2 биосфера. Биосфера түсінігі. Биосфера қҰрылысы. Биогеоценоз 3 ластанған газды ауаны тазалау әдістері мен қондырғылары 4 табиғи ортаны қОРҒауды басқару



бет6/8
Дата21.12.2019
өлшемі0,84 Mb.
#53892
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bb9f9aef


Бақылау сұрақтары:

1 «Озон қабаты» түсінігі

2 Парниктік эффект деген ұғымды түсіндір

3 Парниктік эффект мәселесін шешу жолдары



7 ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЙЛЫҒЫ

Табиғат – біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты күрделі құбылыстардың жиынтығы. Олардың біреуінде болған жағымде не жағымсыз өзгерістер басқаларына әсер етпей қоймайды. Егер өте ыстық жаз күндерінде бір экологиялық жүйеге күн көзінің радиациясы зиянды әсер етсе, бұл құбылыс басқа экологиялық жүйеде де ізсіз қалмайды. Осының салдарынан әртүрлі табиғат ресурстарында өзгеріс болады. Ауаның атмосферасы жоғарылайды, топырақ сыртқы бетінің температурасы көтеріліп, тезірек кебеді, өзендер, көлдер құрғап, өсімдіктердің көпшілігі солып кетеді, жайылымдардың өнімділігі кенет төмендейді. Ал келесі жылдарда шөппен қоректенетін жануарлардың мүлдем азайып кетуіне байланысты, жыртқыштар аштықтан өле бастайды. Сөйтіп табиғаттағы экологиялық тепе-теңдік бұзылады. Ортаға бейімделуде жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық қасиеттерін сақтаудың зор маңызы бар. Әдетте жергілікті табиғат жағдайына бейімделген жануарлар мен өсімдіктердің өнімділігі жоғары, олар жұқпалы ауруларға беріле қоймайды, қатал табиғат жағдайларына тез көндігеді. Сол сияқты көлдер, тоғандар да өздеріне тән жануарлар мен өсімдіктер өмірі бар экологиялық жүйенің бір түріне жатады. Олардағы тіршіліктің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, көлдерде балықтардың түр-түрінің шамадан тыс көп болуы, яғни көлдегі қоректік жемдер қорына сәйкес келмеуі, олардың өнімділігін төмендетеді. Ал шөппен қоректенетін ақ ашур, дөң маңдай балықтары үшін суларда шөптің аз болуы олардың өсіп өнуіне нұқсан келтіреді. Су жануарлары үшін олар өсетін ортада оттегінің болуы басты шарт. Саялы қалың ормансыз, айдынды шалқар көлсіз, құнарлы егістіксіз, шұрайлы жерсіз, түрлі жабайы жануарларсыз, тағы да басқа табиғаттың асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеу шын мәнісінде ілгері шарықтай алмайды. Міне, сондықтан да біздің заманымызда, әсіресе, табиғатты қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай өте ұқыптылықпен, жан- ашырлықпен орынды пайдалану керек екені маңызды мәселеге айналып отыр. Адамның өмір сүруі үшін табиғат байлықтары керек. Бірақ олар адам еңбегінің күшімен жасалмаған және адамға тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы табиғат байлығының көмегімен материалдық байлық жасайды. Республикамыздың табиғатының бай да, көрікті жерінің байтақ болуы онда малдың, аңдар мен құстардың мейлінше көбейе беруіне өте қолайлы жағдай туғызады. Табиғаттың көзге көрініп жатқан байлықтарына топырақ, су, өсімдік, орман, құс, аң, жануарлар жатады.

Қазақстан басты байлығының бірі – жануарлар. Жайылымы мол, жері кең, өзен-көлі көп өлкеде үйір-үйірімен құлан, марал, киік, елік, бұғы сияқты ірі сүт қоректі аңдар, жолбарыс, аю, қасқыр сияқты жыртқыштар, сусар, жанат, түлкі, қарсақ сияқты терісі құнды аңдар, аққу, қаз, үйрек сияқты су құстары кездеседі. Республика жеріндегі тау-тас, орман-тоғай, шөп пен су сияқты аңдар мен құстар да адамзаттың қажетін өтеп, сән-салтанатын жарастырып отырады. Мұндай табиғат ресурстарына Қазақстан жері ежелден бай. Жалпы табиғат ресурстарының қоры сарқылмайтын және сарқылатын болады. Сарқылатын ресурстар қатарына адам еңбегінің белгілі бір даму кезеңінде өз қорын түгелдей жаятын қорларды жатқызамыз. Оған жануарлар түрлері, балықтар, т.с.с жатады. Бірақ оларды қалпына келтіруге болады. Сарқылмайтын табиғат ресурстарына космостық ресурстар-күн көзінің радиациясы, космостық радиотолқындар, теңіз ағыстары; климаттық ресурстар- ауа, жел энергиясы, су энергиясы, т.б жатады. Халықтың шаруашылық қажетіне байланысты жұмыстары табиғат ресурстарын пайдаланумен қатар, оны мол мөлшерде ластау, табиғат ресурсының қандай түріне болса да зиянды әсер етеді. Планетамызда адам санының өсуіне байланысты табиғат ресурстарын молынан пайдалану-олардың қоры сарқылмайды деген ұғымның ескіріп бара жатқанын, сондықтан қандай жағдайда болса да, оған өте ұқыпты, үнемшілдік көзқараспен қарау керек екендігін мойындатып отыр.

7.1 Табиғат байлығына адамдардың әсері

Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттың әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиясымен қарулануының артуы жаңа заттар жасап, өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді.

Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенің зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың физикалық, химиялық немесе биологиялық қасиеттерінің біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін. Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары. Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судың көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16%. Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері бар. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өндірісін машиналар мен құрал-саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы-жерге әсерін тигізетін қуатты техниканы абайлап қолдануды қажет етеді. Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамытады, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әлауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағына жағынан еш уақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі. Егер бір жылда жер қайнауынан алынған минералдық ресурстарды вагондарға артатын болсақ, ол поездың ұзындығы жер шарын 16,5 есе алған болар еді. Шын мағынасында жаңағы табиғаттан алынған барлық шикізаттардың қоғамның пайдасына қоршаған ортаға тек бір проценті ғана пайдаланылады да, ал қалған барлық бөліктері экологиялық уланған күйінде лақтырылады. Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты қорғау деген орынды сұрақ туады. Объектівті шындық осындай.

7.2Табиғатты пайдалану төлемдері

Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байланысты заңдылық айналадағы табиғи орта-адам өмірі мен денсаулығына қатысты оның байлығын дұрыс пайдалана білсе, ол сарқылмайтын игілік көзі болмақ. Бірақ, ол қоғам мемлекет тарапынан әлемдік мәні бар жәйттерді ескере отырып, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қатынастарды реттеуді талап етеді. Бұл ретте қоғам табиғи байлықты ұтымды пайдалану, оның сапасын арттыру, жаңарту, табиғи ортаны бүгінгі және келешек ұрпақтардың мүддесі үшін қорғау шараларын жүзеге асыруды міндеттейді. Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол-барлық басқа заңдардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау. Жер, жер қайнауы және минералдық шикізатты ұқсату. Су, орман кодекстері. Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды. Олардың нарықтық экономиканың өтпелі кезіндегі талаптарына сай қызмет ететін сапалық деңгейі қарастырылған. Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамның күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени-эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есетінен тегін қанағаттандыру. Табиғатты жалпы пайдалану үшін табиғи ресурстар жекелеген азаматтарға бекітіліп берілмейді. Кейбір реттерде арнайы уәкілдік берілген органдар мен жергілікті өкілетті органдар табиғатты жалпы пайдаланудың өзге шарттарын белгілеуі мүмкін. Табиғатты арнайы пайдалану – бұл табиғатты, оның қорын пайдаланушылардың әлеуметтік және экономикалық мұқтаждықтарын табиғи қорлар есебінен ақы төлеп қанағаттандыру. Табиғатты арнайы пайдаланудың шарттары дегеніміз – табиғат объектілерін нақтылы игерудің нысаны. Оны іске асыру үшін табиғи ресурстарды арнайы пайдаланудың негізгі шарттары – табиғи ресурстарды пайдаланатын немесе айналадағы табиғи ортаға ықпал жасайтын кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдар мен азаматтарға, олардың меншік нысанына қарамастан, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін; айналадағы табиғи ортаға ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлем-ақы белгіленеді. Табиғи ресурстарды арнайы пайдалануға берудің және айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтаудың ережелері табиғат қорғау заңдарымен және табиғатты пайдалану туралы шартпен шегенделеді.

Табиғатты пайдалану туралы шарт табиғатты пайдаланушылар көздеп отырған шаруашылық немесе өзге де қызметте және осы орайда қолданылатын технологияға экологиялық сараптаманың қорытындылары болған жағдайда жасалады. Бұл шартта мынадай ережелер көрсетілуі тиіс:

-шаруашылықты жүргізуге және өзге де қызметке жол беруге болатын экологиялық талаптар;

-пайдаланатын табиғи ресурстар мен оларды тұтыну лимиттері негізінде жасалатын тізбе мен жылдық көлем;

-табиғи ресурстарды пайдаланғаны және айналадағы табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдердің төлеу мерзімі мен мөлшері;

-табиғи ресурстардың жалпы пайдаланудан шығып қалуына байланысты оларды жаңғыртуға арналған төлемдердің мерзімі мен мөлшері;

-ілеспе табиғи ресурстарды қорғау тәртібі, соның ішінде жерді рекультивациялау тәртібі;

-өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырудың көлемі мен тәртібі, оларды орналастырғаны үшін төлемдерді төлеу мерзімі мен мөлшері;

-табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаған, айналадағы табиғи ортаны лимиттен тыс тұтынып ластағаны үшін айып салып жазалауды қолданудың шарттары мен тәртібі;

- қолданылатын технологияға ерекше талаптар;

- берілетін жеңілдіктер;

-тараптардың шарт талаптары мен ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі;

- шарттың күшіне ену мерзімі



7.3 Табиғатты қорғау

Қоғамның дамуындағы әр формация табиғатқа әртүрлі деңгейде әсер етті. Алғашқы қоғамдағы адамдар табиғатта тек қана физиологиялық қажеттерін өтеу үшін ғана пайдаланды. Олар негізінен тіршілігін сақтау үшін өсімдік жемісін жинау, балық және аң аулаумен ғана айналысты. Ол кездегі адамның табиғатқа ықпалы онша байқалмайтын. Адамның азғантай әсері табиғатқа айтарлықтай нұқсан келтірмейтін, табиғаттың даму ырғағы ауытқамай жалғаса беретін. Бертін келе малды қолға үйрете бастады. Бұл енді табиғатқа әсерін тигізді. Жайылымдарда мал табындарының топтасуы жабайы аңдарды қоныс аударуға мәжбүр етті. Жер өңдеудің шығуы табиғаттың одан әрі өзгеруіне әкеп соқты.

Егістік үшін жер жырту, ағаштарды кесу, қуаңшылық аймақтарды суландыру, жер бедерін өзгертуі. Мұндай егіншілік ошақтары алғаш рет Қытайда, Солтүстік Үндістанда, Орта Азия т.б жерлерінде пайда болды. Егіншілік ошақтары негізінен өзен жағаларындағы топырағы құнарлы жерлерде, сипаттарға, жазық жоталарда және беткейлерде дами бастады. Табиғатқа аса ірі өзгеріс енгізуге себеп болған қуатты жеке меншік өндіріс құралдары бар капитализм заманы болды. Көп уақыт бойы адам табиғат байлықтарын таусылмайтын пайда көзі деп түсініп келді. Алайда адам қимылының табиғатқа кері әсері байқалып, кейбір пайдалы заттар таусыла бастаған соң, енді оны тиімді пайдалану қажеттілігі туды. Табиғатты қорғау проблемасы, оның байлығын тиімді пайдалану, қорын қалпына келтіру, зиянды заттардан қорғау бағытында жүреді. Табиғат байлығын халықтың мәдени, материалдық қажеттілігіне және болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсаты І орынға қойылды. Қазіргі кезде табиғат қорғау мәселесін зерттеуге арналған ғылымдар жиынтығының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Мұны әзірше “Табиғат қорғау ғылымы” деп атауға болады. Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған зор проблемаға айналып отыр. Енді бұл проблеманы шешу жер шарындағы барлық халықтың жаппай атсалысуын талап ететін жағдайға жетті. Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы

Бақылау сұрақтары:

1 Табиғат байлықтары

2 Табиғат байлықтары түрлері

3 Табиғат байлығына адамдардың әсері

4 Табиғатты пайдалану төлемдері 5 Табиғатты қорғау

8 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ТӘРТІБІ

Қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктен жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығатын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі -ШРД. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсердің ШРД. Бұл нормативті белгілейтін санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау қызметтері белгілігенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет. Радиациялық әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды.

Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар:

1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа- бөлшектер ағыны;

2) электрондар мен позитрондардың бета- бөлшектер ағыны;

3) қысқа толқынды электр магниттік гамма – сәулелері.



Альфа бөлшектер ауада небәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процесстер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін.

Альфа- бөлшектермен салыстырғанда бета- бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер денені күйдіреді, пигментация немесе денеде жара пайда болады. Рентгендік және гамма- сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, 66 оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы үш сәуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа- сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық. Адамды және қоршаған ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын объектілер болып шекті рауалы деңгейден жоғары сәулелену дозасын беретін радиациялық көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары, кәсіпорындарда, мекемелерде т.б. жерлерде қолданылатын радиактивті материалдар, аспаптар жатады. Электр магниттік сәуле – энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай өтетін және ауада ұзақ қашықтыққа дейін тарайтын иондалған гамма – сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле. Гамма – сәулелері тірі организмнің клеткалық тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей де өтуі мүмкін, немесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін т.б) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары зақымдалады. Мысалы, альфа- сәулелену беретін көздер- радий, уран, плутоний, Бэта – сәулелену көздері – стронций және иттрий, гамма – сәулелену көзі – цирконий сүйектерде жинақталады. Иондайтын сәуле мөлшеріне қарай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдықтырады. Организм арқылы өткен сәуле мөлшері 100 рентгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рентгеннен жоғары мөлшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруға шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді. Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне ғана тән сәулелену сезімталдықтары бар. Бүкіл денені өлтіретін сәулелену дозасы келесі шамалар деңгейінде: бас арқылы енсе – 2000 радиан, іштің төменгі бөлігі арқылы өтсе – 5000 радиан, көкірек қуысы – 10000рад, аяқ- қол – 20000 рад. Электр магниттік сәулеленуден қорғану үшін құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет. Интернационалдық жүйе (ИЖ) өлшем бірлігінде сәулелену дозасы зивертпен (Зв) өлшенеді ( 1Зв -100бэр, 1 зиверт 100 бэрге тең). Ішкі және сыртқы сәулелену нәтижесінде адам бір жыл ішінде орта есеппен 0,001 Зв доза алады. Адам өміріне қауіп- қатерсіз 0,35 Зв немесе 35 бэр радиация дозасын қабылдауы мүмкін. Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэтта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде яқуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауыруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдар 50 рентген мөлшеріндегі сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды. Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады. Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа-200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр-300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр-500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады. Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең-сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы болады. Екінші кезең – бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңде ламентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бұзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бұзылуы т.б). Төртінші кезең – сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады. Егер тамақ не су арқылы радиоактивті заттар адамның ішкі органдарына түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25 –30 г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиоактивті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 литр су беріп құстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдайтын дәрімен ішек-қарын тазалайды. Адам баласы сәулемен қатар әртүрлі жарақат алса (күйік, сынық т.б) онда ең алдымен жараға әртүрлі микробтар түспейтіндей етіп алғашқы көмек көрсетіледі: құсқысы келіп, басы ауырып, басы айналған сәтте этапирзин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле алғанын біле салып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин береді, сонымен қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер ішіне қан құйылған жағдайда тез қимыл жасатпай 5% хлорлы кальций ерітіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле ауруымен ауырған адамдар сорпа, әртүрлі жеміс-шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап тұз қосылған су беріп, ауруларды аз-аздап жиі тамақтандыру керек. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоакривті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы, атом қаруын 68 сынақтардан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтардың кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде авария болған кезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде. Радиоактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиоактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиоактивтік қалдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұқсат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиоактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарда белгіленген санитарлық нормаға дейін радиоактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының мәселелері миллиондаған адамдарды аттандыруда. Атом электростанциядағы аппараттарға немқұрайды қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшырауы объективтік шындық. Солардың бірі – Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиоактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 ж –1989ж дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-сы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігін радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланып атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында 69 жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар. Семей ядролық полигоны. 1995 ж Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектографиялық суреттер жер бетіндегі цезий-137 активтілігі 65-100 км/сағ болғанын көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 км/сағ байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 км/сағ құраған. Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жалғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» жән «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғары деңгегті Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған. Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 ж дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әртүрлі халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы апатында тұзды мунараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын 800-ден астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000/80 мың кюри/ өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 ж. бірқатар аномалиялар анықталған. «Үміт» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілген металл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1998 ж ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорында комиссия құрылып, бұл жағдайдың себептері анықтау мақсатында тергең жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкісінің элеваторынан құяты 200-300 кр/сағ иондаушы сәулелер шығаратын құралдар 70 табылған. Павлодар облысының құрылыс кәсіпорындарында кейбір құрылыс материалдарының түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар иондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлар мен аппаратураларымен қамтамасыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқа радиоактивті ластанған сым кабельдердің шығарылуының 3 фактісі тіркелген. Ғаламдық жауындар. 1995 ж бойында цезий-137 концентрациясы айына 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқыды. Ал жалпы β-белсенділік айына 0,4-0,95 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілген мөлшерден артық емес. Радиоактивті қалдықтар Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостын сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивті фон әртүрлі болуы мүмкін. Әрі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттін массадан тұратын территорияларда 50-60 мкр/сағ құрайды. Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды. Космостын сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 ж зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/ куб м жеткен, қалыпты мөлшері 200 Бк/куб м). Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы» заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздері қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радиациялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істейді. Қалалардағы ауаның ластануы, жердің азуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр.

Ауанын ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен. Өскемен, Лениногор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды, т.б бұрынғыға қарағанда қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өңірінің 59,6 млн га жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін тарылып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл салтын 14 млн.куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың 71 ішінде 84 млн. тонна уландырғыш, т.б жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метрді алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағ жетіп, халық денсаулығын бұзуда. Қазақстанда АЭС құрылысын салу туралы әңгіме, сонау Кеңес одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 ж бұл мәселе үкімет басқармасында қайта қаралып, оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдін өркениеттің бір бөлігі саналатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар іріктелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағы дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенмен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігін жан-жақты қаралған. Демек, АЭС құрылысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көздерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін-Қазақстан қазір АЭС салуға дайын емес деген қорытынды жасады. Күнделікті тұрмыста да түрлі тұрмыстың техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор қараудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады. Атмосфераның озон қабатынын жұқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупі туғызады. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етеді.

Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмудің тәртібі туралы ережесі бойынша:

1) Осы ереже жер қайнауына радиоактивті қалдықтарды көмудің тәртібін, оларды жер қайнауына көмуге мемлекеттік органдардан рұқсат алудың рәсімдерін айқындайды сондай-ақ бұл үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.

2) Радиоактивті қалдықтарды көму пунктері: - өз мақсаты бойынша; - сақтау пункті; - көму пункті; радиоактивті қалдықтар пунктерінің жер бетіне қарағандағы орналасқан тереңдігі бойынша: - жердегі (жер бетінде немесе одан жоғары); - жер бетіне жақын (қорғау жапқышының қуаты 10 метрге дейін, қалдықтар жер бетінен төмен орналасқан); - тереңдегі (қалдықтар жер бетінен 10 метрден аса тереңдікте орналасқан) болып жіктеледі.

3) Қазақстан Республикасының ғылым министрлігінің – ғылым академиясының жанындағы атом энергиясы жөніндегі агенттік: 72 радиоактивті қалдықтармен жұмыстар жүргізуге, соның ішінде радиоактивтік қалдықтарды көму жұмыстарына құқық беретін лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға беруді (көму пунктерін жобалау, оларды салу және пайдалануға беру, пайдаланудың өзі, арнайы өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және көму); көмілген радиоактивті қалдықтарды әрі қарай пайдаланудың мүмкіншілігі туралы, уран саласындағы тау-кен және барлау кәсіпорындарына жататын үйінділердегі баланстан тыс радиоактивті кендердің қалдықтарын қоспағанда қорытындылар беру.

4) Қазақстан Республикасының геология және жер қайнауын қорғау министрлігі: радиоактивті қалдықтарды жер бетіне жақын және тереңдегі сақтау (көму пунктерін салуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға жер қайнауын пайдалану құқығын беретін лицензиялар беруді, сондай-ақ так-кен барлау, кен- тау өңдеу жұмыстары үйінділерінің рекультивациясына бөлінетін жер қайнауы учаскелеріне лицензия беруді; мүдделі заңды және жеке тұлғаларға тау-кен үйінділерінен пайдалы минералды компоненттер алу мүмкіншіліктері туралы қорытындылар беруді жүзеге асырады.

5) Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі: радиоактивті қалдықтарды көму (сақтау пункттері жобаларының мемлекеттік экологиялық сараптамасын; лицензия алу ісінде радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму қызметімен байланысты жұмыстарға экологиялық қорытындылар беруді; радиоактивті қалдықтарды көмуге рұқсат беруді; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерінде экологиялық бақылауды жүзеге асырады.

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі: радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін салу жобаларына мемлекеттік санитарлық-гигиеналық сараптама жасауды; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін санитарлық- гигиеналық бақылау жасау; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін санитарлық- төлқұжаттар беруді жүзеге асырады.

7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті: қолданылған жер астындағы кен өндірілген жерлерді, табиғи жер асты белдеулерін пайдалануды; тау кені шығарылатын жерлердің өткелдері, ұңғымалар бұрғылауы және басқа жұмыстар көзделген сақтау (көму пунктерін салу жобаларын); радиоактивті қалдықтарды жарылыс жұмыстарын және күшті улы заттарды қолдана отырып өңдеудің технологияларын; жобалау сатысында арнаулы технологиялық жабдықтарды (қозғалмалы құрама, қысым астындағы ыдыстар, қаптар, электр жабдықтары және басқалар) 73 пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздікті, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалауды келістіруді жүзеге асырады.

8) Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі: радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерінің құрылыс жобаларын келістіруді); радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін бұйымдардың, шикізаттардың және басқа радиоактивті заттардың ұрлану мүмкіншілігінің болдырмау жағынан қорғауды және күзетуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

9) Жергілікті (облыстық, аудандық) атқарушы органдар: ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің учаске бойынша шығындарының есебі, мүдделі тараптардың келісу хаттамалары қосымшасы қоса тіркелген жер учаскесі актін ресімдеуді; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму нүктелеріне жер учаскелерін алу және беру туралы шешімдерді ресімдеуді жүзеге асырады.

10) Шаруашылық қызметінің нәтижесінде радиоактивті қалдықтармен (сақтау, көму, жинау, тасымалдау, зерделеу, зерттеу және т.б) байланысты заңды және жеке тұлғалар: құзыретті органдарды белгіленген нысанда тиісті рұқсат, ал қажет кезінде осындай жұмыстар жүргізуге лицензиялар алу үшін осындай жұмыстарды бастау жөніндегі шешімі туралы құлақтандыруға және осындай органдарға қажетті біліктілік құжаттарын тапсыруға; жер қайнауына радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктері құрылған жағдайда Қазақстан Республикасының геология және жер қайнауын қорғау министрлігінен жер қайнауын пайдалану құқығына лицензия алуға; көзделініп отырған жер алудың экологиялық және басқа зардаптарын және осы аумақ пен оның жер қайнауының келешегін есепке ала отырып жер бөлістерін ресімдеуге; орташа активті және жоғары активті қалдықтарды сақтау (көму және сұйық қалдықтарды сақтау пунктерін салу учаскелерінде жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізуге); радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктерін экологиялық талаптарға сәйкес салудың жобасын жоғарту); тұрғылықты халықтың және персоналдың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі бойынша барлық шараларды қабылдауға; радиоактивті қалдықтарды сақтау (көму пунктіне оны пайдалануға берген кезде іс-қимыл жасасу және корсервациялау мерзімін ұзартқан соң кезде санитарлық төлқұжаттар ресімдеуге; жыл сайын өкілетті органға радиоактивті қалдықтардың пайда болуы және қозғалысы туралы статистикалық есептің белгіленген нысанасында мәліметтер жіберуге міндетті.

11) Іс-қимылдың осы тәртібі бұзылған кезде жеке және заңды тұлғалар лицензиямен берілген құқықтарында тіпті оның алынуына дейін шектелуі мүмкін. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы-радиоактивті нуклидтер. Міне осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады. Сонын нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет