2 биосфера. Биосфера түсінігі. Биосфера қҰрылысы. Биогеоценоз 3 ластанған газды ауаны тазалау әдістері мен қондырғылары 4 табиғи ортаны қОРҒауды басқару


Биосферада тіршілік қалай пайда болды



бет3/8
Дата21.12.2019
өлшемі0,84 Mb.
#53892
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bb9f9aef


2.3 Биосферада тіршілік қалай пайда болды

Тіршілік жайындағы идеалистік концепцияның пайда болғанына ондаған ғасыр болды. Оның негізін салушы гректің ертедегі философы Аристотель еді (ол біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген). Аристотельдің айтуынша тіршілік дегеніміз қоректену, өсу және қартаю. Оларға энтелехия, яғни өзінің ішкі мақсаты бар принцип себеп болады. Идеалистік ағымның ішіндегі ең ықпалды дегені-виталистер табиғаттағы барлық тірі организмдерде ерекше тіршілік күші (жаны-vis vitalis) бар деп дәлелдеді. Ол құдайдың құдіретімен тірі организмдерге беріледі. Осыған орай органикалық заттар бөлек жаралған жанды дүние деп түсіндірді. Биология ғылымында витализм ең бір реакцияшыл ағым еді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда витализмді жақтаушы дәрігер Г.Шталь (1660-1734) болды. Виталистер тіршілік күшін (құдайдың) материясыз ерекше субстанция деп санады. Олар материяны әлемге тәуелсіз деп түсіндірді. Виталистік концепцияны жақтаушылар тіршілік күші құдайдың құдіретімен жаралған деп есептеді. Осыдан кейін ақыреттік өмір бар деген діни сенімді, жак мәңгі деген теріс ұғымды таратты. Фридрих Энгельс «Табиғат диалектикасы» және «Анти-Дюринг» атты еңбектерінде тіршіліктің пайда болуын, оның дамуын диалектикалық материализм тұрғысынан түсіндірді. Энгельс тіршілікті тірі материяның ерекше қозғалыс формасы деп қарады. Осы тұрғыдан өлі және тірі материяның біртұтастығы мен тіріге тән сапалық ерекшеліктерінің бар екенін білді. Табиғаттағы тірі және өлі заттардың шыққан тегі бір екенін химиялық анализ жасап білуге болады. Барлық тірі организмдердің химиялық құрамы 20-23 элементтен тұрады. Ф.Энгельс материя ешуақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінің дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады.



2.4 Жер биосферасы

Жердің пайда болғанына 4,5 миллиард жыл болған. Ал жер бетінде тіршілік бұдан 3-3,5 миллиард жыл бұрын пайда болған. Жердің қалай пайда болғаны туралы бірнеше жорамал бар. Олардың ішіндегі ғылымға кең тараған Кант-Лапластың тұжырымы: жерді басқа планеталар сияқты, күннің айналуы және кішіреюі кезінде оттай жанып тұрған газ күйінде күннен бөлініп шыққан, кейіннен өзінен-өзі суына бастаған шар деп есептеді. Сайып келгенде, жер мәңгі өзгермейтін құбылыс емес. Ол әлем кеңістігіне тараған материяның даму заңдарына байланысты өзгеріп отырады. Биосферада топырақтың пайда болуы-өте ұзаққа созылған табиғи процесс. Ол тау жыныстарының мерзімдерде үгілуінің және мүжілуінің нәтижесінде пайда болған. Биосфераның табиғи күштерінің ішінде температураның, судың, желдің, көшкіндердің, мәңгі мұздар мен қардың әрекеті ерекше. Физикалық және химиялық үгілудің салдарынан неше түрлі биік таулар апатқа ұшырап, қирап, тастар уатылып, құмға айналған. Құм суға шайылып бір жерден екінші жерге жылжып отырған. Су кепкеннен кейін тастардың ұсақ бөлшектері желдің күшімен ауаға көтеріліген. Жауын-шашын мол болса немесе жел қатты соқса, жер бетінде өзгерістер болатыны қазірде де байқалады. Қазақстан жерінің жалпы көлемі 2 721 991 мың гектар. Қазақстан жері алты түрлі аймаққа бөлінеді. Бірінші – далалық аймақ. Онда егін егіледі, мал өсіріледі. Егіннен негізгі алынатын өнім-бидай. Сүт және ет дайындау үшін ірі қара бағылады. Екінші – шөл далалық аймақ. Мұнда егін мен мал шаруашылығы бар. Әсіресе қой өсіру кең дамыған. Үшінші – шөлейт далалық аймақ. Ол әсіресе қой, ірі қара малын өсіруге қолайлы, егіншілік көмекші шаруашылық ретінде болады. Төртінші – таулы, шөл, шөлейт аймақтың негізгі бағыты-қой шаруашылығын қарқынды түрде дамыту болып есептеледі.

Кейбір алқаптарда суармалы егіс егуге болады. Бесінші аймаққа Тянь-Шань тауларының көптеген жері, тау бөктерлері жатады. Мұнда бау-бақша, суармалы дәнді дақылдар егілері. Олар қарқынды түрде дамыған. Сондай-ақ қой, ірі қара шаруашылығы кең өріс алған. Алтыншы аймақ – Алтайдың таулы және тауға жақын жерлерін алып жатыр. Бұл аймақтарда мал өсіріледі, егін, бау-бақша, бал арасы шаруашылығы қарқынды дамыған.

2.5 Су биосферасы

Ерте заманда халықтар тек күнге, айға ғана емес, тіпті суға да табынған. Гректер мен римдіктердің аңыз-ертегілерінде су тәңірі Нептун десе, ал мұсылмандар аңызында суды жаратқан Сүлеймен пайғамбар дейді. Мұның бәрі табиғат құбылыстарының сырын білмегендіктен туған теріс ұғым. Біздің айналамызды су қоршап тұрады. Жер шарының 70 пайызын, яғни 361 миллион шаршы километрлік су алып жатыр. Бұл теңіз деңгейінен жоғары тұратын құрлықтың көлемінен он есе артық. Судың көптеген бөлігі бу, тамшы, қар, мұз күйінде атмосферада кездеседі. Су осыншама мол болғанымен ол жер бетіне біркелкі жайылмаған. Суға тапшы жерлер де бар. Шөл және шөлейт дейтініміз содан. Су қаншама ластанса, соншама тазартуды қажет етеді. Оны тазартуға қыруар мөлшерде қаржы кетеді. Өндіріс орындары неғұрлым әртүрлі машиналар мен механизмдерді, өнеркәсіп товарларын мол шығарса, солғұрлым су көп ластанады. Таза суға қойылатын негізгі шарт-судың түсі көгілдір, мөлдір болу керек. Сондай-ақ бөтен иіс-қоңыс, дәм болмауы қажет. Табиғаттағы сулардың химиялық құрамы зерттеле келе су бірнеше түрлі болатыны байқалды. Судың ауыр және жеңіл болып бөлінетін судағы сутегі иондарына байланысты екені анықталды. Сутегі 3 изотоптан тұратынын арнаулы жүргізілген зерттеулер көрсетті. Сутегінің бірінші изотопы-протий, екіншісі-дейтерий, үшіншісі-тритий. Табиғаттағы суда оттегі мол болады. Ауыр судың не иісі, не дәмі жоқ. Кәдімгі ауыз судан сыртқы көрінісі жағынан айырмашылығы болмайды. Ауыр судың химиялық құрамы кәдімгі жай ауыз судың химиялық құрамымен бірдей. Онда 2 атом сутегі мен 1 атом оттегі бар. Табиғи суларда ауыр судың мөлшері өте аз. Канаданың Трэль қаласының жанындағы Колумбий өзенінің суында дейтерий жоқ. Гудзон өзенінде тіпті ауыр су кездеспейді. Қазақстанда 48262 көл бар. Солардың ішіндегі ең, үлкені-Каспий көлі (оны теңіз деп атайды). Ұзындығы 1200, ені 200-500 км.



2.6 Биогеоценоз

Биогеоценоз – грекше «биос»-өмір және тіршілік, «гео»-жер, «ценоз»- бірлестік - күрделі табиғи жүйе. Биоценоз-бірлесіп бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысты түрлердің бүкіл жиынтығы. Бұл атауды ғылымға 1877 жылы неміс ғалымы Карл Мебеус енгізген. Экожүйелерді ажырату (шекараларын анықтау) кезінде физиономиялық, таксономиялық және экологиялық болып бөлінетін, ерекшелендіруші белгілердің бірін таңдап алу мәселесі пайда болады. Экожүйелердің ең шағын өлшем бірлігін- биогеоценозды тағайындап алғаннан соң, экожүйелердің иерархиялық қатарын құруға болады. «Биогеоценоз» терминін осы мағынада қолдана отырып, біз экожүйе мен биогеоценоз арасындағы теңдік белгісін экожүйелер иерархиясының ең төменгі сатысы үшін ғана қалдырамыз. Бұндай деңгейлердің әрқайсының болуы оның ерекше (өзіне ғана тән) факторларының әсерімен анықталады. Факторлардың масштабы төменгі деңгейлерден жоғарғы деңгейлерге көтерілген сайын ұлғая түседі:

Биосфера ← космостық фактор Құрлық және мұхит экожүйелері ← геологиялық фактор Биогеографиялық облыс ← эволюция факторы Биом ← климаттық климакс факторы (аймақтық климат) Ландшафт ← рельеф (жер бедері) факторы Биогеоценоз ← эдафиялық климат (мезоклимат) факторы.

Қауымдастықтарды климаттық климакс күйінде сақтап тұра алатын адамдардың проценттік үлесі әр облыс үшін әртүрлі. Экожүйелердің әр иерархиялық деңгейін тек өзінен төмен тұрған бөлімшелердің басын біріктіруші жүйе ретінде ғана емес, сонымен бірге оны өзіне тән барлық қасиеттерді толығымен иеленуші дербес экожүйе ретінде де қарастыру қажет. Биотоп көлеміне қарай әртүрлі дәрежедегі экожүйелерді ажыратуға болады. Айталық, биогеоценоз- ең төменгі дәрежедегі экожүйе (егер) болса, биосфера- ең жоғарғы, яғни бірінші дәрежедегі экожүйе.

Бақылау сұрақтары;

1. Биосфера. биосфера түсінігі. В.И.Вернадский ілімі.

2. Ноосфера түсінігі.

3. Биосфера құрылысы

4. Атмосфера, гидросфера, литофсфера түсініктері

5. Биосферада тіршілік қалай пайда болды

6. Биогеоценоз түсінігі

7. Атмосфераның төменгі қабаттың құрамы

8. Адам, жер, су биосферасы

3 ЛАСТАНҒАН ГАЗДЫ АУАНЫ ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ Атмосфера маңызды сарқылмайтын экологиялық ресурс екені ақиқат. Қаншалықты сарқылмайтын болса да біз бұл ресурсты тиімді пайдаланып, қорғай білуіміз қажет. Таза күйінде біздің тіршілігімізге өте қажетті айырбасқа жатпайтын ресурс. Ауаның тазалығымен адам баласының денсаулығы байланысты. Ауаның тазалығы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де, бізді қоршаған басқа да объектілерге қажет. Мысалы, ауа таза болмаса металдардан және басқа материалдардан жасалған конструкциялар, үйлер, ғимараттар коррозия тағы басқа процестерге ұшырап зақымдалады, тез ескіріп істен шығады. Осыған байланысты атмосфераның барлық қабаттарындағы энергия мен ауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырып, қорғап отыру әр өндірістің міндеті. Зиянды заттектердің ауадағы мөлшерін азайтудың ең тиімді жолдарының бірі қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірістерді және технологиялық процестерді іске қосу, ауа тазалайтын істегі қондырғылардың тиімділігін арттыру, ауаны жарым-жартылай рециркуляциялау арқылы тұйықты ауа айналымдарын енгізу. Осы уақытқа дейін ауаға тасталатын зиянды шығарындылардың көлемін азайту үшін негізгі газ тазалау жүйесін енгізу болып саналады. Әсіресе жаңадан қолдануға бағытталған өнеркәсіп агрегаттары шаң және газ ұстайтын құралдармен жабдықталғаны дұрыс. Зиянды қоспаларды ұстау және залалсыздандыру тәсілдеріне және газ тазалайтын құралдардың конструкцияларына қарай газ тазалау техникасы әралуан болып келеді. әдістер мен технологилық және желдеткіштік газды шығарындылардың топтастырылуы 1-кестеде көрсетілген.

Газды шығарындыларды тазалау әдістері мен аппараттары

Шаңнан тазалау

әдістер


Тұманнан тазалау әдістер

Газ және газ тәрізді ластағыштардан тазалау әдістері

Шаңнан, тұманнан, газдан тазалау

Құрғақ

Ылғалды

Электрлік

Адсорбция

Абсорбция

Катализ

Термиялық

Көпсатылы тазалай

тын аппарат

тар


Құрастырған !

Электр сүзгіш

тер


Адсорбер

лер


Абсорбер

лер


Реакторлар, нейтрализаторлар

Пеш

тер, шілтерлер



Құрғақ шаң ұстағыш, сүзгіштер

Ылғал шаң ұста ғыштар, газ жуғыштар

1- кесте Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру.

Аэрозолдарды (шаң мен тұман) ұстайтын жүйелердің топтастырылуы оларда жүретін процестердің ерекшеліктеріне негізделген. Ауаны тазалауға арналған құралдар 4 негізгі топқа бөлінеді:

құрғақ шаң ұстағыштарға

ылғалды шаң ұстағыштарға;

маталы сүзгіштерге

электрсүзгіштерге

Шаңның түріне, оның физикалық – химиялық қасиетіне, дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне, шығарындының температурасына, қажетті тазалау дәрежесінің деңгейіне байланысты осы құралдардың ішінен белгілі бір үлгісі таңдалады. Құрғақ шаң ұстағыш аппараттарында қалқыма бөлшектерді тұндыру (ұстау) әртүрлі механизмдерге: гравитациялық (салмақ күші әсерінен), инерциялық, сыртқа тепкіш және сүзгіштік негізделген. Ылғалды шаңұстағыштарда қалқыма бөлшектер сұйықтармен, көбінесе сумен түйістіру арқылы тұндырылады. Электрлік тазалау әдісі жоғары қуатты электр майданында газды иондандырып, зарядталған шаң бөлшектерін электрсүзгіштерің электродтарында тұндыруға негізделген. Газды оның құрамындағы газ және бу тәрізді қоспалардан айыру үшін абсорбция, адсорбция, катализдік және термиялық әдістер кеңінен қолданылады. Экологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, тазалайтын құралдардың негізгі маңызды көрсеткіші тазалаудың нәтижелілігі:

η=(Cқ-Cш)/Cқ

бұл жерде Cқ және Cш – газдағы тазалауға дейінгі және тазалаудан кейінгі қоспалардың массалық мөлшері.

Тазалау аппараттарының ең маңызды сипаттамасы болып аэродинамикалық қарсылық шамасы (газ ағымының кірердегі және шығардағы қысымдарының арасындағы айырмашылығы) саналады. Тазалау сапалығы, электр энергиясының шығыны, газ тазалайтын агрегаттарды істетуге жұмсалатын қаржы көлемі және т.б. осы көрсеткішке тікелей байланысты. Газды шаңнан тазалағанда есепке алынатын шаңның физикалық-химиялық сипаттамаларына жататын көрсеткіштер: оның тығыздығы, фракциялық құрамы, адгезиялық қасиеті, дымқыл тартқыштығы, сулануы, электрлік қасиеті, өзінен-өзі жану және жарғыштық қоспалар түзу қабілеттілігі. Шаңдар дисперсиялылығына қарай бес топқа бөлінеді:

1) өте ірі дисперсті, диаметрі d50>140 мкм бөлшектерден тұратын шаңға;

2) ірі дисперсті, d50 =40-140 мкм;

3) орта дисперсті, d50 =10-140 мкм;

4) ұсақ дисперсті, d50 =1-10 мкм;

5) өте майда дисперсті, d50=<1мкм.

Шаңның жабысқақтығы дымқылданған сайын өсіп отырады және ол дисперсиясына да байланысты келеді. 4-ші мен 5-ші топқа жататын шаң бөлшектері жақсы жабысатындарға, 2-ші және 3-ші топтағылар орташа жабысатындарға, 1-ші дисперсиялық топтағы болымсыз жабысатындарға жатады. Шаңды құрғақ әдіспен ұстау үшін шаңтұндырғыш камералар, инерциялық шаңұстағыштар, жапқыш (жалюзиялық) аппараттар, циклондар, ротациялық және құйын тәрізді шаңұстағыштар, сүзгіштер және электрсүзгіштер қолданылады. Газды дымқылды әдіспен шаңнан тазалау үшін қолданылатын жабдықтарға Вентури скрубберлері, көбік аппараттары, бүріккіштік (форсункалық) скрубберлер және т.б. жатады. 2 – 3- ші суреттерде кеңінен қолданылатын шаңды құрғақ және ылғалды әдістермен тазалауға арналған кейбір жабдықтардың үлгілері келтірілген.

СУРЕТ СКУБЕРЛЕР

32 страница

2 – 3- ші суреттерде кеңінен қолданылатын шаңды құрғақ және ылғалды әдістермен тазалауға арналған кейбір жабдықтардың үлгілері келтірілген. А-шаңтұндырғыш камера: 1-сыртқы корпусы, 2-шанап, 3-шымылдық; Б-инерциялық шаңұстағыш: 1- сыртқы корпусы, 2- шымылдық; В-жалюзды шаңұстағыш: 1-корпус, 2-тор; Г-циклон: 1-сыртқы корпусы, 2-ластанған газ шығатын келте құбыр, 3-тазаланған газ шығатын құбыр, 4-шаң жинайтын шанап.

Сурет-2 Құрғақ әдіспен газдардағы шаңды ұстайтын аспаптар Шаң ұстағыштарды таңдағанда және пайдаланғанда негізге алынатын параметрлердің бірі тазаланатын газдың көлемі. Шаң ұстағыштар арқылы өтетін газдың жылдамдығы (м/с) олардың түріне байланысты: циклондар үшін – 3-6; мультициклондарда – 6-12; электросүзгіштерде – 1,5-3; маталы сүзгіштерде – 0,005-0,3; скрубберлерде – 1-4. Ал газдардың тазалауында елеулі рөл атқаратын фактордың бірі олардың ылғалдылығы. Егерде дымқылдылығы 20%-тей (көлемдік) немесе одан жоғарғы болса шаң ұстағыштардың ішінде су буы конденсациялануы мүмкін. Осы жағдайда мата фильтрлері балшық қабығының пайда болуына байланысты істен шығады, ол циклондар мен электрлік сүзгіштердің жұмыс істеуін де қиындатады. А-бүріккіштік (форсундық) скруббер: 1-корпус, 2-бүріккіш; Б-Вентури скруббері: 1-бүріккіщ, 2- тамшы ұстағыш Сурет-3 Шаң ұстағыш скруббер аппараттарының үлгілері Газ шығарындыларын шеберлі түрде тазалау мақсатында әр түрлі сүзгіштер түрі қолданылады. сүзгіш элементтер ретінде жұқа маталардан бастап металдан немесе керамикадан жасалған тесілген (перфорацияланған) материалдар пайдаланылады. Ең кеңінен қолданылатын матадан жасалған қолқапты сүзгіш. Оның пайдаланғаннан кейін сүзгіштік қабілетін орнына келтіру үшін қолғапты әлсін-әлсін сілкіп және желдетіп отырады. Қолғапты сүзгіштердің тазалау нәтижелілігі 99% -ке дейін болады.

33 СТРАНИЦА

Ылғалды сүзгіштердің майда дисперсті шаңдарды тазалау нәтижелілігі өте жоғары, бұл әдіспен ыстық және жарылғыш қауіптілік тән газдарды тазалауға болады. Газ шығарындыларын қышқылдың, сілтінің, майлар мен басқа сұйықтықтардың тұманынан тазалау үшін ылғалды электр-сүзгіштер және талшықты немесе торлы тұманұстағыштар сүзгіштер қолданылады. Ылғалды электрсүзгіштердің тазалап принципі құрғақ электрсүзгіште жүретін процестерге ұқсас келеді. Теріс зарядталған бөлшектер электр тоғының әсерінен тұндыратын электродтарға жылжыйды, ал оң зарядталған бөлшектердің шамалы бөлігі негізгі (корондаған) электродқа барып тұнады. Талшықты сүзгіштерде ұсталған тұман сұйықтыққа айналып отырады. Газды газ және бу тәрізді ластағыштардан тазалау үшін негізінде 4 тазалау тәсілі: шығарындыларды еріткіштермен немесе ерітінділермен жуу (абсорбция), қатты активті заттармен қоспаларды сіңіру, катализаторларды пайдалану арқылы қоспалардың түрін өзгертіп сіңіру және шығарынды газдарды термиялық түрде нейтралдау қолданылады. Ұшпа еріткіштердің буын ұстауға конденсация (сұйық түрге айналдыру) тәсілі қолданылады. Бұл әдіс температураны төмендету арқылы еріткіштің қаныққан буының қысымын азайтуға негізделген. абсорбция тәсілінде кейбір газдағы компоненттерді бөліп алу үшін газ тәрізді қоспаны абсорберлер (3-ші сурет) арқылы жібереді. абсорберлер ретінде орнатылған мұнара, себелегішті, барботажды-көбікті скрубберлер және басқа да аппараттар қолданылады. Қолданылған ерітіндіні регенирациялау арқылы ласттанған заттектерден айырып қайтадан тазалау процесінде немесе қосалқы өнім ретінде пайдаланады.

Адсорбциялық тәсілдерде адсорбентер көмегімен газды қоспалардан кейбір компоненттерді бөліп алады. Адсорцияның екі түрі – физикалық және химиялық (хемосорбция) болады. Физикалық адсорцияда сіңірілетін газ молекулалары қатты дененің бетінде молекулааралық тарту күшімен ұсталынады. Ал хемособцияда адсорбент адсорбцияланатын газбен химмялық реакцияға түседі. Адсорбенттер ретінде уақ тесікті материалдар: активтелінген көмірлер, силикагель, алюмогель, цеолиттер, т.б. қолданылады. Тазалау процесі адсорбенттермен толтырылған вертикалды (тік), горизонталды (көлденең) немесе сақина тәрізді ыдыстарда өткізіледі. Кеңінен оқтын-оқтын (кезеңдік түрде) істейтін адсорберлер қолданылады, ондағы пайдаланылған сіңіргіш қажеттілігіне қарай ауыстырылып немесе регенерацияланып отырылады. Адсорбцияланған заттектерді десорбциялау үшін интернетті газ немесе бу, кейде термиялық регенерация қолданылады. Каталитикалық жолмен тазалау тәсілдеріне улы компоненттер улы емес түрге немесе улылығы төмен түрге катализаторлардың қатысуымен жүрген химиялық реакциялардың нәтижесінде айналып отырады. Тазаланатын газдарда католизаторларды уландыратын заттектер болмауы қажет. катализаторлар ретінде металдар (платина, палладий, мыс) немесе олардың қосылыстары (мыс, марганец және т.б. оксидтері) қолданылады. Осы бағытта жиі қолданылатын аппараттар тобына термокаталитикалық реактор жатады, олардың бір корпусында жылу рекуператоры, жылытқыш және ұштастыру торабы біріктірілген. Электржылытқышы бар термокаталитикалық реакторлар бояуланған бұйымдарды кептіретін кептіргіш камераларынан шыққан және де басқа өндірістерінің газды тастандыларындағы органикалық заттектерден тазалау үшін қолданылады.34 СТРАНИЦА

Сурет-4 Абсорбер (а) мен адсорбердің (б) үлгілері а: 1-абсорбент; 2-тазаланған газ; 3-салма; 4-тор; 5-ластанған газ; 6-канализацияға лақтырынды. б: 1-тор; 2-адсорбент; 3-тазаланған газ; 4-ластанған газ. Термиялық тәсілдерге оттектің қатысуымен және газды қоспаның температурасының жоғары болуына байланысты тотығу процесі жүру нәтижесінде улы компоненттер улылығы төмен түрге айналады. Бұл әдістер көп көлемді және жоғары концентрациялы ластағыштары бар шығарынды газдарды оңай тотығатын улы қоспалардан айыру үшін үш негізгі термонейтралдау жолдары пайдаланылады. Оларға жалында тікелей жағу, термиялық тотығу және каталитикалық жағу жатады.

Көп сатылық тазалау және залалысыздандыру процесі шығарынды газдардың құрамы күрделі, сонымен қатар ондағы улы заттектердің көлемі өте жоғары болғанда жоғарыда қарастырылған әр түрлі әдістер мен аппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Зиянды шығарындылардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендету үшін жоспарланып атқарылған шаралардың маңызы өте зор. Бұларды қарастырғанда ластанған ауаның адам организімінде туғызатын қолайсыз жағдайларды болдырмауға бағытталатынын ескерген орынды.

Бақылау сұрақтары:

1. Газды шығарындыларды тазалау әдістері мен аппараттары

2. Шаңды құрғақ және ылғалды әдістермен тазалауға арналған қондырғылар

3. Шаң ұстағыш скруббер аппараттарының үлгілері

4. Абсорбер үлгілері

5. Газды газ және бу тәрізді ластағыштардан тазалау



4 ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ

Қазіргі экологиялық қиындықтар көктен түскен жоқ, адамдардың өз қолдарынан жасалған, келешекті ойламай, бүгінгі күннің әуресінің нәтижесі. Әр мемлекеттің экологиялық жағдайы сол мемлекеттің басқару орындарымен және олардың жүргізіп отырған саясатымен тығыз байланысты болады. Басқа мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасында да қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын пайдалану, азаматтарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін мемлекет тарапынан басқаратын, іске асыратын, бақылау жасайтын, жауапқа тартатын мемлекеттік органдар бар. Олар Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесі, Министрлер кабинеті, Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер және жергілікті әкімдер. Қазақстан Республикасының Ата заңында конституциясында жерге, жер қойнауы байлықтарына, ормандарға, суларға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне табиғаттың басқа да байлақтарына иелік ету хұқығы Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесіне берілген. Оған мемлекеттік экологиялық саясатты білгілеп, табиғи ортаны, биосфераның жеке бөлшектерін қорғау туралы заңдар шығарып, қоршаған ортаны сақтау және пайдалану жөнінде халықаралық қарым-қатынас жасап, табиғат қорғау заңдарының орындалуын бақылау жүктелген. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқаратын саны көп, құрамы күрделі мемлекеттік орындар жұмыс істейді. Олардан басқа қоршаған ортаны қорғауға қоғамдық ұйымдармен азаматтар бірлестіктеріде қатысады. «Жасыл» және «көгілдір» табиғат қорғау ұйымдары, «табиғат достары» мен «гринпис» қозғалысы мүшелері бүгін үлкен күшке айналып, олардың талаптары мен ұсыныстарына түрлі дәрежедегі мемлекеттік шенеұніктер құлақ асуға мәжбүр болды.



4.1 Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы

Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер Қоршаған орта сапасына қарай тазаға немесе комфортты (адамдардың дені саулығына қарай)және зиянды (адам денсаулығы нашарлаған) ортаға бөлінеді. Егер де адамдар ортамен байланысқанда олардың денсаулық жағдайлары қайтымсыз өзгеріске ұшыраса, мұндай ортаны экстремалды деп атайды. Осыған орай біздің еліміздің тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін қоршаған ортаның сапасын барлық уақытта бақылауда ұстау қажет. Ол үшін қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапаының стандарттары жасалған.

Стандарт экологиялық және өндірістік – шаруашылық болып бөлінеді. Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы әсер нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқұқтық статус алған антропогендік жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар әлеміне оларды құртатын әсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық әралуандылық пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталынылады. Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге (топтпрға) бөлінеді: санитарлық – гигиеналық, экологиялық (өндірістік- шаруашылық), қосалқы. Ол мына суретте көрсетілген.

Ол мына кестеде көрсетілген.

ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ

Санитарлық-гигиеналық

Экологиялық

Қосалқы

Зиянды химиялық заттектердің ШРК

Шығаранды мен төгінділердің нормативтері

Терминология нормативтері

Физикалық әсердің ШРМ

Шу мен дірілдің нормативтері

Ұйымдастырушылық нормативтері

Биологиялық заттектердің ШРК

Биологиялық ластанудың нормативтері

Заңдылық нормативтер

Радиацияның ШРД

Радиация нормативтері




Тағам өнімдеріндегі химиялық заттектердің ШРК

Шаруашылықта химиялық заттектердің қолдану нормативтері




Санитарлық сақтау белдемінің нормативтері

Құрылыстық, қала құрылысының ережелері




Санитарлық – гигиеналық нормаларға - адамды қоршаған ортаның санитарлық – гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық- гигиеналық нормативтерге зиянды заттектердің (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентрациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі жатады. Бұларды сақтау адам өміріне қолайлы денсаулығына қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді. Экологиялық нормативтер тобына – экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқұқтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады. Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде. Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау » заңына сәйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациялар (ШРК немесе ШРМ) нормативтерін, радиация, шу, діріл, магнит өрістері әсерінің шекті рауалы деңгейлер (ШРД) нормативтерін, зиянды заттектердің тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер (көкөністегі нитраттар, ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет