n /ПДКn ≤ 1
Мұнда, ПДК1, ПДК2, ПДКn – зиянды заттардың атмосфералық ауадағы бірліктері, С12n - ауадағы заттардың нақты концентрациясы, мг/м3 .

Бақылау сұрақтары:

1 Автомобиль шуының адамға әсері

2 Автокөліктерден су бассейндерінің ластануы

3 Автокөліктерден шығатын газдар, олардың организмге әсері

4 Рұқсат етілген концентрация шегі қалай анықталады
12 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНА ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМАҚЫ. АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстарды кең көлемде жүргізулер іске асырылуда. Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін өзі қалпына келтіру процесі ұзаққа созылып жүреді. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді. Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын-ала болжап барып, әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн. «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» туралы заңда белгіленген, негізгі табиғи қолдануға төленетін ақы табиғат қолданушыны штраф пен компенцациядан босатпайды делінген. Табиғатты қорғау заңдарын бұзбай іске асырылатын негізгі табиғи қолданушыға төленетін жүйені кәдімгі өндірістік процесс реттейді. Және де қоршаған орта мен табиғи ресурстарды аса нормалық ластануға төленетін ақы штрафтық емес, жағдай жасау сипатына ие және штраф пен компенцациялар сияқты соттық арыз тәртіпте емес, олар акцепсіз ретте төленуі керек. Облыс кәсіпорындарының атмосфераға ластағыш заттардың шығаруына төленетін ақыны есептейтін мысал келтірейік:

Облыста орналасқан кәсіпорындар: - Цементтік завод; - Машина жасау заводы; - Тоқыма фабрикасы; - ТЭЦ; - Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы.

Кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын ластағыш заттарға төленетін құнды есептеу үшін, төлемақы нормативін анықтау керек. Ол мынандай формуламен анықталады:


Р= З/ Мн
мұнда, З-региондық программамен анықталатын орташа жылдық шығын көлемі (теңге); Мн-қоршаған табиғи ортаға жалпы түгел регионға лақтырылған ластағыш заттардың жиынтық нормативті жылдық көлемі.

Біздің мысалда, әр кәсіпорындағы келтірілген жылдық нрмативті көлемді есептейміз. Ол мына формуламен анықталады:


Hj .Ki

Мұнда, mHj-табиғи айтылуда j-ші ластағыш заттың нормативі (тонна); n – ластағыш заттың көлемі; i – ластағыш заттың түрі; Ki – i-ші ластағыш заттың қатысты қаупін есеретін келтіру коэффициенті.

Ол мына формуламен есептеледі:

Кi =1/ ШМКi

Мұнда, ШМКi- i-ші ластағыш заттың шектелуі мүмкін концентрациясы (мг/м3)

Жылу электр орталықтары (ТЭЦ) шығаратын зиянды заттардың келтірілген (МHj) көлемінің есептеуі төмендегі 5-кестеде келтірілген, ал кейбір ластағыш заттардың келтіру коэффициентінің мәні 6-кестеде келтірілген.

Кесте-5 Зиянды заттардың келтірілген (МHj) көлемінің есептеуі.

Ластағыш заттың аты

Лақтырылған ластағыш заттың нормативті көлемі mHj (т/г)

Келтіру коэффициенті Ki

Келтірілген көлем шарт.т/жыл МHj

Шаң

1180

10

11800

Көмір қышқылы

30

0,33

10

Азот диоксиді

30

25

750

Көмір қышқыл газ

50

20

1000

Барлығы

-

-

13560

Кесте-6 Ластағыш заттардың келтіру коэффициентінің мәні.


Ластағыш заттар

ШКМ, мг/м3

Келтіру коэффициенті шарт.т/т

Азот қышқылы

0,04

25

Хлор

0,03

33,3

Қатты заттар

0,05

20

Фенол

0,0003

333,3

Аммиак

0,04

25

Формальдегид

0,003

333,3

Ластағыш заттардың нормативті лақтырылуына кәсіпорындарда төленетін ақы көлемі (Пн) мына формуламен анықталады:



Пн=РМнj

Ластағыш заттардың асырылған нормативті лақтырулары үшін төленетін ақы көлемі (П') олардың келтірілген жалпы көлемі бойынша анықталады:


П' = Р * Кр *⋅ ∆ mj
Мұнда, Кр – алынатын төлем ақының қысқартылған коэффициенті. Р - төлемақы нормативі. mj-табиғи айтылуда j-ші ластағыш зат. Ол табиғи қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттардың асырылған нормативті лақтыру коэффициенті бойынша анықталады. Нормативте нақты көлемді арттыру коэффициенті мына формуламен есептеледі:
d = Mɸj / MHj
Мұнда, Mɸj – нақты лақтырылған ластағыш заттың келтірілген көлемі, (усл.т)

Нормативте ластағыш заттардың келтірілген жалпы нақты көлемінің абсолют арттыруы мына формуламен есептеледі:


mj=Mɸj-MHj
Жердің табиғи суларының қазіргі деградациялануына негізгі себеп болып антропогендік ластану табылады.
Олардың басты салалары болып қызмет ететін:

- Өндіріс орындарының ағын сулары;

- Қалалар мен басқа да адамдар тұратын пунктердің коммуналды шаруашылық ағын сулары;

- Сайлардың үстіңгі және ауылшаруашылық объектілердің ағындары ;

- Атмосферадан көлемді сулар мен жиналған сулар бассейндеріне ластағыштардың түсуі.

- Онымен қоймай ұйымдастырылмаған ағын сулардың қалдықтары көлемді суларды техногендік терраполлютандардың заттай бөлігі ластайды;

- Гидросфераның антропогендік ластануы нақ осы уақытта глобальды сипат алуда және планетадағы қол жетпес кермек судың эксплуатационды ресурстарын ықтималды кемітті.

Өндірістік, ауылшаруашылық және коммуналды тұрмыс ағындарының жалпы көлемі 1300 км3 . Оны жинап қосу үшін 8,5 мың км3 жуық су қажет, яғни әлемдегі 20%-і толық және 60%-і тұрақтайтын ағын өзендері керек. Оның үстіне әр бөлек су бассейндеріндегі антропогендік жүктеу орташа глобальды мәнне әлдеқайда жоғарырақ. Гидросфера ластаушыларының жалпы салмағы өте үлкен – жылына 15 млрд. тоннаға жуық. Ал өте қауіпті ластаушыларға: ауыр металл тұздары, фенолдар, пестицидтер және тағы басқа органикалық улар, мұнай заттары, бактериялармен қаныққан биогенді органика, активті синтетикалық заттар мен тағы басқа жуғыш заттар

Кесте-6 Ластағыш заттардың келтіру коэффициентінің мәні.

Құрамындағы заттар топтары

Млн.т/ж.

Ауыр металл тұздары

93

Синтетикалық органикалық заттар

2500

Жуғыш заттар

15

Фенолдар

5

Пестицидтер

2

Биогендік органика

1200

Мұнай заттары

12

Шаң

1800

Су бетіндегі әртүрлі қалдықтар

1300

Сулардың химиялық ластануларынан басқа, оларды механикалық, термиялық және биологиялық ластанулардың белгілі мағыналары бар. Жер үстіндегі табиғи ағын сулардың белгілі нормативтердің бұзылуы қауіптілігін анықтау үшін сонымен бірге қайтарылымсыз қолданылатын судың көлемі елеулі рөл атқарады. Барлық белгіленген нормативтерді бұзу түрлерінің қауіптілігін бағалау негізінде ластанған ағын сулардың көлемі мен асырылған өлшемдері және олардың нормативтік дәрежелерін анықтауға негізделген жалпы мақсат жатыр. Мысалы, химиялық і-ші белгіленген нормативтің бұзылу қауіптілігін мына формуламен есептеуге болады:


Di = Vi * Wi /Ni
Мұнда, Di – мың м3 таза су түрінде белгіленген, судың қалыпты жағдайы үшін техногенді көлемі. Ол қауіптілікті жою үшін өте қажет-зиянды ағындарды езуге. Vi – ластанған сулардың көлемі, мың м3 Wi – белгіленген нормативті бұзу көлемінің үлкендігі-ағын сулардағы қауіпті ластағыштардың максимальды концентрациясы, мг/л. Ni – белгіленген нормативті бұзу мәні-балық аулау шаруашылығына арналған сулардағы максимальды қауіпті ластанудың ШМК, мг/л

Жер үсті салмағы бойынша өте үлкен және қауіпті апнтропогендік жүктеуге берілген. Егер атмосфераға 1 млрд.т. кем емес ластағыш заттар шығарылса (СО2-сіз), ал гидросфераға –15 млрд.т. жуық ластағыш заттар шығарылады, онда жерге жыл сайын 85 млрд.т. астам антропогендік қалдықтар түседі. Кейбір бағалаулар бойынша олардың жалпы көлемі 90жж. аяғында 1500км3 асты, ол 600 мың Хеопс пирамидасының көлеміне сәйкес келеді. Егер де берілген бөліктің осы көлемі – химиялық инертті, онда оны жер бетінде орнату үшін, адам табиғи экожүйенің елеулі ауданын жояды. Қалдықтардың әр тоннасына қолдану стадиясында 5 т. өндіріс стадиясындағы қалдықтар сәйкес және 20 т. шикізат алу кезінде (1:5:20). Біздің бағалауымыз техногенді материалдық балансты талдау мен осы үш “шектеудің” қатты қалдықтарына қатысты, ол келесі қатынастай: 1:10:100. Жер бетінде әр тұрғынға жылына орташа 0,12 т. қолданылған қалдық сәйкес келеді, 12 т. барлық өндіріс товарлары мен 14 т. жуық қайта өндірілетін шикізат қалдықтары. Жерді ластайтын көптеген қалдықтардың қауіптілігін бағалайтын түрлі бағалаулар бар. Өте қауіптісі – геохимиялық пен биохимиялықта айтарлықтай қозғалмалы және ішетін суға немесе адамдар мен үй жануарларына тағам ретінде қызмет ететін өсімдіктерге түсіп кетуі мүмкін токсиндік терраполлютандар. Топырақтың ластану дәрежесі ретінде топырақтың ластану концентрациясының коэффициенті (ЛКК) қолданылады.

Ол мынандай формуламен есептеледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет